О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 марта 2020 года № 142 «О дивидендах на государственные пакеты акций и доходах на государственные доли участия в организациях» Күшін жойған
Басқа 0
«Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысына
толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
мынадай мазмұндағы 3-5-тармақпен толықтырылсын:
«3-5. Акцияларының жүз пайызы мемлекеттік меншіктегі «Қазақстан инжиниринг» (Kazakhstan Engineering)» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы 2021 − 2024 жылдардың қорытындысы бойынша акцияларының мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуден босатылады.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.