«О внесении изменений в приказ Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 27 сентября 2022 года № 409 «Об утверждении Правил взаимодействия государственных органов по вопросам соблюдения в сетях телекоммуникаций требований законодательства Республики Казахстан» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Телекоммуникация желілерінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша Мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 27 қыркүйектегі № 409 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Телекоммуникациялар желілерінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасасу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 27 қыркүйектегі № 409 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Телекоммуникациялар желілерінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасасу қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Телекоммуникациялар желілерінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасасу қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа қол қойылғаннан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының үшінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министірлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі
Басқа 1. Телекоммуникациялар желілерінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасасу қағидалары
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2026 жылғы _________ «___» № ___ бұйрығына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 27 қыркүйектегі № 409 бұйрығымен бекітілген Телекоммуникациялар желілерінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасасу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Телекоммуникациялар желілерінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-1-бабының 1-1-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын масс-медиада, телекоммуникация желілерінде немесе онлайн-платформаларда сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсететін персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырушылық-ретке келтірілген жиынтығы;
Тармақша 2
2) масс-медиа – бұқаралық ақпарат құралы және интернет-ресурс;
Тармақша 3
3) масс-медиа саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – масс-медиа саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 4
4) онлайн-платформа – қаржылық көрсетілетін қызметтер ұсынуға және электрондық коммерцияға арналған интернет-ресурсты және (немесе) интернет желісінде жұмыс істейтін бағдарламалық қамтылымды, және (немесе) лездік хабар алмасу сервисін қоспағанда, онлайн-платформаны пайдаланушының өзі ашқан аккаунт, жария қоғамдастық арқылы онлайн-платформадағы контентті алуға, жасауға және (немесе) орналастыруға, және (немесе) таратуға, және (немесе) сақтауға арналған интернет-ресурс және (немесе) интернет желісінде жұмыс істейтін бағдарламалық қамтылым, және (немесе) лездік хабар алмасу сервисі;
Тармақша 5
5) телекоммуникация желісі – коммутациялық жабдықтан (станциялардан, кіші станциялардан, концентраторлардан), жол-кәбілдік құрылыстардан (абоненттік жолдардан, жалғау жолдары мен байланыс арналарынан), беру жүйелері мен абоненттік құрылғылардан тұратын, телекоммуникация хабарларының берілуін қамтамасыз ететін телекоммуникация құралдары мен байланыс жолдарының жиынтығы;
Тармақша 6
6) электрондық құжат айналымы жүйесі – оған қатысушылар арасындағы қатынастар «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттелетін электрондық құжаттар алмасу жүйесі.
Тарау 2. 2-тарау. Масс-медиа, телекоммуникация желілерінде немесе онлайн-платформаларда Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасасу тәртібі
2-тарау. Масс-медиа, телекоммуникация желілерінде немесе онлайн-платформаларда Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасасу тәртібі
Тармақ 3
3. Масс-медиа, телекоммуникация желілерінде немесе онлайн-платформаларда заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы осы Қағидалардың талаптарына сәйкес ақпараттық жүйелерді немесе электрондық құжат айналымы жүйесін пайдалана отырып, олардың құзыреті шегінде жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Ақпараттық жүйелер масс-медиа, телекоммуникация желілерінде немесе онлайн-платформаларда заңды күшіне енген сот актілерімен немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен таратуға тыйым салынған немесе өзгеше түрде шектелген ақпаратты анықтау, есепке алу және оларға қол жеткізуді тоқтата тұру бойынша мемлекеттік органдар жүргізетін жұмысты жүйелеуге арналған.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде масс-медиа, телекоммуникация желілерінде немесе онлайн-платформаларда таратылатын материалдарды анықтайтын және есепке алуды жүргізетін және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзатын ақпаратты қамтитын интернет-ресурстар мен сілтемелерді осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақпараттық жүйеге енгізетін қызметкерлердің, оның ішінде ведомстволық бағынысты ұйымдардың тізімін қалыптастырады және уәкілетті органға жібереді. Осы тармақта көрсетілген мемлекеттік органдар өз қызметкерлерінің тізімін жарты жылда кемінде бір рет жаңартады және уәкілетті органға жаңартылған тізімді жібереді. Ақпараттық жүйелерге енгізілетін мәліметтер олардың заңдылық талаптарына сәйкес келеді.
