О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 27 апреля 2023 года № 384 «Об утверждении Правил оказания платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) Национальным военно-патриотическим центром Вооруженных Сил Республики Казахстан и расходования им денег от реализации товаров (работ, услуг)» и признании утратившими силу некоторых приказов Министра обороны Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 384 бұйрығына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 384 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32375 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мәдениет саласында маманданатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мемлекеттік мекемесінің көрсетілетін қызметті өткізу бойынша ақылы қызмет түрін көрсетуі және көрсетілетін қызметті өткізуден түсетін ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Мәдениет саласында маманданатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мемлекеттік мекемесінің көрсетілетін қызметті өткізу бойынша ақылы қызмет түрін көрсетуі және көрсетілетін қызметті өткізуден түсетін ақшаны жұмсау қағидалары бекітілсін»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны жұмсау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің мынадай бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Мемлекеттік әскери-тарихи музейінің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрін көрсетуі және тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсауы қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 31 мамырдағы № 527 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32664 болып тіркелген);
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Мемлекеттік әскери-тарихи музейінің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрін көрсетуі және тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсауы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 31 мамырдағы № 527 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 1374 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33848 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
Тармақ 6
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Басқа 0. Мәдениет саласында маманданатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мемлекеттік мекемесінің көрсетілетін қызметті өткізу бойынша ақылы қызмет түрін көрсетуі және көрсетілетін қызметті өткізуден түсетін ақшаны жұмсау қағидалары
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2024 жылғы 14 маусымдағы
№ 625 Бұйрыққа
қосымша
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2023 жылғы «27» сәуірдегі
№ 384 бұйрығымен
бекітілген
Мәдениет саласында маманданатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мемлекеттік мекемесінің көрсетілетін қызметті өткізу бойынша ақылы қызмет түрін көрсетуі және көрсетілетін қызметті өткізуден түсетін ақшаны жұмсау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Мәдениет саласында маманданатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мемлекеттік мекемесінің көрсетілетін қызметті өткізу бойынша ақылы қызмет түрін көрсету және көрсетілетін қызметті өткізуден түсетін ақшаны жұмсау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) мәдениет саласында маманданатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мемлекеттік мекемесінің көрсетілетін қызметті өткізу бойынша ақылы қызмет түрін көрсетуі және көрсетілетін қызметті өткізуден түсетін ақшаны жұмсау тәртібін айқындайды.
Мәдениет саласында маманданатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – ҚР ҚК ҰӘПО) және оның филиалдары болып табылады.
Тармақ 2
2. ҚР ҚК ҰӘПО және оның филиалдары ақылы негізде мынадай көрсетілетін қызметтерді:
Тармақша 1
1) фото-, бейнетүсірілім жүргізу бойынша көрсетілетін қызметті;
Тармақша 2
2) мәдени, мәдени-бұқаралық, патриоттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша, оның ішінде Қарулы Күштерге ведомстволық тиесілігі жоқ жеке және заңды тұлғалармен бірлесіп көрсетілетін қызметті (жиынды, салтанатты іс-шараларды, концертті, қабылдауды, форумды, конференция мен кинотүсірілімді ұйымдастыру және өткізу);
Тармақша 3
3) жетекші шығармашылық ұжымдар көрсететін қызметті;
Тармақша 4
4) концерттік (шығармашылық, эстрадалық-би) ұжымдардың өнер көрсетуі бойынша көрсетілетін қызметті;
Тармақша 5
5) залдарды (ғимаратты, құрылысжайды, үй-жайды) беру бойынша көрсетілетін қызметті;
Тармақша 6
6) әскери оркестрдің өнер көрсетуі бойынша көрсетілетін қызметті;
Тармақша 7
7) концерттік үй-жай мен алаңдар үшін мүкәммал (жабдық) беру бойынша көрсетілетін қызметті;
Тармақша 8
8) репетиторлық көрсетілетін қызметті;
Тармақша 9
9) өткізілетін мәдени-демалыс іс-шаралары шеңберінде қонақүй қызметін ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметті;
Тармақша 10
10) фото, бейнетүсірілімді, кино (деректі және көркем фильм) түсіруді ұйымдастыру, театрландырылған қойылым, фотосессияны, имидждік, оның ішінде шынайылықпен жанасқан бейнеролик жасау үшін ашық далада әскери техника павильонын қоса алғанда, мемлекеттік мекемеде экспозициялық алаң көрсететін қызметті;
Тармақша 11
11) жоғары оқу орындарының студенттері, кино және теледидар, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері үшін, сондай-ақ әртүрлі фото және бейнеөнім жасау кезінде консультант ретінде қатысуды, сұхбат беруді және телебағдарламаны түсіріп жазуды қоса алғанда, басқа да мүдделі адамдар үшін білікті ғылыми консультация беру бойынша көрсетілетін қызметті;
Тармақша 12
12) мемлекеттік мекеме залдарының тақырыптары бойынша дәрістік қызметті, көшпелі дәрістерді жүзеге асыру бойынша көрсетілетін қызметті;
Тармақша 13
13) көшпелі көрме ұйымдастыру және өткізу бойынша көрсетілетін қызметті;
Тармақша 14
14) музейге экскурсиямен және онсыз бару бойынша көрсетілетін қызметті;
Тармақша 15
15) экспонаттардың фото-, бейнетүсірілімі, құжаттарды көшіру бойынша көрсетілетін қызметті;
Тармақша 16
16) құқық иесiнiң рұқсатымен реставрациялау жұмысы, макетті, экспонатты, қаруды және мұрағаттық құжаттарды реконструкциялау, көшiрмесiн жасау бойынша көрсетілетін қызметті ;
Тармақша 17
17) кәдесый және полиграфиялық өнімді жасау және өткізу бойынша көрсетілетін қызметті;
Тармақша 18
18) Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға ведомстволық тиесілігі жоқ жеке және заңды тұлғалардың өтінімі бойынша ғылыми жобаларды әзірлеу және мұражайлық экспозиция жасау бойынша көрсетілетін қызметті;
Тармақша 19
19) оқыту студиялары мен үйірмелерін, әртүрлі бейіндегі шеберханаларды, мұражай педагогикасы мен квестілерін ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметті ұсынады.
