О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 27 сентября 2023 года № 707 «Об утверждении описания, знаков различия, а также правила ношения форменной одежды сотрудников органов внутренних дел» Қолданыста
Басқа 0
«Ішкі істер органдары қызметкерлерінің нысанды киімінің
сипаттамасын, айырым белгілерін, сондай-ақ оны киіп жүру қағидаларын
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 707 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Ішкі істер органдары қызметкерлерінің нысанды киімінің сипаттамасын, айырым белгілерін, сондай-ақ оны киіп жүру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 707 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
Ішкі істер органдары қызметкерлерінің нысанды киімінің сипаттамасы, айырым белгілері, сондай-ақ оны киіп жүру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа қол қойылған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңңама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің нысанды киімінің сипаттамасы, айырым белгілері, сондай-ақ оны киіп жүру қағидалары
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
202__ жылғы «___»
_________ № ___
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2023 жылғы «27» қыркүйектегі
№ 707 бұйрығымен
бекітілген
Ішкі істер органдары қызметкерлерінің нысанды киімінің сипаттамасы, айырым белгілері, сондай-ақ оны киіп жүру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы бұйрық нысанды киімнің сипаттамасы, айырым белгілері, сондай-ақ оны киіп жүру қағидалары бойынша (бұдан әрі – Бұйрық) әскери-тергеу органдарын, Ұлттық ұланды қоспағанда, ішкі істер органдары (бұдан әрі – ІІО) қызметкерлерінің нысанды киімінің сипаттамасын, айырым белгілерін, сондай-ақ оны киіп жүру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Нысанды киімнің айтарлықтай белгілері түстері мен конструкцияларының үйлесімділігі, сондай-ақ айырым белгілері мен сәндік элементтер, оның ішінде погондар мен фурнитуралар болып табылады.
Тармақ 3
3. Киім нысаны – нысанды киім заттарының сыртқы белгілері бойынша біріздендірілген жиынтығы.
Тармақ 4
4. ІІО-ның қызметкерлері нысанды киімді қатаң түрде осы Қағидаға сәйкес киеді. Нысанды киімнің киілетін заттары белгіленген үлгілер мен сипаттамалар талаптарына жауап беруі, мұқият пішілген болуы және кіршіксіз жағдайда ұсталуы тиіс.
Тармақ 5
5. Қызметкерлер жұмыс уақытында белгіленген тәртіппен қызметте азаматтық киім киюге рұқсат етілген адамдарды қоспағанда, олар үшін белгіленген киім нысанын тиісінше берілген арнаулы атағына сәйкес киюге міндетті.
Тармақ 6
6. ІІО қызметкерлерінің киім нысандарының түрлері: парадтық, күнделікті және арнайы.
Жоғары басшы құрамның парадтық киім нысаны іс-шараларға қатысуына байланысты жинақталады.
Тармақ 7
7. Киім нысанының әрбір түрі жазғы, қысқы және маусымдық болып бөлінеді.
Тармақ 8
8. ІІО қызметкерлерінің ныанды киімі белгіленген киім нысандарына сәйкес:
Тармақша 1
1) парадтық – рәсімдерді орындау, парадтарға, салтанатты іс-шараларға қатысу, наградаларды тапсыру, ресми қабылдауларда, халықаралық келіссөздер мен шетелдік делегациялардың кездесулері, ІІО қызметкерлерінің ескерткіштері мен зираттарына гүл шоқтарын қою, сондай-ақ құрмет көрсету көзделген адамды жерлеген кезінде;
Тармақша 2
2) күнделікті – күнделікті қызмет атқару кезінде, қызметтік кеңестер мен жиналыстарда, ведомствоаралық жұмыс отырыстарында, қызметтік мәселелер бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу кезінде;
Тармақша 3
3) арнайы – оқу-жаттығуларда, жиындарда, далалық шығуларда, оқу орталықтарындағы сабақтарда, жедел жағдай күрделенген кезде, полигондарда, әскери жағдай енгізілген кезде, сондай-ақ ІІО басшысының нұсқауы бойынша күнделікті қызмет атқару кезінде киіледі.
Тармақ 9
9. Осы бұйрықта нысанды киім элементтерінің барлық өлшемдік сипаттамалары сантиметрмен (бұдан әрі – см) және миллиметрмен (бұдан әрі –мм) көрсетілген.
Тармақ 10
10. Нысанды киім заттарының, пайдаланылатын маталар мен материалдардың егжей-тегжейлі техникалық сипаттамаларын, олардың құрамы мен мазмұнын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ІІМ) Тыл департаменті нысанды киімнің әрбір затына тікелей техникалық сипаттама түрінде айқындайды.
Тармақ 11
11. Жетекшілік ететін қызмет нысанды киім-кешекке (мүкәммалдық мүлікке) техникалық сипаттамаларды Тыл департаментімен келісе отырып, әзірлейді.
Тармақ 12
12. Осы бұйрықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) нысанды киім – белгіленген үлгідегі нысанды және арнайы киім-кешек: киім, аяқ киім, амуниция, фурнитура, мүкәммалдық мүлік, жалпы пайдаланылатын мүлік, жылы заттар, іш киім, арнайы киім мен мүлік, спорттық киім мен аяқ киім;
Тармақша 2
2) айырым белгілері – арнайы атақтар мен ІІО-ға тиесілігін білдіретін нысанды киім жабдықтарының элементтері;
Тармақша 3
3) погондар – тиісті арнаулы атақтарды білдіретін ІІО қызметкерлерінің нысанды киіміндегі айырым белгілері;
Тармақша 4
4) шеврондар – қызметкердің ІІО-ға тиесілігін айқындайтын, түрлі түсті үйлесімдерімен, бейнелерімен және жазулармен ерекшеленетін жеңдік айырым белгілері;
Тармақша 5
5) омырауға тағатын жапсырмалар – бір-бірінің мазмұны мәтіндік жазулармен және түстердің үйлесімдерімен ерекшеленетін, оның ішінде қызметкердің ІІО-ның жекелеген қызметтеріне тиесілігін айқындайтын айырым белгілері.
Тарау 2. 2-тарау. ІІО қызметкерлерінің
нысанды киім заттарының сипаттамасы
2-тарау. ІІО қызметкерлерінің
нысанды киім заттарының сипаттамасы
Тармақ 1. 1-параграф. Жоғары басшы құрам
1-параграф. Жоғары басшы құрам
Тармақ 13
13. Парадтық киім нысаны:
Тармақша 1
1) жазғы (1-қосымша, 1, 3, 4-суреттер):
парадтық фуражка қара-көк түсті;
қара-көк түсті парадтық мундир және қара-көк түсті шалбар;
жеңі ұзын ақ түстi жейде;
парадтық галстук;
қара түстi шалбарға тағатын белбеу;
парадтық белдiк;
алтын түсті аксельбант;
ақ түстi биялай;
қара түстi қысқа қонышты бәтеңке.
сарғыш түсті парадтық фуражка;
сарғыш түсті парадтық мундир және қара-көк түсті шалбар;
жеңі ұзын/қысқа ақ түстi жейде;
парадтық галстук;
қара түстi шалбарға тағатын белбеу;
ақ түстi биялай;
қара түстi қысқа қонышты бәтеңке.
Тармақша 2
2) қысқы (1-қосымша, 2, 5-суреттер):
сұр түстi қаракөлден тiгiлген папаха;
сұр түстi қаракөл жағасы бар парадтық пальто;
қара-көк түсті парадтық мундир және қара-көк түсті шалбар;
жеңі ұзын ақ түстi жейде;
қара түстi шалбарға тағатын белбеу;
парадтық галстук;
парадтық белдiк;
алтын түсті аксельбант;
ақ түстi биялай;
ақ түсті кашне;
қара түсті жылы бәтеңке.
сұр түстi қаракөлден тiгiлген папаха;
сұр түстi қаракөл жағасы бар парадтық пальто (белдіксіз);
сарғыш түсті парадтық мундир және қара-көк түсті шалбар;
жеңі ұзын ақ түстi жейде;
парадтық галстук;
қара түстi шалбарға тағатын белбеу;
ақ түстi биялай;
ақ түсті кашне;
қара түсті жылы бәтеңке.
Тармақ 14
14. Күнделікті киім нысаны:
Тармақша 1
1) жазғы (1-қосымша, 6, 7, 8-суреттер):
күнделікті фуражка;
күнделікті китель және шалбар;
жеңі ұзын/қысқа күнделікті жейде;
галстук;
қара түстi шалбарға тағатын белбеу;
қара түстi қысқа қонышты бәтеңке.
күнделікті фуражка/жазғы кепи (бейсболка);
ұзын жеңді күнделікті костюм;
күнделікті футболка;
қара түстi шалбарға тағатын белбеу;
қара түстi қысқа қонышты бәтеңке.
Тармақша 2
2) маусымдық (1-қосымша, 9-сурет):
күнделікті фуражка;
маусымдық плащ;
күнделікті китель және шалбар;
жеңі ұзын күнделікті жейде;
галстук;
қара түстi шалбарға тағатын белбеу;
қара түстi биялай;
қара түстi қысқа қонышты бәтеңке.
Тармақша 3
3) қысқы (1-қосымша, 10, 11, 12-суреттер):
сұр түстi қаракөлден тiгiлген құлақшын;
сұр түсті қаракөл жағасы бар жылы күрте/сұр түсті қаракөл жағасы бар қара түсті былғары пальто;
күнделікті шалбарымен китель немесе пуловер шалбарымен;
жеңі ұзын күнделікті жейде;
галстук;
қара түстi шалбарға тағатын белбеу;
қара түстi кашне;
қара түстi биялай;
қара түсті жылы бәтеңке.
Тармақ 15
15. Арнайы киім нысаны:
Тармақша 1
1) жазғы (1-қосымша, 13-сурет):
бүркеніш түсті кепи;
бүркеніш түсті жазғы костюм;
ұзын қонышты бәтеңке.
арнайы жазғы костюм;
ұзын қонышты бәтеңке.
Тармақша 2
2) қысқы (1-қосымша, 14,15-суреттер):
сұр түстi қаракөлден тiгiлген құлақшын;
каракөл жағасы бар бүркеніш түсті қысқы костюм;
бүркеніш түсті пуловер;
ұзын қонышты жылы бәтеңке.
сұр түстi қаракөлден тiгiлген құлақшын;
арнайы жылы костюм;
ұзын қонышты бәтеңке.
Тармақ 2. 2-параграф. ІІО қызметкерлерінің парадтық киім нысаны
2-параграф. ІІО қызметкерлерінің парадтық киім нысаны
Тармақ 16
16. Парадтық киім нысаны:
Жазғы:
Жоғары басшы құрамы және оқу орындарының курсанттарын қоспағанда, барлық қызметтер үшін (1-қосымша, 16, 17-суреттер):
Ерлер:
парадтық фуражка;
парадтық мундир және шалбар;
жеңі ұзын ақ түстi жейде;
галстук;
қара түстi шалбарға тағатын белбеу;
парадтық белдiк;
алтын түсті аксельбант;
ақ түстi биялай;
қара түстi қысқа қонышты бәтеңке.
