О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 марта 2020 года № 142 «О дивидендах на государственные пакеты акций и доходах на государственные доли участия в организациях» Күшін жойған
Басқа 0
«Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысына (ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 2020 жылғы 31 наурыз) мынадай толықтыру енгізілсін:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Үлесінің жүз проценті мемлекеттік меншіктегі «СҚ-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2019 жылдың қорытындысы бойынша жарғылық капиталдағы мемлекеттік қатысу үлесіне дивидендтер (таза табыс бөлігін) төлеуден босатылады.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.