О внесении изменений в решение акима Астраханского района от 27 апреля 2021 года № 5 «Об образовании избирательных участков» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Сайлау учаскелерін құру туралы» Астрахан ауданы әкімінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Астрахан ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Сайлау учаскелерін құру туралы» Астрахан ауданы әкімінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8449 тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімнің қосымшасында: № 177, № 184 сайлау учаскелері жаңа редакцияда жазылсын: «№ 177 сайлау учаскесі Учаскенің орналасқан жері: Зеленое ауылы, Молодежная көшесі, 21, «Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Зеленое ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. Шекаралары: Зеленое ауылының аумағы, Шілікті ауылының аумағы». «№ 184 сайлау учаскесі Учаскенің орналасқан жері: Колутон ауылы, Кенесары көшесі, 12, «Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Колутон ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. Шекаралары: Колутон ауылының аумағы, Бірлік ауылының аумағы». № 176, №183 сайлау учаскелері алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Астрахан ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Астрахан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ______________ Б. Сағынаев