Об внесении дополнений в постановление акимата Мунайлинского района от 27 ноября 2020 года № 299-қ «Об утверждении коэффициентов зонирования, учитывающих месторасположение объекта налогообложения в населенных пунктах Мунайлинского района Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 27 қарашадағы №299-қ «Мұнайлы ауданының елді мекендеріндегі салық салу обьектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы Мұнайлы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 27 қарашадағы №299-қ «Мұнайлы ауданының елді мекендеріндегі салық салу обьектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4348 болып тіркелген) қаулысына өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. «Мұнайлы аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны эталондық бақылау банкіне жариялауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Мұстафаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы 2026 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілсін.
Басқа 5. Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жеріне ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері
Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2025 жылғы «7» қараша № 232-қ қаулысына қосымша Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жеріне ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері № Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жері Аймақ коэффициенті Мұнайлы ауданы 1. Маңғыстау ауылы 2 1.2 Ақеспе, Бозжыра тұрғын үй массиві 1,85 1.3 Айрақты тұрғын үй массиві 1,95 1.4 Шерқала тұрғын үй массиві 1,85 1.5 Бесшоқы тұрғын үй массиві 1,95 2. Баянды ауылы 1,9 3. Қызылтөбе ауылдық округі 2,1 4. Атамекен ауылдық округі 1,70 5. Басқұдық ауылдық округі 1,9 6. Дәулет ауылдық округі 1,9 7. Батыр ауылдық округі 2,0