Әйелдер:
парадтық фуражка;
парадтық мундир және белдемше;
жеңі ұзын ақ түстi блузка;
галстук;
парадтық белдiк;
алтын түсті аксельбант;
ақ түстi биялай;
қара түстi туфли.
Басқарма аппараттарының қызметкерлері үшін (1-қосымша, 18-сурет):
Ерлер:
парадтық фуражка;
жеңі қысқа ақ түстi жейде;
шалбар;
қара түстi шалбарға тағатын белбеу;
қара түстi қысқа қонышты бәтеңке.
Әйелдер:
парадтық фуражка;
жеңі қысқа ақ түстi блузка;
белдемше;
қара түстi туфли.
Тармақ 3. 3-параграф. ІІО басқармалары аппараттарының ер қызметкерлері
3-параграф. ІІО басқармалары аппараттарының ер қызметкерлері
Тармақ 17
17. Полиция басқармалары аппараттарының (бұдан әрі – ПБА) ер қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі-Қазақстан Республикасы ІІМ) орталық аппаратының, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және республика астанасының, көліктегі полиция департаменттерінің, қалалық, аудандық, қалалардағы аудандық, кенттік, көліктегі басқармалардың (бөлімдердің/бөлімшелердің) басқару аппараттарының қызметкерлері, Қазақстан Республикасы ІІМ білім беру ұйымдарының тұрақты аттестатталған құрамы, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мемлекеттік мекемелері басқармалары аппараттарының қатардағы және басшы құрамы, кезекші бөлімдердің, көші-қон және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар, саптық бөліністердің командалық құрамы (полк, батальон командирлері мен олардың орынбасарлары), ішкі істер органдарының қылмыстық-атқару жүйесінің (бұдан әрі – ҚАЖ) қызметкерлері жатады.
Тармақ 18
18. Күнделікті киім нысаны:
Тармақша 1
1) жазғы (1-қосымша, 19, 20, 21, 23-суреттер; полковниктер үшін (19 а сурет):
күнделікті фуражка;
күнделікті китель және шалбар;
жеңі ұзын күнделікті жейде;
галстук;
қара түстi шалбарға тағатын белбеу;
қара түстi қысқа қонышты бәтеңке.
күнделікті фуражка / жазғы кепи (бейсболка);
ұзын жеңді күнделікті костюм;
күнделікті/ақ түсті футболка;
қара түстi шалбарға тағатын белбеу;
қара түстi қысқа қонышты бәтеңке.
Тармақша 2
2) маусымдық (1-қосымша, 25-суреттер):
күнделікті фуражка / маусымдық кепи (бейсболка);
маусымдық күрте;
ұзын жеңді күнделікті костюм;
күнделікті/ақ түсті футболка;
қара түстi шалбарға тағатын белбеу;
қара түстi қысқа қонышты бәтеңке.
Тармақша 3
3) қысқы (1-қосымша, 27-сурет; полковниктер үшін (29-сурет):
қаракөл құлақшын (полковниктерге арналған)
жылы құлақшын;
жылы күрте;
ұзын жеңді күнделікті костюм/пуловер;
күнделікті/ақ түсті футболка;
қара түстi шалбарға тағатын белбеу;
қара түстi биялай;
қара түстi жылы бәтеңке.
Тармақ 4. 4-параграф. ІІО басқармалары аппараттарының әйел қызметкерлері
4-параграф. ІІО басқармалары аппараттарының әйел қызметкерлері
Тармақ 19
19. ПБА әйел қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы ІІМ орталық аппаратының, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және республика астанасының, көліктегі полиция департаменттерінің, қалалық, аудандық, қалалардағы аудандық, кенттік, көліктегі басқармалардың (бөлімдердің) басқару аппараттарының қызметкерлері, Қазақстан Республикасы ІІМ білім беру ұйымдарының тұрақты аттестатталған полиция құрамы, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мемлекеттік мекемелері басқармалары аппараттарының қатардағы және басшы құрамы, кезекші бөлімдердің, көші-қон және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар, қатардағы бөліністердің командалық құрамы (полк, батальон командирлері және олардың орынбасарлары), ішкі істер органдарының ҚАЖ қызметкерлері жатады.
Тармақ 20
20. Күнделікті киім нысаны:
Тармақша 1
1) жазғы (1-қосымша, 19, 20, 21, 23, 24-суреттер; полковниктер үшін (19 а-сурет):
нысанды қалпақ;
күнделікті китель және белдемше;
жеңі ұзын күнделікті блузка;
галстук;
қара түстi туфли.
күнделікті фуражка/жазғы кепи (бейсболка);
ұзын жеңді күнделікті костюм;
күнделікті/ақ түсті футболка;
қара түстi туфли.
нысанды қалпақ/жазғы кепи (бейсболка);
нысанды көйлек;
қара түстi туфли.
Тармақша 2
2) маусымдық (1-қосымша, 26-суреттер):
нысанды қалпақ/маусымдық кепи (бейсболка);
маусымдық күрте;
ұзын жеңді күнделікті костюм;
күнделікті футболка/ақ түсті;
қара түстi туфли.
Тармақша 3
3) қысқы (1-қосымша 28-сурет; полковниктер үшін (29-сурет):
қаракөл құлақшын (полковниктер үшін);
жылы құлақшын;
жылы күрте;
ұзын жеңді күнделікті костюм
пуловер;
күнделікті футболка/ақ түсті;
қара түстi биялай;
қара түсті жылы қысқа қонышты етік.
Тармақ 5. 5-параграф. ІІО патрульдік полиция қызметкерлері
5-параграф. ІІО патрульдік полиция қызметкерлері
Тармақ 21
21. Патрульдік полиция (бұдан әрі – ПП) қызметкерлерінің, оның ішінде туристік полиция қызметкерлерінің нысанды киімі.
Тармақ 22
22. Күнделікті киім нысаны:
Тармақша 1
1) жазғы (1-қосымша, 30, 31-суреттер):
жазғы кепи (бейсболка);
сигналдық кеудеше (жазғы);
қызмет өткеруге арналған арналған ұзын жеңді/қысқа жеңді костюм;
күнделікті футболка/ақ түсті футболка;
футболка (поло) күнделікті/ақ түсті;
қара түстi шалбарға тағатын белбеу;
қызмет өткеруге арналған жазғы қысқа қонышты бәтеңке.
Тармақша 2
2) маусымдық (1-қосымша, 32-сурет):
маусымдық кепи (бейсболка);
сигналдық кеудеше (жазғы);
қызмет өткеруге арналған арналған ұзын жеңді костюм;
қызмет өткеруге арналған маусымдық костюм;
күнделікті/ақ түсті футболка;
қара түстi шалбарға тағатын белбеу;
қызмет өткеруге арналған маусымдық бәтеңке.
Тармақша 3
3) қысқы (1-қосымша, 33, 34-суреттер; полковниктер үшін (33 а –сурет):
қаракөл құлақшын (полковниктерге арналған);
жылы құлақшын;
тоқылған қалпақ;
сигналдық кеудеше (қысқы);
қызмет өткеруге арналған жылы костюм;
қызмет өткеруге арналған арналған ұзын жеңді костюм;
қызмет өткеруге арналған пуловер;
күнделікті футболка/ақ түсті;
қара түстi шалбарға тағатын белбеу;
қара түсті биялай;
қызмет өткеруге арналған жылы бәтеңке.
Жаңбырлы ауа райында нысанды киімнің үстіне арнайы желбей-костюм киіледі (1-қосымша, 35-сурет).
Тармақ 6. 6-параграф. ІІО учаскелік полиция инспекторлары
6-параграф. ІІО учаскелік полиция инспекторлары
Тармақ 23
23. Учаскелік полиция инспекторларының (бұдан әрі – УПИ) және олардың көмекшілерінің нысанды киімі.
Тармақ 24
24. Күнделікті киім нысаны:
Тармақша 1
1) жазғы (1-қосымша, 36, 37-суреттер):
жазғы кепи (бейсболка);
қызмет өткеруге арналған арналған ұзын жеңді/қысқа жеңді костюм;
күнделікті/ақ түсті футболка (поло);
күнделікті/ақ түсті футболка;
қара түстi шалбарға тағатын белбеу;
қызмет өткеруге арналған жазғы қысқа қонышты бәтеңке.
Тармақша 2
2) маусымдық (1-қосымша, 38-сурет):
маусымдық кепи (бейсболка);
қызмет өткеруге арналған арналған ұзын жеңді костюм;
қызмет өткеруге арналған маусымдық костюм;
күнделікті/ақ түсті футболка;
қара түстi шалбарға тағатын белбеу;
қызмет өткеруге арналған маусымдық бәтеңке.
Тармақша 3
3) қысқы (1-қосымша, 39-сурет); полковниктер үшін (39 а-сурет):
қаракөл құлақшын (полковниктер үшін);
жылы құлақшын;
тоқылған қалпақ;
қызмет өткеруге арналған жылы костюм;
қызмет өткеруге арналған ұзын жеңді костюм;
қызмет өткеруге арналған пуловер;
күнделікті/ақ түсті футболка;
қара түстi шалбарға тағатын белбеу;
қара түсті биялай;
қызмет өткеруге арналған жылы бәтеңке.
Тармақ 7. 7-параграф. ІІО сыртқы қызметі
7-параграф. ІІО сыртқы қызметі
Тармақ 25
25. ІІО сыртқы қызметтерінің (бұдан әрі – СҚ) қызметкерлеріне метрополитенде қызмет ететін, мамандандырылған күзет қызметтерінің, кинологиялық және табиғатты қорғау қызметтерінің, арнайы мекемелердің уақытша ұстау изоляторларының, арнайы қабылдау орындарының, қабылдау-тарату орындарының, айдауылдау, ішкі істер органдарының ғимараттарын күзету жөніндегі қызметтердің қызметкерлері жатады.
Тармақ 26
26. Күнделікті киім нысаны:
Тармақша 1
1) жазғы (1-қосымша, 40-сурет):
жазғы кепи (бейсболка);
қызмет өткеруге арналған арналған ұзын жеңді/қысқа жеңді костюм;
күнделікті/ақ түсті футболка (поло);
күнделікті/ақ түсті футболка;
қара түстi шалбарға тағатын белбеу;
қызмет өткеруге арналған жазғы қысқа қонышты бәтеңке.
