О внесении изменений в решение акима Казалинского района от 27 мая 2020 года № 97 «Об образовании избирательных участков» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Сайлау учаскелерін құру туралы» Қазалы ауданы әкімінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 97 шешіміне өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 23-бабына және «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 6-тармағына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Сайлау учаскелерін құру туралы» Қазалы ауданы әкімінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 97 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7495 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: осы шешімнің 1-қосымшасындағы № 79 сайлау учаскесі алынып тасталсын. осы шешімнің 1-қосымшасындағы № 80 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын: № 80 сайлау учаскесі Мекен-жайы: «Қызылорда облысының білім басқармасының «Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің «225 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қазалы ауданы, Қызылқұм ауылдық округі, Кәукей ауылы, Кәукей көшесі №3; Шекаралары: Қызылқұм ауылдық округінің Кәукей ауылы, Ажар елді мекені және «Жанқожа батыр», «Кәрібай бұлақ» шекара заставалары. осы шешімнің 1-қосымшасындағы № 85 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын: № 85 сайлау учаскесі Мекен-жайы: «Қызылорда облысының білім басқармасының «Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің «№ 100 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қазалы ауданы, Майлыбас ауылдық округі, Ақсуат ауылы, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы көшесі № 38; Шекаралары: Майлыбас ауылдық округінің Ақсуат ауылы, Майлыбас стансасы, № 99 теміржол бекеті және Бірлік учаскесі. осы шешімнің 1-қосымшасындағы № 87 сайлау учаскесі алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазалы ауданының аумақтық сайлау комиссиясымен