О внесении изменения в постановление акимата Курмангазинского района от 27 июня 2023 года № 173 «Об утверждении положения государственного учреждения отдел внутренней политики, культуры, развития языков и спорта Курмангазинского района Атырауской области» Күшін жойған
Басқа 0
Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 173 «Атырау облысы Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 26 бабына сәйкес Құрманғазы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 173 қаулысымен бекітілген «Атырау облысы Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесіне келесі өзгеріс енгізілсін:
Ереженің 15 тармағы 33 абзацындағы «ауданның терроризмге қарсы комиссия қызметінің жұмысын үйлестіреді;» деген сөздер алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Атырау облысы Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыдан туындаған еңбек қатынастарын және мүліктерді қалыптастыратын шараларды қабылдасын, сондай-ақ мемлекеттік мекемені мемлекеттік тіркеуден өткізсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау «Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.