Тармақ 6
6. Уәкілетті орган жарты жылда бір рет белсенділік белгілері жоқ және ақпараттық жүйені қолданбайтын пайдаланушыларды есепке алу жазбаларының тізімін қалыптастырады.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде масс-медиа, телекоммуникация желілерінде немесе онлайн-платформаларда заңды күшіне енген сот актілерімен немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен таратуға тыйым салынған немесе өзгеше түрде шектелген материалдарға мониторинг жүргізеді.
Тармақ 8
8. Мемлекеттiк органдар масс-медиа, телекоммуникация желілерінде немесе онлайн-платформаларда заңды күшіне енген сот актілерімен немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен таратуға тыйым салынған немесе өзгеше түрде шектелген материалдарды анықтаған кезде, ақпараттық жүйе арқылы уәкiлеттi органға хабарлама жiбередi. Хабарламаны жіберген кезде мемлекеттік орган ақпараттық жүйеде талап етілетін деректерді: заңдылық пен негізділікті, ақпараттық жүйеге енгізілетін мәліметтерді, олардың құқыққа қайшы екенін растайтын анықталған материалдардың скриншоттарын толық көлемде толтыруды қамтамасыз етеді.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік органдар масс-медиа, телекоммуникация желілерінде немесе онлайн-платформаларда заңды күшіне енген сот актілерімен немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен таратуға тыйым салынған немесе өзгеше түрде шектелген ақпаратты таратудың анықталған фактілерін ақпараттық жүйеге енгізеді не уәкілетті органға осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы бірінші басшының немесе оның орынбасарының қолы қойылған хабарламаны жібереді.
Тармақ 10
10. Масс-медиа, телекоммуникация желілерінде немесе онлайн-платформаларды пайдаланыла отырып заңды күшіне енген сот актілерімен немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен таратуға тыйым салынған немесе өзгеше түрде шектелген ақпаратты таратудың расталған фактілері бойынша уәкілетті орган «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында оған қолжетімділікті шектеу жөнінде шаралар қабылдайды.
Тармақ 11
11. Заңды күшіне енген сот актілерімен немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен таратуға тыйым салынған немесе өзгеше түрде шектелген масс-медиа, телекоммуникация желілерінде немесе онлайн-платформаларда таратудың расталмаған фактілері бойынша ақпараттық жүйе арқылы мемлекеттік органнан келіп түскен ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзудың жоқтығы туралы негіздемені көрсете отырып, қабылданбайды.
Басқа 1-1. Хабарлама
Телекоммуникациялар желілерінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасасу қағидаларына 1-қосымша Нысан Хабарлама «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-1-бабының 1-1-тармағына сәйкес бекітілген Телекоммуникациялар желілерінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасасу қағидаларына сәйкес, масс-медиа, телекоммуникация желілерінде немесе онлайн-платформаларда таралатын құқыққа қайшы контентті анықтау және есепке алу және осындай контенті бар интернет-ресурстар мен сілтемелерді ақпараттық жүйеге енгізу құзыретіне кіретін қызметкерлер туралы мәліметтерді жолдаймыз. № р/с Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Жұмыс электрондық поштасы Ұялы телефон Уәкілетті лауазымды адам ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ лауазым (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Басқа 1-2. Хабарлама
Телекоммуникациялар желілерінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасасу қағидаларына 2-қосымша Нысан Хабарлама «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-1-бабының 1-1-тармағына сәйкес бекітілген Телекоммуникациялар желілерінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасасу қағидаларына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңдарымен және (немесе) заңды күшіне енген сот шешімдерімен таратуға тыйым салынған ақпарат туралы мәліметтерді жолдаймыз. 1. Бұзушылық түрі 2. Қазақстан Республикасы заңнамалық актісінің нормасы 3. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзудың анықталған фактілерінің тізбесі (деректерді беру желісінде мекенжайлар, (IP-мекенжай) және (немесе) домендік атау және (немесе) интернет-ресурстың және (немесе) оның интернет-парағының сәйкестендіргіші көрсетіледі), деректерді беру желісінің интернет-ресурсы пайдаланатын хаттаманың түрі, сәйкестендіру, абоненттік құрылғының кодтары (Құрылғының MAC мекенжайы, IMEI-байланыс құралының коды): 1) ________________________; 2) ________________________; 3) ________________________; 4) ________________________ . Осы хабарламада көрсетілген мәліметтердің заңдылығы мен негізділігін растаймын. Уәкілетті лауазымды тұлға ____________________________________________________________________ лауазымы (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Ескертпе: жолдардың саны хабарламаға енгізілетін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзудың анықталған фактілерінің санына байланысты болады.