Тарау 2. 2-тарау. Көрсетілетін қызметті өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрін көрсету және көрсетілетін қызметті өткізуден түскен ақшаны жұмсау тәртібі
2-тарау. Көрсетілетін қызметті өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрін көрсету және көрсетілетін қызметті өткізуден түскен ақшаны жұмсау тәртібі
Тармақ 3
3. Заңды тұлғаларға көрсетілетін қызметті өткізу бойынша ақылы қызмет түрін көрсету шарт негізінде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғаларға көрсетілген қызметке жүргізілген төлемге сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген ақылы көрсетілетін қызметті өткізуден түсетін ақша «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (бұдан әрі – № 540 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) сәйкес қолма-қол ақшаны бақылау шотына (бұдан әрі – ақылы көрсетілетін қызмет шоты) түсіріледі және жұмсалады.
Тармақ 5
5. Қолма-қол ақшаны қабылдау ҚР ҚК ҰӘПО кассасы арқылы, сондай-ақ ақылы көрсетілетін қызмет шотына аудару арқылы қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Көрсетілетін қызметті өткізу бойынша ақылы қызмет түрін көрсетуден түсетін қаражат:
Тармақша 1
1) әскерге шақыру жасына дейінгі жастарды тартып, әскери-патриоттық сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге;
Тармақша 2
2) әскери-патриоттық және спорттық іс-шаралар (әскери-спорттық және спорттық жарыс пен жиын, шығармашылық және зияткерлік конкурс пен фестиваль, форум) жеңімпазы мен қатысушыларына естелік кәдесый және баспаханалық өнім, грамота сатып алуға;
Тармақша 3
3) іс-шараларға қатысушы делегация мен бірге жүретін адамдарды тамақтандыру, тұрмыстық және мәдени қызмет көрсету шығысын жабуға;
Тармақша 4
4) ҰӘПО жеке құрамы мен патриоттық іс-шараларға қатысушылар үшін киім нысанын сатып алуға және тіккізуге;
Тармақша 5
5) әскерге шақыру жасына дейінгі жастармен әскери-патриоттық және білім беру іс-шараларын өткізу үшін үй-жайды жайластыруға;
Тармақша 6
6) қосымша ақы, үстемеақы, сыйлықақы белгілеуге;
Тармақша 7
7) банктік көрсетілетін қызметті төлеуге;
Тармақша 8
8) жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың тапсырысы (өтінімі) бойынша оқыту үшін үй-жайды, көлік құралы мен жабдықты жалға алуға және оқу құралдарын, көрнекі материалдарды сатып алуға;
Тармақша 9
9) Қазақстанның және шет мемлекеттер мамандарымен бірлескен жұмыс жүргізу арқылы жеке құрамның біліктілік деңгейін арттыруды ұйымдастыруға;
Тармақша 10
10) ғимарат пен құрылысжайды реконструкциялауға, ағымдағы және күрделі жөндеуге, сондай-ақ ғимаратқа қызмет көрсету бойынша көрсетілетін қызметті төлеуге;
Тармақша 11
11) іссапар, оның ішінде шетелдік іссапар шығысына;
Тармақша 12
12) жабдықты, құралды, жиһазды, оның ішінде музыкалық аспаптарды, дыбыстық жабдықты және шығыс материалын (барабан пластигін, барабан таяқшаларын, батарея, түтін генераторына сұйықтық) сатып алуға;
Тармақша 13
13) музыкалық аспаптарды, дыбыстық жабдықты және сахналық костюмдерді жөндеуге;
Тармақша 14
14) материалдық-техникалық базаны нығайтуға;
Тармақша 15
15) мәдениет ескерткіштерін жаңғыртуға және тұрғызуға;
Тармақша 16
16) қызмет көрсету үшін тартылатын мамандардың еңбегіне ақы төлеуге;
Тармақша 17
17) оқу семинарын, тренинг, конференция өткізуге, сондай-ақ мамандардың біліктілігін арттыруға;
Тармақша 18
18) шаруашылық шығысқа (байланыс бойынша көрсетілетін қызметті, көлік және коммуналдық көрсетілетін қызметті төлеу, ағымдағы мақсаттар үшін заттар мен материалдарды сатып алуға);
Тармақша 19
19) ақылы негізде қызмет көрсету шеңберінде қажетті кеңсе және шаруашылық материалдарын сатып алуға;
Тармақша 20
20) экспонаттар мен мұражайлық құндылықты сатып алуға;
Тармақша 21
21) мұражайлық құндылықты сақтауға және реставрациялауға;
Тармақша 22
22) ғылыми еңбекті, оқу құралын, экскурсиялық мәтінді түзетуге және аударуға;
Тармақша 23
23) Қазақстан Республикасында және шетелде экспозициялық-көрме қызметін ұйымдастыруға, сондай-ақ қабылдауды өткізуге және шет елдердің көрмесін ұйымдастыруға жұмсалады.
Тармақ 7
7. ҚР ҚК ҰӘПО көрсететін қызметті өткізуден ақшаның түсуін және жұмсалуын есепке алу № 540 бұйрыққа сәйкес жүзеге асырылады.