О внесении дополнений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 27 апреля 2023 года № 164 «Об утверждении форм, предназначенных для сбора административных данных в области племенного животноводства» Қолданыста
Басқа 0
«Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 164 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 164 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32424 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған «Өнімділіктің сүтті, сүтті-етті және етті бағытындағы асыл тұқымды ірі қара мал импорты» нысаны.»;
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 5-қосымшамен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Басқа 1
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрі
2025 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 509
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің 2023 жылғы
27 сәуірдегі № 164
бұйрығына 5-қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Әкімшілік нысанның атауы: Өнімділіктің сүтті, сүтті-етті және етті бағытындағы асыл тұқымды ірі қара мал импорты
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: ОАИ-1
Кезеңділігі: тоқсан сайын
Есепті кезең: 20___ жылғы ___ тоқсан
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциялары
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың бесінші күніне дейін
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі
Жинау әдісі: қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде.
№
Атауы
Тұқым
Күні
Әкелінген асыл тұқымды мал
Экспорттаушы ел
Қаржыландыру көзі
ауыл шаруа шылығы құралымы
ауданы
малдың әкелінген
карантиндеудің аяқталуы
барлығы, бас
оның ішінде
бұқашықтар
сиырлар
құнажын
қашар
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
__________________облысы
Облыс бойынша барлығы:
х
х
Атауы_________________________________________________________
Мекенжайы____________________________________________________
Телефоны________________________________________________________
Электрондық почтасының мекенжайы _______________________________
Орындаушы____________________________________________________
аты және әкесінің аты (бар болса), тегі
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
______________________________________________________________
аты және әкесінің аты (бар болса), тегі
Ескертпе: Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Өнімділіктің сүтті, сүтті-етті және етті бағытындағы асыл тұқымды ірі қара мал импорты» нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.
Басқа 8. Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Өнімділіктің сүтті, сүтті-етті және етті бағытындағы асыл тұқымды ірі қара мал импорты» нысанын толтыру бойынша түсіндірме
(индексі: ОАИ-1, кезеңділігі: тоқсан сайын)
Әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде жинауға
арналған «Өнімділіктің сүтті,
сүтті-етті және етті бағытындағы асыл
тұқымды ірі қара мал импорты»
нысанына қосымша
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Өнімділіктің сүтті, сүтті-етті және етті бағытындағы асыл тұқымды ірі қара мал импорты» нысанын толтыру бойынша түсіндірме
(индексі: ОАИ-1, кезеңділігі: тоқсан сайын)
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді жинауға арналған «Өнімділіктің сүтті, сүтті-етті және етті бағытындағы асыл тұқымды ірі қара мал импорты» нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыруға қойылатын бірыңғай талаптарды айқындайды.
Тармақ 2
2. Нысанды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциялары (бұдан әрі – ОАИ) толтырады.
Тармақ 3
3. Нысанға орындаушы мен басшы не оның міндетін атқарушы адам қол қояды.
Тармақ 4
4. Нысанды ОАИ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей ұсынады.
Тармақ 5
5. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 6
6. Нысанның 1-бағанында реті бойынша нөмірлеу көрсетіледі.
Тармақ 7
7. Нысанның 2-бағанында ауыл шаруашылығы құралымының атауы көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Нысанның 3-бағанында ауданның атауы «Стандарттаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2025 жылғы 16 қаңтардағы № 2-НҚ бұйрығымен бекітілген «Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші» ҚР ҰЖ 11 Қазақстан Республикасының Ұлттық жіктеуішке сәйкес көрсетіледі.
Тармақ 9
9. Нысанның 4-бағанында тұқымы көрсетіледі.
Тармақ 10
10. Нысанның 5-бағанында малдың әкелінген күні көрсетіледі.
Тармақ 11
11. Нысанның 6-бағанында малдың карантиндеудің аяқталу күні көрсетіледі.
Тармақ 12
12. Нысанның 7-бағанында әкелінген асыл тұқымды малдың барлығы, бас көрсетіледі.
Тармақ 13
13. Нысанның 8-бағанында әкелінген бұқашықтардың саны, бас көрсетіледі.
Тармақ 14
14. Нысанның 9-бағанында әкелінген сиырлардың саны, бас көрсетіледі.
Тармақ 15
15. Нысанның 10-бағанында әкелінген құнажындардың саны, бас көрсетіледі.
Тармақ 16
16. Нысанның 11-бағанында әкелінген қашарлардың саны, бас көрсетіледі.
Тармақ 17
17. Нысанның 12-бағанында «Ұлттық стандарттарды, ұлттық жіктеуішті бекіту және ұлттық жіктеуішті жою туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2016 жылғы 18 қарашадағы № 290-од бұйрығымен бекітілген «Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелері бірліктерін белгілеуге арналған кодтар. 1-бөлім. Елдер кодтары» ҚР ҰЖ ISO 3166-1-2016 Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеуішіне сәйкес экспорттаушы ел көрсетіледі.
Тармақ 18
18. Нысанның 13-бағанында қаржыландыру көзі көрсетіледі.