О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 марта 2020 года № 142 «О дивидендах на государственные пакеты акций и доходах на государственные доли участия в организациях» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін: мынадай мазмұндағы 3-4-тармақпен толықтырылсын: «3-4. Үлесінің жүз пайызы республикалық меншіктегі «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2021 жылдың қорытындылары бойынша жылдық қаржылық есептілікте көрсетілген таза кірістің 10,6 %-ын мемлекеттік қатысу үлесіне кіріс төлеуге жібереді.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.