Басқа 2. Телекоммуникациялар желілерінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасасу қағидалары
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2026 жылғы ________ «___» № ___ бұйрығына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 27 қыркүйектегі № 409 бұйрығымен бекітілген Телекоммуникациялар желілерінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасасу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Телекоммуникациялар желілерінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-1-бабының 1-1-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын масс-медиада, телекоммуникация желілерінде немесе онлайн-платформаларда сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) масс-медиа-бұқаралық ақпарат құралы және интернет-ресурс;
Тармақша 2
2) масс-медиа саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – масс-медиа саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 3
3) онлайн-платформа – қаржылық көрсетілетін қызметтер ұсынуға және электрондық коммерцияға арналған интернет-ресурсты және (немесе) интернет желісінде жұмыс істейтін бағдарламалық қамтылымды, және (немесе) лездік хабар алмасу сервисін қоспағанда, онлайн-платформаны пайдаланушының өзі ашқан аккаунт, жария қоғамдастық арқылы онлайн-платформадағы контентті алуға, жасауға және (немесе) орналастыруға, және (немесе) таратуға, және (немесе) сақтауға арналған интернет-ресурс және (немесе) интернет желісінде жұмыс істейтін бағдарламалық қамтылым, және (немесе) лездік хабар алмасу сервисі;
Тармақша 4
4) телекоммуникация желісі – коммутациялық жабдықтан (станциялардан, кіші станциялардан, концентраторлардан), жол-кәбілдік құрылыстардан (абоненттік жолдардан, жалғау жолдары мен байланыс арналарынан), беру жүйелері мен абоненттік құрылғылардан тұратын, телекоммуникация хабарларының берілуін қамтамасыз ететін телекоммуникация құралдары мен байланыс жолдарының жиынтығы;
Тармақша 5
5) цифрлық жүйе - цифрлық деректерді құруды, жинауды, өңдеуді, сақтауды және таратуды қамтамасыз ету мақсатында цифрлық инфрақұрылым объектілерін пайдаланатын, сондай-ақ цифрлық орта субъектілерінің өзара іс-қимылын автоматтандыратын және (немесе) цифрлық ортада қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін функционалдық байланысты цифрлық ресурстар кешені болып табылады;
Тармақша 6
6) электрондық құжат айналымы жүйесі – оған қатысушылар арасындағы қатынастар Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексімен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттелетін электрондық құжаттармен алмасу жүйесі.
Тарау 2. 2-тарау. Масс-медиа, телекоммуникация желілерінде немесе онлайн-платформаларда Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасасу тәртібі
2-тарау. Масс-медиа, телекоммуникация желілерінде немесе онлайн-платформаларда Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасасу тәртібі
Тармақ 3
3. Масс-медиа, телекоммуникация желілерінде немесе онлайн-платформаларда заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы осы Қағидалардың талаптарына сәйкес цифрлық жүйелерді немесе электрондық құжат айналымы жүйесін пайдалана отырып, олардың құзыреті шегінде жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Цифрлық жүйелер масс-медиа, телекоммуникация желілерінде немесе онлайн-платформаларда заңды күшіне енген сот актілерімен немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен таратуға тыйым салынған немесе өзгеше түрде шектелген ақпаратты анықтау, есепке алу және оларға қол жеткізуді тоқтата тұру бойынша мемлекеттік органдар жүргізетін жұмысты жүйелеуге арналған.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде масс-медиа, телекоммуникация желілерінде немесе онлайн-платформаларда таратылатын материалдарды анықтайтын және есепке алуды жүргізетін және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзатын ақпаратты қамтитын интернет-ресурстар мен сілтемелерді осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша цифрлық жүйеге енгізетін қызметкерлердің, оның ішінде ведомстволық бағынысты ұйымдардың тізімін қалыптастырады және уәкілетті органға жібереді. Осы тармақта көрсетілген мемлекеттік органдар өз қызметкерлерінің тізімін жарты жылда кемінде бір рет жаңартады және уәкілетті органға жаңартылған тізімді жібереді. Цифрлық жүйелерге енгізілетін мәліметтер олардың заңдылық талаптарына сәйкес келеді.
Тармақ 6
6. Уәкілетті орган жарты жылда бір рет белсенділік белгілері жоқ және цифрлық жүйені қолданбайтын пайдаланушыларды есепке алу жазбаларының тізімін қалыптастырады.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде масс-медиа, телекоммуникация желілерінде немесе онлайн-платформаларда заңды күшіне енген сот актілерімен немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен таратуға тыйым салынған немесе өзгеше түрде шектелген материалдарға мониторинг жүргізеді.
Тармақ 8
8. Мемлекеттiк органдар масс-медиа, телекоммуникация желілерінде немесе онлайн-платформаларда заңды күшіне енген сот актілерімен немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен таратуға тыйым салынған немесе өзгеше түрде шектелген материалдарды анықтаған кезде, цифрлық жүйе арқылы уәкiлеттi органға хабарлама жiбередi. Хабарламаны жіберген кезде мемлекеттік орган цифрлық жүйеде талап етілетін деректерді: заңдылық пен негізділікті, цифрлық жүйеге енгізілетін мәліметтерді, олардың құқыққа қайшы екенін растайтын анықталған материалдардың скриншоттарын толық көлемде толтыруды қамтамасыз етеді.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік органдар масс-медиа, телекоммуникация желілерінде немесе онлайн-платформаларда заңды күшіне енген сот актілерімен немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен таратуға тыйым салынған немесе өзгеше түрде шектелген ақпаратты таратудың анықталған фактілерін цифрлық жүйеге енгізеді не уәкілетті органға осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы бірінші басшының немесе оның орынбасарының қолы қойылған хабарламаны жібереді.
Тармақ 10
10. Масс-медиа, телекоммуникация желілерінде немесе онлайн-платформаларды пайдаланыла отырып заңды күшіне енген сот актілерімен немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен таратуға тыйым салынған немесе өзгеше түрде шектелген ақпаратты таратудың расталған фактілері бойынша уәкілетті орган «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында оған қолжетімділікті шектеу жөнінде шаралар қабылдайды.
Тармақ 11
11. Заңды күшіне енген сот актілерімен немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен таратуға тыйым салынған немесе өзгеше түрде шектелген масс-медиа, телекоммуникация желілерінде немесе онлайн-платформаларда таратудың расталмаған фактілері бойынша цифрлық жүйе арқылы мемлекеттік органнан келіп түскен ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзудың жоқтығы туралы негіздемені көрсете отырып, қабылданбайды.
Басқа 2-1. Хабарлама
Телекоммуникациялар желілерінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасасу қағидаларына 1-қосымша Нысан Хабарлама «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-1-бабының 1-1-тармағына сәйкес бекітілген Телекоммуникациялар желілерінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасасу қағидаларына сәйкес, масс-медиа, телекоммуникация желілерінде немесе онлайн-платформаларда таралатын құқыққа қайшы контентті анықтау және есепке алу және осындай контенті бар интернет-ресурстар мен сілтемелерді цифрлық жүйеге енгізу құзыретіне кіретін қызметкерлер туралы мәліметтерді жолдаймыз. № р/с Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Жұмыс электрондық поштасы Ұялы телефон Уәкілетті лауазымды адам _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ лауазым (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Басқа 2-2. Хабарлама
Телекоммуникациялар желілерінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасасу қағидаларына 2-қосымша Нысан Хабарлама «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-1-бабының 1-1-тармағына сәйкес бекітілген Телекоммуникациялар желілерінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасасу қағидаларына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңдарымен және (немесе) заңды күшіне енген сот шешімдерімен таратуға тыйым салынған ақпарат туралы мәліметтерді жолдаймыз. 1. Бұзушылық түрі 2. Қазақстан Республикасы заңнамалық актісінің нормасы 3. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзудың анықталған фактілерінің тізбесі (деректерді беру желісінде мекенжайлар, (IP-мекенжай) және (немесе) домендік атау және (немесе) интернет-ресурстың және (немесе) оның интернет-парағының сәйкестендіргіші көрсетіледі), деректерді беру желісінің интернет-ресурсы пайдаланатын хаттаманың түрі, сәйкестендіру, абоненттік құрылғының кодтары (Құрылғының MAC мекенжайы, IMEI-байланыс құралының коды): 1) ________________________; 2) ________________________; 3) ________________________; 4) ________________________. Осы хабарламада көрсетілген мәліметтердің заңдылығы мен негізділігін растаймын. Уәкілетті лауазымды тұлға _____________________________________________________________________ лауазымы (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Ескертпе: жолдардың саны хабарламаға енгізілетін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзудың анықталған фактілерінің санына байланысты болады.