О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 марта 2020 года № 142 «О дивидендах на государственные пакеты акций и доходах на государственные доли участия в организациях» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін: мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын: «3-1. Акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы 2020 жылдың қорытындылары бойынша шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілікте көрсетілген таза кірісінің 14,2 (он төрт бүтін оннан екі) пайызын акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуге жұмсайды.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.