Тармақша 2
2) маусымдық (1-қосымша, 41-сурет):
маусымдық кепи (бейсболка);
қызмет өткеруге арналған арналған ұзын жеңді костюм;
қызмет өткеруге арналған маусымдық костюм;
күнделікті/ақ түсті футболка;
қара түстi шалбарға тағатын белбеу;
қызмет өткеруге арналған маусымдық бәтеңке.
Тармақша 3
3) қысқы (1-қосымша, 42-суреттер; полковниктер үшін (42 а-сурет):
қаракөл құлақшын (полковниктер үшін);
жылы құлақшын;
тоқылған қалпақ;
қызмет өткеруге арналған жылы костюм;
қызмет өткеруге арналған арналған ұзын жеңді костюм;
қызмет өткеруге арналған пуловер;
күнделікті/ақ түсті футболка;
қара түстi шалбарға тағатын белбеу;
қара түсті биялай;
қызмет өткеруге арналған жылы бәтеңке.
Тармақ 8. 8-параграф. ІІО полицей-жүргізушілері
8-параграф. ІІО полицей-жүргізушілері
Тармақ 27
27. ІІО полицей-жүргізушілеріне жүргізушінің функцияларын тікелей атқаратын қызметкерлер жатады.
Қызмет бағыты бойынша функцияларды орындайтын полицей-жүргізушілер (патрульдік полиция, сыртқы қызмет) осы бөліністің заттай нормаларына сәйкес киінеді.
Тармақ 28
28. Күнделікті киім нысаны:
Тармақша 1
1) жазғы (1-қосымша, 21, 22-суреттер):
жазғы кепи (бейсболка);
қызмет өткеруге арналған арналған ұзын жеңді/қысқа жеңді костюм;
күнделікті/ақ түсті футболка (поло);
күнделікті/ақ түсті футболка;
қара түстi шалбарға тағатын белбеу;
қызмет өткеруге арналған жазғы қысқа қонышты бәтеңке.
Тармақша 2
2) маусымдық (1-қосымша, 25-сурет):
маусымдық кепи (бейсболка);
маусымдық күрте;
ұзын жеңді күнделікті костюм;
күнделікті/ақ түсті футболка;
қара түстi шалбарға тағатын белбеу;
қызмет өткеруге арналған маусымдық бәтеңке.
Тармақша 3
3) қысқы (1-қосымша, 27-сурет):
жылы құлақшын;
тоқылған қалпақ;
жылы күрте;
ұзын жеңді күнделікті костюм/пуловер;
күнделікті/ақ түсті футболка;
қара түстi шалбарға тағатын белбеу;
қара түстi биялай;
қызмет өткеруге арналған жылы бәтеңке.
Тармақ 9. 9-параграф. ІІМ білім беру ұйымдарының курсанттары
9-параграф. ІІМ білім беру ұйымдарының курсанттары
Тармақ 29
29. Парадтық және күнделікті киім нысаны:
Тармақша 1
1) жазғы (1-қосымша, 17, 19, 20, 21, 22-суреттер):
4-курс курсанттарына:
күнделікті фуражка/нысанды қалпақ;
күнделіктi шалбары (белдемшесі) бар китель;
ақ түсті немесе күнделікті жеңі ұзын жейде (блузка);
шалбар (белдемше);
галстук;
қара түстi шалбарға тағатын белбеу;
қара түстi (туфли) қысқа қонышты бәтеңке.
Барлық курсанттар үшін:
жазғы кепи (бейсболка);
жеңі ұзын/қысқа күнделікті костюм;
күнделікті/ақ түсті футболка;
қара түстi шалбарға тағатын белбеу;
қара түстi (туфли) қысқа қонышты бәтеңке.
Тармақша 2
2) маусымдық (1-қосымша 25, 26-суреттер):
маусымдық кепи (бейсболка);
маусымдық күрте;
ұзын жеңді күнделікті костюм;
күнделікті/ақ түсті футболка;
қара түстi шалбарға тағатын белбеу;
қара түстi (туфли) қысқа қонышты бәтеңке.
Тармақша 3
3) қысқы (1-қосымша 27, 28-суреттер):
жылы құлақшын;
жылы күрте;
ұзын жеңді күнделікті костюм/пуловер;
күнделікті/ақ түсті футболка;
қара түстi шалбарға тағатын белбеу;
қара түстi биялай;
қара түстi жылы (қысқа қонышты етік) бәтеңке.
Тармақ 10. 10-параграф. Арнайы киім нысаны
10-параграф. Арнайы киім нысаны
Тармақ 30
30. Арнайы киім нысаны жоғары басшы құрамды қоспағанда, ІІО-ның барлық қызметкерлеріне қолданылады.
Тармақша 1
1) жазғы (1-қосымша, 43-сурет):
бүркеніш түсті жазғы костюм;
ұзын қонышты бәтеңке.
Тармақша 2
2) қысқы (1-қосымша, 44-сурет):
бүркеніш түсті қысқы костюм;
ұзын қонышты жылы бәтеңке.
Тарау 3. 3-тарау. ІІО қызметкерлерінің нысанды киімінің айырым белгілері
3-тарау. ІІО қызметкерлерінің нысанды киімінің айырым белгілері
Тармақ 1. 1-параграф. Погондардың сипаттамасы
1-параграф. Погондардың сипаттамасы
Тармақ 31
31. Жоғары басшы құрамға арналған погондар:
Тармақша 1
1) мақсаты бойынша – парадтық, күнделікті және арнайы киім нысаны үшін;
Тармақша 2
2) конструкциясы бойынша – қатты және жұмсақ;
Тармақша 3
3) бекіту тәсілі бойынша – жапсырмалы, алмалы-салмалы және муфталарда болып бөлінеді.
Тармақ 32
32. Погондардың өлшемдері:
Тармақша 1
1) жапсырмалы және алмалы-салмалы – ұзындығы 13 см, ені 5 см;
Тармақша 2
2) муфталарда – жоғарғы шеті бойынша ені 5 см, төменгі жоғарғы шеті бойынша – 5,5 см, генерал-майор және генерал-лейтенант үшін погондардың ұзындығы – 10 см, генерал-полковник үшін – 11 см.
Тармақ 33
33. Погонның жиегінде ұлттық ою-өрнек суреттері көзделген. Суреттердің түрлері, фондық реңк және погондардың сәндік элементтері погондардың мақсаты мен конструкциясына байланысты. Қатты погондарда диаметрі 14 мм нысанды түймелер, погонның жоғарғы шетінен түйменің ортасына дейін 15 мм қашықтықта орналастырылады.
Тармақ 34
34. Погондардың түрлері:
Тармақша 1
1) күнделікті жейдеге қатты, алмалы-салмалы (1-қосымша, 45-сурет);
Тармақша 2
2) ақ түсті жейдеге қатты, алмалы-салмалы (1-қосымша, 46-сурет);
Тармақша 3
3) күнделікті қатты, алмалы-салмалы (1-қосымша, 47-сурет);
Тармақша 4
4) күнделікті қатты, жапсырмалы (1-қосымша, 48-сурет);
Тармақша 5
5) қара-көк түсті мундирге, пальтоға арналған парадтық қатты, жапсырмалы (1-қосымша, 49-сурет);
Тармақша 6
6) сарғыш түсті мундирге арналған парадтық қатты, жапсырмалы (1-қосымша, 50-сурет);
Тармақша 7
7) күнделікті погон-муфталар, жұмсақ (1-қосымша, 51-сурет);
Тармақша 8
8) арнайы погон-муфталар, жұмсақ (1-қосымша, 52-сурет).
Тармақ 35
35. Погондардың төменгі бөлігінде алтын жалатылған мишура мен жібекпен кестеленген, қызыл жіппен жиектелген алтын түсті қалықтаған қыран орналастырылады. Қыранның басының бейнесі нысанды киімнің алдыңғы жағына бағытталған. Погондардың төменгі жиегінен қыранның төменгі жиегіне дейінгі қашықтық 8 мм. Погондар жиегінің периметрі бойынша алтын түсті жиек, погондардың жиегі бойынша қызыл түсті жиектерінің ені – 2 мм болып көзделген.
Тармақ 36
36. Погондар жиегінің периметрі бойынша жапсырмалы погондар алтын жалатылған канительден жасалған жиекпен орындалады. Погонның жиектерінің түстері:
Тармақша 1
1) парадтық киім нысаны үшін –қара-көк түсті мундир, сұр түсті қаракөл жағасы бар парадтық пальто үшін - алтын және сарғыш түсті мундир үшін – сарғыш;
Тармақша 2
2) қара көк түсті – күнделікті киім нысаны үшін.
Тармақ 37
37. Артқы жағындағы алмалы-салмалы погондар погондарды бекітуге арналған белдікпен және ілгішпен жабдықталған. Алтын жалатылған канительден жасалған жиек погонның жиегінің периметрі бойынша тек күнделікті алмалы-салмалы погондарда ғана қарастырылған. Погон жиектерінің түстері:
Тармақша 1
1) қара көк түсті – күнделікті киім нысаны үшін және ақшыл-сұр түсті жейдеге;
Тармақша 2
2) ақ түсті – ақ түсті жейдеге.
Тармақ 38
38. Погон-муфталар матадан жасалады және тиісінше тек қара көк және бүркеніш түсті пуловер мен арнайы киім нысаны үшін қарастырылады. Қара көк түсті погондарда погондардың шетінде қызыл түсті жиек, бүркеніш түсті погондарда – қорғаныш түсті жиек қарастырылған, жиектердің ені – 2 мм.
Тармақ 39
39. ІІО қызметкерлері үшін погондар (жоғары басшы құрамды қоспағанда):
Тармақша 1
1) мақсаты бойынша – парадтық, күнделікті және арнайы киім нысаны үшін;
Тармақша 2
2) конструкциясы бойынша – қатты және жұмсақ;
Тармақша 3
3) бекіту тәсілі бойынша – жапсырмалы және муфталар болып бөлінеді.
Тармақ 40
40. Погондардың өлшемдері:
Тармақша 1
1) жапсырмалы – ұзындығы 13 см, ені 5 см;
Тармақша 2
2) муфталарда – ені 5 см, ұзындығы – 10 см.
Тармақ 41
41. Погондардың жиегінде ұлттық ою-өрнек элементтері мен жиектер қарастырылған. Погондардың фондық реңкі мен сәндік элементтері погондардың мақсаты мен конструкциясына байланысты болады. Қатты погондардың жоғарғы бөлігінде погонның жоғарғы шетінен эмблеманың ортасына дейінгі 23 мм қашықтықта ІІМ эмблемасы орналастырылады.
Тармақ 42
42. Погондардың түрлері:
Тармақша 1
1) парадтық қатты, жапсырмалы (1-қосымша, 53, 54 -суреттер);
Тармақша 2
2) парадтық погон-муфталары, жұмсақ (1-қосымша, 55, 56, 57-суреттер);
Тармақша 3
3) күнделікті қатты, жапсырмалы (1-қосымша, 58, 59, 60-суреттер);
Тармақша 4
4) күнделікті погон-муфталар, жұмсақ (1-қосымша, 61, 62, 63-суреттер);
Тармақша 5
5) арнайы погон-муфталар, жұмсақ (1-қосымша, 64, 65, 66-суреттер).
Тармақ 43
43. Погонның периметрі бойынша қатты погондарда шетінен 1,5 мм қашықтықта ені 3 мм (парадтық погондарда – алтын түстес, күнделікті погондарда – күміс түстес) жиек жасалады. Погондарда ені 4 мм бойлық жолақтар, сондай-ақ ұзындығы 30 мм көлденең жолақтар орналастырылады. Көгілдір түсті қатпарланған жолақтар.
Тармақ 44
44. Парадтық және күнделікті қатты, жапсырмалы погондар тиісінше парадтық мундирлермен және күнделікті кительдермен киіледі. Бекіту әдісі – тігіспен.
Тармақ 45
45. Парадтық погон-муфталар ұзын және қысқа жеңді ақ түсті жейделермен ғана киіледі.
Тармақ 46
46. Күнделікті погон-муфталар арнайы погон-муфталар киілетін мундирлерді, кительдерді және бүркеніш костюмдерді қоспағанда, нысанды киім заттарымен киіледі.
Тармақ 2. 2-параграф. Жең және кеуде жапсырмалары үлгілерінің сипаттамасы
2-параграф. Жең және кеуде жапсырмалары үлгілерінің сипаттамасы
Тармақ 47
47. Ішкі істер министрінің жең белгісі диаметрі 82 мм шеңбер нысанындағы тығыз негіздегі матадан тігілген шеврон болып табылады. Ортаңғы бөлігінде ішінде диаметрі 40,0 мм Қазақстан Республикасы ІІМ эмблемасы болатын диаметрі 50.0 мм шеңбер орналасқан. Ішкі шеңбердің жоғары жағында «QAZAQSTAN RESPYBLIKASY», төменгі жағында «ISHKI ISTER MINISTRI» деген жазу бар, әріптердің өлшемі 4х5 мм (ені мен биіктігі). Шеврондар оң жақтағы жеңге иық тігісінен 8 см қашықтықта тігіледі:
Тармақша 1
1) күнделікті үшін – алабы қара көк түсті (1-қосымша, 88- сурет);
Тармақша 2
2) парадтық үшін – қара-көк түсті мундир, сұр түсті қаракөл жағасы бар парадтық пальто үшін алабы алтын түсті (1-қосымша, 89-сурет) немесе – сарғыш түсті мундир үшін алабы сарғыш түсті (1-қосымша, 90-сурет);
Тармақша 3
3) арнайы – жиегі бүркеніш түсті (1-қосымша, 91-сурет).
Тармақ 48
48. Жоғары басшы құрамның жең белгісі диаметрі 82 мм шеңбер нысанындағы тығыз негіздегі матадан тігілген шеврон болып табылады. Ортаңғы бөлігінде диаметрі 40 мм Қазақстан Республикасының елтаңбасы орналастырылады. Бүркеніш түсті плащ-жамылғыны қоспағанда, барлық сыртқы киімдерге тігілетін ішкі шеңбердің жоғары жағында «QAZAQSTAN RESPYBLIKASY», төменгі жағында «ISHKI ISTER MINISTRI» деген жазу бар, әріптердің өлшемі 4х5 мм (ені мен биіктігі). Шеврондар сол жақтағы жеңге иық тігісінен 8 см қашықтықта тігіледі.
Тармақ 49
49. Парадтық және күнделікті киім нысандарындағы шеврондарда әріптердің түсі алтын түстес, арнайы киім нысаны үшін – қара түсті.
Тармақ 50
50. Жоғары басшы құрамның шеврондары тиесілігі бойынша мынадай киім нысанына бөлінеді:
Тармақша 1
1) күнделікті – жиегі қара көк түсті (1-қосымша, 92-сурет);
Тармақша 2
2) парадтық – қара-көк түсті мундир, сұр түсті қаракөл жағасы бар парадтық пальто үшін алабы алтын түсті (1-қосымша, 93-сурет) немесе сарғыш түсті мундир үшін алабы сарғыш түсті (1-қосымша, 94-сурет);
Тармақша 3
3) арнайы – жиегі бүркеніш түсті (1-қосымша, 95-сурет).
Тармақ 51
51. Парадтық және күнделікті киім нысанына арналған шеврондардың сыртқы жиегінде қызыл түсті жиек, ішкі периметрі бойынша ені 2 мм алтын жалатылған канительден жасалған жиек болады. Шевронның ортасында шеңбер нысанында диаметрі 40,0 мм, көгілдір түсті фондағы және алтын жалатылған канительден жасалған, ені 2 мм алтын түсті Қазақстан Республикасының елтаңбасы орналастырылады.
Тармақ 52
52. Арнайы киім нысанына арналған шевронның сыртқы жиегінде қорғаныш түсті жиек, ішкі периметрі бойынша ені 2 мм қара түсті жиек болады. Шевронның жиек шетінде қорғаныш түсті айшықты бидай масағы бейнеленеді. Шевронның ортасында шеңбер нысанында диаметрі 40,0 мм, қорғаныш түсті фондағы қара түсті және ені 2 мм қара түсті қоршауы бар Қазақстан Республикасының елтаңбасы орналастырылады.
Тармақ 53
53. Нысанды киімдегі төсбелгілер (жоғары офицерлік құрамды қоспағанда) арнайы киім нысаны кезінде ғана көзделген. Оң қалтаның үстіне «QAZAQSTAN» жапсырмасы, сол жақ қалтаның үстіне – «POLISIA» жапсырмасы бекітіледі. Матадан тігілген жапсырмалар қорғаныш түсті, ені – 3,5 см және ұзындығы – 13 см. Әріптердің (сандардың) түсі – қара, биіктігі – 17 мм. Күртелердің қалталарының үстіне орнатылған «вилькро» лентасына жапсырмалар бекітіледі.
Патрульдік полиция қызметкерлерінің, учаскелік полиция инспекторларының және ІІО сыртқы қызметтерінің күнделікті костюмдерінде күртешенің/жейденің сол жақ алдыңғы бөлігінде клапанның жоғарғы жиегінің үстінде сұр түсті «POLISIA» жапсырмасы орналастырылады, өлшемі 13,3*3,7 см, Arial қарпі, әріптердің биіктігі 2,4 см, әріптердің қалыңдығы 0,7 см, жақтаудың қалыңдығы 0,4 см.
Тармақ 54
54. ІІО қызметкерлерінің негізгі жең белгісі (жоғары басшы құрамды қоспағанда) диаметрі 82 мм шеңбер нысанындағы тығыз негіздегі матадан тігілген шеврон болып табылады. Ортаңғы бөлігінде диаметрі 50 мм шеңбер, оның ішінде диаметрі 40 мм Қазақстан Республикасы ІІМ эмблемасы салынған. Ішкі шеңбердің жоғары жағында «QAZAQSTAN RESPYBLIKASY», төменгі жағында «ISHKI ISTER MINISTRLIGI» жазуы жазылады, әріптердің өлшемі 4х5 мм (ені мен биіктігі). Шеврондардың ішкі жақ ені 3 мм көгілдір түсті жиек жасалады.
Тармақ 55
55. ІІО қызметкерлерінің шеврондары (жоғары басшы құрамды қоспағанда) киім нысанына тиесілігі бойынша күнделікті (1-қосымша, 96-сурет), және арнайы киім нысанына (1-қосымша, 99-сурет), парадтық киім нысанына (1-қосымша, 97-сурет), ақ түсті жейдеге/ блузкаға, футболкаға (поло) (1-қосымша, 98-сурет) арналған шеврондарға бөлінеді.
Тармақ 56
56. Күнделікті және парақтың шеврондардың орта бөлігінде 50 мм шеңбер орналасқан, шеңбердің сыртқы жиегінде ені 2 мм күміс түсті жиек (күнделікті), ені 2 мм алтын түсті жиек (парадтық), ішкі жиегі бойынша ені 2 мм қанық көгілдір түсті жиек жасалған. Шеңбердің ортасында диаметрі 40 мм алтын түсті Қазақстан Республикасы ІІМ эмблемасы орналасқан.
Тармақ 57
57. Арнайы шеврондарда диаметрі 50,0 мм сондай шеңбер орналасқан, шеңбердің сыртқы жиегі ені 2 мм қорғаныш түспен, ішкі жиегі бойынша ені 2 мм қара жасыл түспен айналдыра оралған. Шеңбердің ортасында диаметрі 40 мм қорғаныш түсті Қазақстан Республикасы ІІМ эмблемасы орналасқан.
Тармақ 58
58. Парадтық киім нысаны үшін және ақ түсті жейдеге арналған шеврондарда әріптердің түсі алтын түсті, күнделікті киім нысаны үшін – күміс және арнайы киім нысаны үшін – қорғаныш түсті болады.
Тармақ 59
59. Парадтық және күнделікті киім нысанына арналған шевронның жиегі қара-көк матадан, ақ түсті жейдеге – ақ түсті, сондай-ақ арнайы киім нысанына – бүркеніш түсті матадан орындалады.
Тармақ 60
60. Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің жең белгілері диаметрі 82 мм матадан тігілген шеврон болып табылады (1-қосымша, 100-сурет). Шевронның қара көк түсті жиегі ортасында диаметрі 60 мм алтын түстес шеңбер орналасқан, оның ішінде үш найзасы бар дөңгелек қалқан бейнеленген, оның астында қалықтаған бүркіт алтын түсте бейнеленген. Шеврондар жиегінің жоғарғы бөлігінде «QAZAQSTAN» жазуы бар, латын әріптердің өлшемі 5х7 мм (ені мен биіктігі), алтын шеңбердің астында шеңберге симметриялы «QYLMYSTYQ-ATQARY JUIESІ» жазуы бар, латын әріптердің өлшемі 4х5 мм (ені мен биіктігі) түсі – күміс. Шевронның жиегі көгілдір түсті, ені 3 мм.
Шеврон оң жақ жеңге иық тігісінен 8 см қашықтықта тігіледі.
Тармақ 61
61. Учаскелік полиция инспекторларына, патрульдік полиция, сыртқы қызмет қызметкерлері үшін көзделген ІІО қызметкерлері үшін (жоғары басшы құрамды қоспағанда) өңірлік жең белгісі диаметрі 81 мм матадан тігілген шеврон болып табылады (1-қосымша, 101-сурет). Шеврондардың қара көк түсті жиегі ортасында диаметрі 60 мм алтын түсті шеңбер орналасқан, оның ішінде негізгі нысандағы түстер палитрасында жасалған қалалардың елтаңбалары бейнеленген. Шеңбердің айналасына биіктігі 5-6 мм жазулар латын әріпінің бас әріптерімен жазылады, түсі – күміс. Екі жағындағы жазулар ұлттық ою-өрнекпен бөлінген. Шевронның жиегі көгілдір түсті, ені 3 мм.
Тармақ 62
62. Нысанды киімдегі төсбелгілер патрульдік полиция қызметкерлерінде, учаскелік полиция инспекторларында және ІІО сыртқы қызметінде көзделген. Диаметрі 90 мм сия көк түсті шеңбер түріндегі тоқыма жапсырмалар түріндегі төсбелгілер орналасқан. Тоқыма жапсырмаларының ортасында осы қызметтердің эмблемаларының бейнелері орналасқан. Жапсырмалар оң жақ сөренің кеуде деңгейінде сол жақ сөреде орналасқан алмалы-салмалы «POLISIA» жазуының ортасына симметриялы орналастырылады (1-қосымша, 102-сурет).
Тармақ 63
63. ІІМ оқу орындарының ауыспалы құрамы үшін білім беру ұйымдарының курсанттары үшін сары түсті тікбұрыш нысанындағы тоқыма жапсырмалар түріндегі қатардағы және кіші басшы құрамның арнаулы атақтары бар оқу курстары бойынша жеңдік жапсырмалар костюмнің сол жақ жеңінің сыртқы жағына жеңдік белгіден 1 см төмен тігіледі. Курсанттың оқу жылына сәйкес 1, 2, 3, 4 курс курсанттары үшін бір, екі, үш, төрт жапсырма орналастырылады.
Жапсырманың ені 10 мм, ұзындығы 70 мм. 2, 3, 4 курстарға арналған тұтас жапсырмалар (жапсырмалар арасындағы қашықтық 3 мм) Тікбұрыштың сыртқы шетінде ені 2 мм көгілдір түсті жиек, ішкі шетінде ені 2 мм күміс түсті жиек орындалған. (1-қосымша, 103-сурет).
Тармақ 3. 3-параграф. Нысанды киім заттарындағы айырым белгілері үлгілерінің сипаттамасы
3-параграф. Нысанды киім заттарындағы айырым белгілері үлгілерінің сипаттамасы
Тармақ 64
64. Жоғары басшы құрамның нысанды киім заттарында мынадай айырым белгілері көзделген.
Тармақ 65
65. Фуражкаларда:
Тармақша 1
1) Парадтық фуражканың төбесіндегі жапсырманың диаметрі 5 см шеңбер түрінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген алтын түстес канительмен көмкерілген жапсырмасы матадан тігілген. Фондағы реңі көгілдір түсті. Төбесінің алдыңғы жағының жоғарғы бөлігіне ортасында бекітіледі (1-қосымша, 104-сурет);
Тармақша 2
2) кестеленген жиектегі кокарда – биіктігі 4 см және ені 3,5 см алтын түстес дөңес сопақша розетка түріндегі металл, тұтастай қалыпталған. Кокарданың ортасында қара көк фондағы алтын түстес ІІО эмблемасы бедерлі бейнеленген. Эмблема жиекпен айналдыра қоршалған. Кокарданың жиегінен шетіне дейін беті гофрленген және жылтыратылған. Эмблемадағы қалқан көгілдір эмальмен қапталған. Кокарданың айналасында екі жағынан симметриялы түрде кокардадан таралатын екі лавр бұтағының бейнесі алтын канительмен кестеленген. Кокарда алдыңғы жағына клямермен бекітіледі (1-қосымша, 105 –сурет);
Тармақша 3
3) күнделікті фуражканың төбесіндегі кестеленген жапсырма – алтын түстес ІІО эмблемасы бейнеленген алтын канительмен көмкерілген, жапсырмасы матадан тігілген. Эмблема айналдыра оралған. Кокарданың айналасы кокардадан симметриялы екі жаққа тарайтын екі лавр бұтағының бейнесі алтын канительмен кестеленеді (1-қосымша, 106-сурет), сондай-ақ күнқағардың шеттері әрленіп орындалады (1-қосымша, 106 а-сурет);
Тармақша 4
4) зерленген лента – ені 15 мм алтын түстес. Шеңбердің алдыңғы жағының төменгі жақтағы бүйіріне 14 мм нысанды түймелерге ілмекпен бекітіледі (1-қосымша, 107-сурет);
Тармақша 5
5) күнқағарға кесте тігу – күнқағардың алдыңғы жағы және шеттері металданған алтын канительмен тігілген. Күнқағардың алдыңғы жағының барлық ұзындығы шетінен ортасына қарай симметриялы бағытталған лавр бұтақтарының бейнесі кестеленеді, сондай-ақ күнқағардың шеттері әрленіп орындалады. Парадтық фуражкаға көзделген (1-қосымша, 108-сурет).
Тармақ 66
66. Кепиге:
Тармақша 1
1) алдыңғы қабырғадағы жапсырма – диаметрі 6 см ІІО эмблемасы бейнеленген шеңбер нысанындағы жапсырма матадан тігілген. Қорғаныш түсті бүркеніш кепидегі жапсырманың фондағы реңі және көмкермесі, алтын түстес металл және жібек жіптердің комбинациясына негізделген жазғы кепиде (бейсболкада) кестелеу әдісімен орындалған. Жапсырма кепидің алдыңғы қабырғасының ортасына бекітіледі (1-қосымша, 109-сурет);
Тармақша 2
2) геометриялық сызықтардан кестелеп тігілген ені 15 мм лента кепидің алдыңғы қабырғасының төменгі бөлігіне тігіледі. Кесте тігістің түсі қорғаныш және алтын түсті (1-қосымша, 110-сурет), фон негізгі бұйымға ұқсас;
Тармақша 3
3) күнқағарға кесте тігу – күнқағардың алдыңғы жағының барлық ұзындығы бойынша шетінен ортасына қарай симметриялы бағытталған лавр бұтақтарының бейнесін кестелеу. Кестенің түсі қорғаныш түсті (1-қосымша, 111-сурет).
Тармақ 67
67. Жоғары басшы құрамның және полиция полковниктерінің қысқы бас киімдерінде алтын түстес, биіктігі 4 см және ені 3,5 см дөңес сопақша розетка түрінде металл, тұтастай көмкерілген кокарда көзделген. Кокарданың ортасында қара көк фонда алтын түстес ІІО эмблемасы бедерлі бейнеленген. Эмблема жиекпен қоршалған. Кокарданың жиегінен шеттеріне дейін беті гофрленген, жылтыратылған. Эмблемадағы қалқан көгілдір эмальмен қапталған (1-қосымша, 112-сурет).
Тармақ 68
68. Мундирлер мен китель жеңдерінің жағалары мен қаптамаларында алтын жалатылған канитель және мишурадан жасалған лавр бұтақтарының бейнесін кестелеу көзделеді, атап айтқанда:
Тармақша 1
1) (қара-көк түсті) парадтық мундирдің жағасында лавр бұтақтары, сондай-ақ қызыл түсті тігілген жиекке параллель жағада орналасқан, алтын жалатылған канительден кесте тігіледі (1-қосымша, 113-сурет);
Тармақша 2
2) (сарғыш түсті) парадтық мундирдің жағасында лавр бұтақтарының негіздері борттық бекіткішке бағытталған, сондай-ақ алтын жалатылған канительден тігілген қызыл түсті жиекке параллель алтын жалатылған канитель кесте тігіледі (1-қосымша, 114-сурет);
Тармақша 3
3) күнделікті кительдің жағасында лавр бұтақтарының негіздері қайырмалардың шеттеріне бағытталған (1-қосымша, 115-сурет);
Тармақша 4
4) жеңдер қаптамаларындағы лавр бұтақтарының бейнесі парадтық мундирлерде алтын жалатылған канительден тігілген қаптамадағы қызыл түсті қаптамаға параллель орындалады (1-қосымша, 113, 114-суреттер).
Тармақ 69
69. ІІО қызметкерлерінің (жоғары басшы құрамды қоспағанда) бас киімдерінде (фуражкалар, кепилер (бейсболкалар) және жылы құлақшындарда диаметрі 60 мм алтын түстес Қазақстан Республикасы ІІМ эмблемасы түріндегі кокарда көзделген. Жиектердің негізгі түсі – сия-көк. Кокарданың жиегі көгілдір түсті ені 3 мм (1-қосымша, 116-сурет).
Тармақ 70
70. ІІО қызметкерлерінің (жоғары басшы құрамды қоспағанда) мундирлері мен кительдерінің жағаларына ілмектер орналастырылады. Ілмектер жоғарғы бөлігінде дөңгелектелген, биіктігі 50 мм үшбұрыш түрінде мата әдісімен дайындалады. Ілмектердің ортасында биіктігі 30 мм алтын түстес Қазақстан Республикасы ІІМ эмблемасы орналасқан. Ілмектердің жиегінің негізгі түсі – сия-көк. Ілмектердің жиегі көгілдір түсті, ені 3мм (1-қосымша, 117-сурет).
Тармақ 4. 4-параграф. Нысанды киімдегі айырым белгілерінің сипаттамасы
4-параграф. Нысанды киімдегі айырым белгілерінің сипаттамасы
Тармақ 71
71. Парадтық белдікке арналған ілмек металл қорытпасынан жасалады және сопақша пішінге ие. Ілмек және ондағы барлық нышандар – алтын түстес. Жоғары басшы құрам үшін ілмектің ортасында Қазақстан Республикасы Елтаңбасының, ІІО қызметкерлері үшін ІІО эмблемасының бедерлі бейнесі орналасқан (1-қосымша, 118-сурет).
Тармақ 72
72. Галстукке арналған алтын түсті қысқыш түсті металдардың құйындысынан жасалады. Қысқыштың ортасында Қазақстан Республикасы ІІМ эмблемасы орналастырылады (1-қосымша, 118 а-сурет).
Тармақ 73
73. Жоғары басшы құрамға арналған аксельбанттың екі ұштығы болады (1-қосымша, 119-сурет) және бір ұштығы ІІО қызметкерлеріне арналған (1-қосымша, 120-сурет) және алтын түстес жезден жасалған, пішіні конус тәрізді, біркелкі ұзартылған, жоғарғы бөлігінің қалыңдығы – 10 мм, төменгісі – 2 мм. Ұштығының ұзындығы 9 см, оның ұштығы мен баудың қосылуын жасыратын жылжымалы сақинаның ұзындығы 1,5 см. Бауды ұштықпен жалғау оларды ұштықтың ішіне бекіту жолымен жүзеге асырылады, баудың кіруі ұштықтың төменгі жағынан 8,5 см басталады.
Тармақ 74
74. Жоғары басшы құрамның арнаулы атақтарында погондарда кестеленген жұлдыздар көзделген (1-қосымша, 121-сурет).
Тармақ 75
75. Жоғары басшы құрамның жұлдыздарының көлемі диаметрі 22 мм құрайды. Жұлдыздың пішіні бес бұрышты, кестелердің түсі алтын, ал арнайы киім нысанындағы погондарда – қара. Кестелеп тігу алтын жалатылған жіппен орындалады және қызыл түсті жібек жіппен көмкеріледі, арнайы киім нысанындағы баспа погондарда кестелеп тігу ақ түсті жиегі бар қара түсте болады.
Тармақ 76
76. Жоғары басшы құрамның погондарында жұлдыздар тиісінше берілген арнаулы атаққа сәйкес мынадай санда және тәртіппен:
Тармақша 1
1) генерал-майор – бір жұлдыз, погонның төменгі шетінен жұлдыздың ортасына дейін 55 мм қашықтықта;
Тармақша 2
2) генерал-лейтенант – екі жұлдыз, біріншісі жоғарыдан погонның төменгі шетінен жұлдыздың ортасына дейін 55 мм қашықтықта, жұлдыздардың ортасы арасындағы қашықтық 25 мм;
Тармақша 3
3) генерал-полковник – үш жұлдыз, біріншісі жоғарыдан – погонның төменгі шетінен жұлдыздың ортасына дейін 80 мм қашықтықта, жұлдыздардың ортасы арасындағы 25 мм қашықтықта орналастырылады.
Тармақ 77
77. ІІО қызметкерлерінің погондарында (жоғары басшы құрамды қоспағанда) аға басшы құрам үшін диаметрі 18 мм және орта басшы құрам үшін диаметрі 14 мм баспа жұлдыздары жазылады. Қатардағы және кіші басшы құрамның погондарында биіктігі тар 7 мм және кең 10 мм жолақтар қолданылады.
Тармақ 78
78. ІІО қызметкерлері мен курсанттардың погондарында жұлдыздар мен өзге де элементтер берілген арнаулы атаққа сәйкес орналастырылады (1-қосымша, 67-87-суреттер).
Тармақ 79
79. Жұлдыздардың пішіні бес бұрышты, қолдану құрылымы үш өлшемді. Күнделікті погондардағы жұлдыздардың түсі – күміс, парадтық және ақ түсті жейдеде – алтын түстес, арнайы – қара.
Тармақ 80
80. Нысанды түймелер екі өлшемде қарастырылған – диаметрі 14 және 24 мм (жоғары басшы құрам үшін). Металл, тұтастай қалыпталған, алтын түстес түймелер тостағаншадан, тұғырдан, құлақшадан тұрады. Жоғарғы бөлігі дөңес шығыңқы, Қазақстан Республикасы Елтаңбасының бейнесі бедерлі (1-қосымша, 122-сурет).
Тармақ 81
81. ІІО қызметкерлерінің (жоғары басшы құрамды қоспағанда) нысанды түймелері: күнделікті нысанды киімде – күміс түсте, парадтық киімде – алтын түсте ұсынылған (1-қосымша, 123-сурет).
Тармақ 82
82. Екі өлшемдегі күміс және алтын түсті нысанды түймелер – диаметрі 14 және 24 мм. Металл, тұтастай қалыпталған, алтын түсті түймелер тостағаншадан, тұғырдан, құлақшадан тұрады. Жоғарғы бөлігі шығыңқы, күн астында қалықтаған бүркіттің бедерлі бейнесі бар.
Тарау 4. 4-тарау. Нысанды киімді киіп жүру қағидасы
4-тарау. Нысанды киімді киіп жүру қағидасы
Тармақ 1. 1-параграф. Нысанды киімді киіп жүру қағидасы
1-параграф. Нысанды киімді киіп жүру қағидасы
Тармақ 83
83. Нысанды киімді киіп жүру қызметтік міндеттерін орындау кезінде міндетті болып табылады және осы бұйрықтың талаптарымен регламенттеледі.
Тармақ 84
84. Саптық байқауларға, саптарға, қызметтік кеңестер мен жиналыстарға арналған киім нысанын осы іс-шараларды өткізуге жауапты лауазымды адамдар жариялайды.
Тармақ 85
85. Жазғы немесе қысқы киім нысанына ауысуды, нысанды киімді киюдің көктемде басталуын және күзде тоқтатылуын ІІО басшысы өңірдің климаттық және ауа райы жағдайларына қарай белгілейді.
Тармақ 86
86. Қызметкердің күнделікті қызмет өткеру кезіндегі киім нысанын ауа райы жағдайларына және киім нысанының белгіленген түрлеріне сәйкес ІІО басшысы анықтауы мүмкін.
Тармақ 87
87. Қызметкер ІІО-ның басқа бөліністерінде уақытша болған кезде нысанды киім осы ІІО-да белгіленген киім нысаны бойынша киіледі.
Тармақ 88
88. Қызметкерді басқа мемлекеттік органдар мен өкілдіктерге іссапарға жіберген кезде нысанды киім кию құқығы іссапарға жіберу туралы тиісті бұйрықпен регламенттеледі. ІІО қызметкерлерінің киім нысанын ол қызмет атқаратын ұйымның басшысы айқындайды.
Тармақ 89
89. Бас киімдерді белгіленген киім нысандарына сәйкес:
Тармақша 1
1) қара-көк түсті парадтық фуражка – қара-көк түсті парадтық мундирмен, маусымдық плащпен;
Тармақша 2
2) сарғыш түсті парадтық фуражка – сарғыш түсті парадтық мундирмен және ашық сұр түсті парадтық фуражка - ашық сұр түсті мундирмен маусымдық плащпен және ақ түсті жейделермен (блузкалармен);
Тармақша 3
3) күнделікті фуражка – китель мен күнделікті костюмдермен, маусымдық плащпен және күртемен, пуловермен және күнделікті жейделермен, нысанды көйлектермен;
Тармақша 4
4) нысанды қалпақ - күнделікті кительмен және костюмдермен, маусымдық күртемен, күнделікті пуловер және жейделермен, нысанды көйлектермен;
Тармақша 5
5) кепилер (бейсболкалар) – күнделікті костюмдермен және жейделермен, маусымдық плащтармен және күртелермен, сондай-ақ пуловермен және нысанды көйлектермен;
Тармақша 6
6) бүркеніш түсті кепи – бүркеніш түсті костюмдермен;
Тармақша 7
7) тоқыма қалпақ – патрульдік полиция, сыртқы қызмет қызметкерлері, учаскелік инспекторлары қысқы мезгілінде капюшон (дала, трасса) кию қажет болған кезде киюге арналған.
Тармақша 8
8) қаракөлден тігілген папаха – қаракөл жағасы бар парадтық пальтомен;
Тармақша 9
9) қаракөлден тігілген құлақшын - былғары және парадтық пальтомен, жылы күртелер мен костюмдерімен (оның ішінде бүркенішті түсті киіммен), сондай-ақ пуловерлермен. Қаракөлден тігілген құлақшын болмаған жағдайда жылы құлақшын киюге рұқсат етіледі;
Тармақша 10
10) жылы құлақшын – жылы күртемен және костюмдермен (оның ішінде бүркеніш), сондай-ақ пуловермен киюге рұқсат етіледі.
Тармақ 90
90. Барлық бас киімдер қисайтылмай тігінен киіледі және төменгі жиегі қастардың үстіне көлденең бекітілген бір-екі саусақ қашықтықта, ал фуражкалар мен кепилердің күнқағарлары қас деңгейінде болатындай етіп киіледі. Кокарданың ортасы кеңсіріктің үстінде болуы тиіс.
Тармақ 91
91. ІІО әкімшілік ғимараты кешенінің аумағында, көлік құралдарында, нысанды киімді бас киімсіз киюге, сондай-ақ суық мезгілде құлақшынды парадтық мундирмен, пальтосыз, плащсыз және күртесіз күнделікті китель және костюммен киюге рұқсат етіледі.
Тармақ 92
92. Сұр түсті қаракөл жағасы бар былғары пальтоны маусымдық уақытта жағасыз, сондай-ақ қысқы киім нысаны кезінде жылы күртенің орнына киюге рұқсат етіледі.
Тармақ 93
93. Былғары пальтоны, жылы күртені және костюмдерді ауа райына сәйкес астарынсыз киюге рұқсат етіледі.
Тармақ 94
94. Маусымдық плащтар, маусымдық күртелер мен костюмдер маусымдық уақыттан басқа жазғы және қысқы уақытта тиісті ауа райы жағдайларында парадтық және күнделікті киім нысандарымен киюге рұқсат етіледі.
Тармақ 95
95. Сыртқы қызметтердің қызметкерлеріне қызмет өткеру үшін жылы/маусымдық костюмнен бөлек нысанды шалбары бар костюмнің күртесін киюге рұқсат етіледі.
Тармақ 96
96. Пуловерді күнделікті киім нысанын кию кезінде барлық маусымда ауа райы жағдайына сәйкес күнделікті киімнің орнына китель мен күртенің орнына киюге рұқсат етіледі.
Тармақ 97
97. ІІО және білім беру ұйымдары басшысының нұсқауы бойынша галстукпен бірге күнделікті кительмен шалбарды/белдемшені ұзын жеңді ақ түсті/күнделікті жейдемен (блузкамен) киіледі (жоғары басшы құрамды қоспағанда).
Тармақ 98
98. Жоғары басшы құрам мен басқарма аппараттарының қызметкерлері күнделікті ұзын жеңді костюмдерді күнделікті фуражкамен не кепимен (бейсболкамен) күнделікті футболкалармен киеді.
Тармақ 99
99. Сыртқы қызмет қызметкерлері, учаскелік полиция инспекторлары және жүргізушілер ұзын және қысқа жеңді күнделікті костюмдерді күнделікті футболкамен, күнделікті фуражкамен (тек учаскелік полиция инспекторлары) не кепимен (бейсболкамен) киеді. Жоғары басшы құрамға қажет болған жағдайда, ІІО қызметкерлеріне басшылықтың нұсқауы бойынша күнделікті футболканың орнына ақ футболка киюге рұқсат беріледі.
Тармақ 100
100. Қызметтік кабинетте келушілер болмаған кезде шалбармен/белдемшемен футболкамен отыруға рұқсат етіледі.
Тармақ 101
101. Көк-жасыл түсті поло-футболкасы жазғы уақытта ПП (30-сурет), УПИ (37-сурет) және СҚ (40-сурет) қызметін атқарған кезде киіледі. Ақ түсті поло-футболканы қызметкерлері басшылықтың нұсқауы бойынша іс-шараларды өткізу кезінде киеді.
Тармақ 102
102. Ыстық ауа райында күнделікті футболкаларсыз қысқа жеңді костюмдерді киюге рұқсат етіледі.
Тармақ 103
103. Жейделерді (блузкалар) сыртқы киімдерден бөлек:
Тармақша 1
1) қысқа жеңді ақ түсті – жазғы парадтық киім нысаны кезінде парадтық фуражкамен және шалбармен/белдемшемен (жоғары басшы құрам - қара көк түсті шалбар), галстуксыз, сондай-ақ басшылықтың нұсқауы бойынша жай күндері күнделікті фуражкамен немесе жазғы кепкамен (бейсболкамен);
Тармақша 2
2) ұзын жеңді ақ түсті – жазғы парадтық киім нысаны кезінде парадтық фуражкамен және шалбармен/белдемшемен (жоғары басшы құрам - қара көк түсті шалбар) галстукпен және қысқыштармен, сондай-ақ басшылықтың нұсқауы бойынша жай күндері күнделікті фуражкамен немесе жазғы кепкамен (бейсболкамен);
Тармақша 3
3) күнделікті қысқа жеңді – жазғы күнделікті киім нысаны кезінде, күнделікті фуражкамен не кепимен (бейсболкамен) және шалбармен/белдемшемен, галстуксыз;
Тармақша 4
4) күнделікті ұзын жеңді – күнделікті киім нысаны кезінде, күнделікті фуражкамен не кепимен (бейсболкамен) және шалбармен/белдемшемен галстукпен және қысқыштармен киюге рұқсат етіледі.
Тармақ 104
104. Жейделер белгіленген үлгілер мен түстерде, таза, мұқият реттелген және үтіктелген, дұрыс таңдалған погондармен киіледі. Түсі өзгерген және үтіктелмеген жейделерді, майысқан және кір погондар тағылған жейделерді киюге, сондай-ақ жейденің артқы және алдыңғы қатпарларын тегістеуге жол берілмейді.
Тармақ 105
105. Нысанды көйлек жазғы уақытта қажет болған жағдайда шарфпен киіледі.
Тармақ 106
106. Сигналдық кеудешелерді қызмет атқару кезінде патрульдік полиция қызметкерлері негізгі киім жиынтығының үстінен киеді.
Тармақ 107
107. Арнайы желбей костюм күрте мен шалбардан тұрады. Күрте екі жақты орындалған: бір жағы - қара көк түсті су жұқпайтын материалдан жасалып, жергілікті жерді патрульдеу кезінде киіледі, екінші жағы - жарық шағылыстыратын элементтері бар ашық сары (лимон) түсті материалдан жасалып, жол қозғалысын реттеу кезінде киіледі (35-сурет).
Тармақ 108
108. Құрмет қарауыл ротасының құрамына кіретін қызметкерлерге арналған киім нысаны:
Тармақша 1
1) жазғы: парадтық фуражка, алтын түстес аксельбанты бар парадтық мундир және етікке салатын шалбар, галстугі бар, ақ түсті жейде, парадтық белбеу, шалбарға тағатын қара түсті белбеу, хром етік, ақ түсті биялай (1-қосымша, 124-сурет);
Тармақша 2
2) қысқы: қаракөл құлақшын, қаракөл жағалы шинель, алтын түстес аксельбанты бар парадтық мундир және етікке салатын шалбар, галстугі бар ақ түсті жейде, қара түсті шалбарға тағатын қара түсті белбеу, ақ түсті биялай, парадтық белбеу, хром етік, ақ түсті кашне (1-қосымша, 125-сурет).
Салтанатты рәсімдерді орындау кезінде салтанатты іс-шаралар мен ресми кездесулерде жалау ұстаушыға, ассистенттерге арналған салтанатты бау және жиынтықтағы кавалериялық шашка тағылады.
Тармақ 109
109. Патрульдік полициямен бірге жүретін эскорт взводының қызметкерлері: салтанаттық рәсімдік фуражка немесе дулыға, парадтық погондары және алтын түстес аксельбанты бар жиынтықтағы мотоцикл костюмін, ұзын жеңді ақ түсті жейде, галстук, ақ түсті биялай, парадтық белбеу, мотоцикл аяқ киімін киеді (1-қосымша, 126, 127-сурет).
Тармақ 110
110. Бүркеніш костюмдер айырым белгілерімен:
Тармақша 1
1) жиындар, оқу-жаттығулар, оқу-жаттығу жиындарын, жедел-тактикалық және командалық-штабтық жаттығуларды, демонстрациялық-сынақ іс-шараларын (қаруды, оқ-дәрілерді, арнайы техниканы тестілеу және т.б.) өткізу кезеңінде, оның ішінде соғыс уақытына, жағдайына ауысу, тәуліктік кезекшілікті атқару кезінде;
Тармақша 2
2) қызметін іздестіру, патрульдік, шабуылдау, айдауылдау-қарауылдау иттерімен өткеретін кинологиялық қызмет және тек қызмет атқарудың ерекше жағдайында (кір, ыс, химиялық қалдықтардың болуы) арнайы объектілерді, сондай-ақ әскери және арнайы жабдықтау базасының және қоймалық үй-жайларда, сыртта күзету үшін мамандандырылған күзет қызметінің қызметкерлері киеді;
Тармақша 3
3) басшылықтың нұсқауы бойынша білім беру процесін ескере отырып, оқу орындарының курсанттары киеді.
Тармақ 111
111. Желбей-күртені жаңбырлы ауа райында ІІО барлық қызметкерлері киеді (жоғары басшы құрамнан басқа) (1-қосымша, 128-сурет).
Тармақ 112
112. Нысанды киімді кигенде аяқ киім белгіленген үлгіде, дұрыс жағдайда және әрқашан таза күйінде киіледі. Биік қонышты бәтеңке ұқыпты баулануы тиіс. Үсті бүлінген немесе өкшесі тозған аяқ киімді киюге жол берілмейді. Сапта және ресми іс-шараларда аяқ киім тұтас былғарыдан тігілген тұмсығы бар қара түсті, сыртқы түрі бойынша бірыңғай болуы тиіс.
Тармақ 113
113. Нысанды аяқ киіммен биіктігі тобықтан 8-10 см жоғары болатын қара (қара/қаракөк) түсті шұлықтар киіледі.
Тармақ 114
114. Нысанды киімнің барлық заттарын тазалап, үтіктеу керек. Жапсырма қалтаның және ойық қалталардың клапандары сыртқа шығарылады. Нысанды киімді азаматтық киіммен араластыруға және нысанды киімнің белгіленбеген түрлерін киюге жол берілмейді.
Тармақ 115
115. Ілмектердегі, түймелердегі және түймелердегі киімнің борттық бекіткіші барлық түймелерге, толық ұзындықтағы сыдырмаға немесе қажет болған жағдайда жапсырмалы төс қалталарындағы клапандардың жоғарғы бөлігіне дейін түймеленеді.
Тармақ 116
116. Шешілген бас киімдер құрсаманың артқы жағымен ілгішке не сөреге ұқыпты ілінеді, қолайлы жиһаздың үстіне қойылады не көлденеңінен сол қолына киіледі.
Тармақ 117
117. Шешілген пальто мен күртелер киім ілгіштің ілгегіне мұқият ілінеді немесе бет жағын сыртқа қарай ұқыпты бүктеп, сол қолына киіледі.
Тармақ 118
118. Нысанды киімді қызметтік үй-жайларда сақтауға тиісті сақтау жағдайларын жасайтын шкафтар (олар болған жағдайда) немесе киім ілетін орындар болған жағдайда рұқсат етіледі.
Тармақ 119
119. Мыналарды:
Тармақша 1
1) жазғы арнайы киім нысаны кезінде қара түсті биік қонышты бәтеңке орнына – қара түсті қысқа қонышты бәтеңкені немесе қара түсті спорттық аяқ киімді;
Тармақша 2
2) қысқы арнайы киім нысаны кезінде қара түсті биік қонышты жылы бәтеңке орнына – қара түсті қысқа қонышты жылы етік;
Тармақша 3
3) биік қонышты бәтеңкенің сыртына шығарылатын бүркеніш шалбарды;
Тармақша 4
4) жазда бүркеніш арнайы үлгідегі киімнің күртешесінің жеңдерін шынтақтың бүгілген деңгейіне дейін жинауға;
Тармақша 5
5) ұқсас дизайндағы және белгіленген үлгідегі материалдары бар азаматтық аяқ киімді киюге рұқсат етіледі. Қызметтік кабинетте келушілер болмаған жағдайда қара түсті ыңғайлы аяқ киімді киюге рұқсат етіледі.
Тармақ 120
120. Мүкаммал мүлік қажет болған жағдайда қызмет өткеру кезінде киіледі.
Жедел-криминалистикалық қызметтің және жедел-тергеу топтарының қызметкерлеріне, сондай-ақ іс-шараларға тартылған қызметкерлерге қызмет бабына байланысты күнделікті не азаматтық киім нысанының үстіне «POLISIA» жазуы бар кеудеше киюге рұқсат етіледі (1-қосымша, 134-сурет).
Тармақ 121
121. Мыналарды:
Тармақша 1
1) өзгертілген және (немесе) белгіленбеген үлгілердің нысанды киім заттарын, жарақтарын және айырым белгілерін;
Тармақша 2
2) қызметтің ерекшелігі бойынша тиесілі нормаларда көзделмеген нысанды киім бұйымдарын;
Тармақша 3
3) тігілген жұлдыздары бар погондарды (жоғары басшы құрамды қоспағанда);
Тармақша 4
4) қызметтің ерекшелігі мен маусымдылығын ескере отырып, нысанды киімнің аралас заттарын (басқарма аппараттары қызметкерлерінің киім нысанын ІІО сыртта қызмет атқаратын, патрульдік полиция қызметкерлерінің, учаскелік инспекторлардың киім нысанымен; жаңа үлгідегі киім нысаны бар ескі үлгідегі киім нысанын және киюдің басқа да ықтимал нұсқаларын), сондай-ақ азаматтық және арнайы киім нысанын;
Тармақша 5
5) азаматтық киімді және аяқкиімді (нубуктен, күдері, лак былғарыдан, перфорация және декор элементтерімен) қызметтік міндеттерін атқару кезінде (нысанды киімнің орнына ақшалай өтемақы алуға құқық беретін қызмет Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары бөліністерінің тізбесін қоспағанда);
Тармақша 6
6) ашық түстердегі сөмкелерді ұстауға;
Тармақша 7
7) нысанды көйлектің үстінен: кительді, мундирді, сондай-ақ күнделікті костюмнің күртесін киюге; нысанды көйлектің ішіне футболканы немесе басқа да азаматтық киімді.
Тармақша 8
8) бүлінген, ластанған, түсі өзгерген және мыжылған, мойны созылған және түстері белгіленбеген нысанды киім заттарын киюге;
Тармақша 9
9) қызметкердің бөлініс аумағынан тыс жерлерде бас киімсіз жүруіне;
Тармақша 10
10) ІІО-да үлесінде тұрмайтын адамдарға айырым белгiлерi және (немесе) нышаны бар киiм нысанын, сондай-ақ нысанды киiм мен арнаулы киiм-кешектi пайдалануға.
