О внесении изменений в приказ Уполномоченного по правам человека в Республике Казахстан от 27 января 2023 года № 4 «Об утверждении Правил отбора участников национального превентивного механизма» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Ұлттық превентивтік тетікке қатысушыларды іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 4 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Ұлттық превентивтік тетікке қатысушыларды іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 4 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31836 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық превентивтік тетікке қатысушыларды іріктеу қағидаларын: 4-тармақта: 5) және 6) тармақшалармен мынадай редакцияда жазылсын: «5) судьялар, адвокаттар, мемлекеттік қызметшілер және әскери қызметшілер, сондай-ақ құқық қорғау органдары және арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері; 6) психиатрда және/немесе наркологта есепте тұратын тұлғалар, және/немесе психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда динамикалық бақылаудағы адамдар ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары бола алмайды;»; 8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «8) жағымсыз себептермен мемлекеттік немесе әскери қызметтен, азаматтық қорғау органдарындағы қызметтен, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардан, соттардан босатылған немесе адвокаттар коллегиясынан шығарылған тұлғалар;».
Тармақ 2
2. Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі