О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 марта 2020 года № 142 «О дивидендах на государственные пакеты акций и доходах на государственные доли участия в организациях» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін: мынадай мазмұндағы 3-12-тармақпен толықтырылсын: «3-12. Акцияларының жүз пайызы мемлекеттік меншіктегі «Ұлттық геологиялық қызмет» акционерлік қоғамы материалдық-техникалық базаны жаңарту және бағдарламалық қамтылымды сатып алу мақсатында 2023 жылдың қорытындысы бойынша акциялардың мемлекеттік пакеті бойынша таза кіріс бөлігінде дивидендтер төлеуден босатылады. «Ұлттық геологиялық қызмет» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген қаражаттың нысаналы пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етіп, есепті жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі және мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органдарды хабардар етсін.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.