Тармақша 11
11) Ішкі істер министрлігінің келісімінсіз әртүрлі іс-шараларда азаматтық тұлғалардың айырым белгiлерiн және (немесе) нышаны бар киiмді, сондай-ақ ІІО нысанды киiм мен арнаулы киiм-кешектi пайдалануға тыйым салынады.
Тармақ 122
122. Қызметкерлер нысанды және арнайы киімді кию мерзімі өткеннен кейін бұйымдарды ІІО-ның айрықша элементтері танылмайтындай жасап, одан әрі пайдалануға жарамсыз күйге келтіруге және оны өртеу немесе бөлшектерге кесу арқылы жоюға міндетті.
Тармақ 2. 2-параграф. Жеке заттарды және басқа да айырым белгілерін нысанды киіммен кию қағидасы
2-параграф. Жеке заттарды және басқа да айырым белгілерін нысанды киіммен кию қағидасы
Тармақ 123
123. Кашне пальтоның және күртенің жағаларының астына ұқыпты салынып киіледі. Кашненің жоғарғы шеті жаға астарынан біркелкі 1-2 см шығып тұруы тиіс. Ақ түсті кашне қысқы парадтық киім нысаны үшін, қара түсті кашне – қысқы күнделікті киім нысаны үшін көзделген.
Тармақ 124
124. Нысанды галстуктер ұзын жеңді жейделермен киюге арналған. Галстуктер әрқашан жаңа және таза болуы тиіс, түсі өзгерген және кірленген галстуктерді киюге рұқсат етілмейді. Галстуктер күнделікті және ақ түсті жейдемен (блузкалармен) киіледі. Жейделерді өз бетінше киіп жүргенде галстуктер оларға жоғарыдан үшінші және төртінші түймелер аралығында бекіткішпен бекітіледі.
Тармақ 125
125. Ақ түсті биялай ІІО басшысының нұсқауы бойынша парадтық киім нысанында парадтарда киіледі. Қара түсті биялайлар қысқы күнделікті киім нысанында киіледі, сондай-ақ жазғы және маусымдық киім нысандарында суық ауа райында киюге рұқсат етіледі. Сәлемдесу кезінде биялайлар шешілмейді. Жылы ауа райында қысқы киім нысанында биялайды киюге рұқсат етілмейді.
Тармақ 126
126. Азаматтық үлгідегі биялайларды, сондай-ақ белгіленген үлгідегі ұқсас дизайндағы былғарыдан тігілген биялайларды киюге рұқсат етіледі.
Тармақ 127
127. Парадтық белдік парадтық мундирде және парадтық пальтода киіледі. Белдік сапта тағылады және ойық қалта клапанының жоғарғы жиегінен 10 мм қашықтықта түймеленеді. Белдіктің қапсырмасы кию кезінде алдыңғы жағында ортасында орналасады.
Тармақ 128
128. Аксельбант жоғары басшы құрамның қара-көк түсті парадтық мундирінде және ІІО қызметкерлерінің парадтық мундирінде киіледі және оң жақ погонның астына бекітіледі. Аксельбант таңғышының бірінші бауының шеті жеңге бағытталған погонның шетінен 5 мм қашықтықта тігіледі, баудың өзі жеңнің астынан өтеді. Баудың қалған байламы ауа ілмегіне және жаға қайырманың төменгі бөлігінде тігілген түймеге бекітіледі. Бұл ретте ауа ілмегі қайырмадан көрінбеуі тиіс, ал ұштықтың ұшы жоғарыдан екінші түйменің жоғарғы бөлігінің деңгейінде болуы тиіс.
Тармақ 129
129. Жарақтар не оның жиынтығының бір бөлігі қажеттілігіне қарай арнайы киім нысанында киіледі.
Былғарысыз/тоқымасыз белдіктегі жарақтар қысқы нысанды киім-кешектің сыртынан немесе жазғы киім нысанының сыртынан: қызмет өткеру, саптық қарауларда, сапта жүру кезінде киіледі.
Тармақ 130
130. Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне нысанды киімінде:
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы № 2676 Заңына сәйкес наградаларда; «Мемлекеттік рәміздер және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының геральдикасы мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 155 Жарлығына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік және ұлттық мерекелерін мерекелеуге байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарына сәйкес наградаларды;
Тармақша 2
2) кәсіби мерекелерді мерекелеуге байланысты марапаттау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен жүзеге асырылған мерейтойлық медальдар мен төсбелгілерді;
Тармақша 3
3) марапаттау үкіметтердің нормативтік-құқықтық актілерімен, шет елдердің мемлекеттік органдары басшыларының бұйрықтарымен және халықаралық ұйымдардың шешімдерімен жүзеге асырылған ордендер, медальдар, төсбелгілерді;
Тармақша 4
4) Ауғанстан Демократиялық Республикасында және басқа елдерде интернационалдық борышын орындағаны үшін ордендер, медальдар, төсбелгілерде тағуға рұқсат етіледі.
Тармақ 131
131. Мундирлерде – ордендер мен медальдарды; кительдерде ––орден мен медаль ленталарын планкаларда және басқа да айырым белгілерін тағу міндетті болып табылады және қажет болғанда басқару аппараттарының басшы құрамына күнделікті костюмдерде тағылады (бөлім/бөлімше бастығынан төмен емес).
Бұл ретте, басқа да іс-шараларды өткізу кезінде (мемлекеттік және ведомостволық мерекелерді қоспағанда) парадтық мундирлерде орден мен медальдардың орнына медаль ленталары планкасын тағуға, сондай-ақ парадтық белдіксіз және аксельбантсыз рұқсат етіледі (полковник атағында, Департамент бастығы және аумақтық мемлекеттік орган басшысы лауазымынан төмен емес).
Тармақ 132
132. Жоғары дәрежелі ерекшелік белгілері – «Алтын Қыран» ордені (Золотой орел), «Халық қаһарманы» алтын жұлдызы (Народный герой) медалі, «Отан» ордені (Отечество), сондай-ақ, жазғы парадтық (жейдеде), жазғы күнделікті (жейдеде), арнайы (бүркеніш түсті) және жұмыс киімі нысанын қоспағанда құрметті атақтарға төсбелгілер кеуденің сол жағында барлық киім нысанында кеуделердің үстіне тағылады.
Тармақ 133
133. Бұрынғы КСРО-ның Тәуелсіз мемлекеттер достастығы мен шет мемлекеттердің ерекше ерекшелік белгілері, ордендері мен медальдары, сондай-ақ олардың орденді ленталары мен медальдарға ленталары Қазақстан Республикасының наградаларынан кейін мәртебесіне сай келетін реттілігі бойынша тағылады.
Тармақ 134
134. Парадтық және күнделікті киім нысанында:
Тармақша 1
1) жоғары дәрежелі ерекшелік белгілері;
Тармақша 2
2) ордендер мен медальдар;
Тармақша 3
3) лауреаттардың құрмет белгілері;
Тармақша 4
4) құрметті атақтарға төсбелгілер;
Тармақша 5
5) «Ішкі icтep органдарының құрметті қызметкері»; «Ішкі icтep органдарының үздігі»; «Оқу орнының үздігі»; «Қылмыстық-атқару жүйесінің үздігі» төсбелгілері;
Тармақша 6
6) маманның сыныптық біліктілікке арналған төсбелгілері (жоғары басшы құрамды қоспағанда);
Тармақша 7
7) оқу орындарын бітіргені туралы төсбелгілер;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрықтарымен бекітілген басқа да айырым белгілері киіледі.
Тармақ 135
135. Парадтық (жейдеде), күнделікті: қызметтердің барлық санаттарындағы жейделерде, күнделікті костюмдерде (қажет болған жағдайда басқару аппараттары басшы құрамын қоспағанда), арнайы (бүркеніш түсті және жұмыс киім нысандарында) орден ленталары, планкалардағы медаль ленталары және төсбелгілер тағылмайды.
Тармақ 136
136. Қазақстан Республикасының ордендері мен медальдары кеуденің сол жағына тағылады және мынадай тәртіппен орналастырылады:
Тармақ 136.1
136.1. Ордендер мен медальдар «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы № 2676 Заңында көрсетiлген тiзбеге сәйкес тағылады.
I дәрежелі «Барыс» (Барс), I дәрежелі «Даңқ» (Слава), I дәрежелі «Достық» (Дружба) ордендерінің белгілерін тағу кезінде оң иықтан өтетін иық ленталарында осы ордендердің жұлдыздары ордендердің сол жағында кеуденің сол жағында орналасады. III дәрежелі «Барыс» ордені мойын лентасында тағылады.
Қазақстан Республикасы ордендерінің орнына марапатталған адамдар белгіленген үлгідегі ордендердің символдарын таға алады.
Тармақ 137
137. Кеуденің сол жағында екі және одан да көп ордендер тағылған кезде, сондай-ақ медальдар көрсетілген ордендермен бірге тағылған кезде олардың негіздері белгіленген тәртіппен оңнан солға қарай қатарға біріктіріледі. Бір атаудағы ордендер мен медальдар марапаттау уақытының тәртібімен қатар орналастырылады, атап айтқанда «Ішкі icтep органдарының ардагері», I, II деңгейлі медальдар маңыздылығына қарай кему ретінде тағылады, ведомоствалық мерейтойлық медальдар марапаттау уақытының тәртібімен орналастырылады.
Бір қатарға сыймайтын ордендер мен медальдар (5-еуден көп емес) бірінші қатардан төмен орналасқан екінші және кейінгі қатарларға көшіріледі және оларға белгіленген кезектілікпен оңнан солға қарай орналастырылады.
Тармақ 138
138. Кеуденің сол жағына ордендер мен медальдарды орналастыру бірінші қатардағы жалпы планкалардың (негіздердің) жоғарғы жиегі мундирлерде қайырма бұрышының деңгейінен 70 мм төмен (1-қосымша, 129-132-суреттер) орналасатындай етіп жүргізіледі.
Тармақ 139
139. Екінші қатардағы ордендер мен медальдардың жалпы планкасы бірінші қатардағы ордендер мен медальдар планкасының астына кіріп тұруы тиіс, үшінші және одан кейінгі қатарлар осындай тәртіппен орналастырылады.
Тармақ 140
140. «Ішкі icтep органдарының ардагері»; I, II дәрежелі «Miнciз қызметі үшін»; «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін»; «Ғазиз Байтасов»; «Халықаралық достықты дамытуға қосқан үлесі үшін»; «Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медальдары ордендер мен медальдарда төмен, ал ордендер мен медальдар болмаған жағдайда олардың орнына тағылады.
ІІО қызметкері түрлі ведомстволардың медальдарымен марапатталған кезде қызмет атқарып отырған ведомствоның медальдарынан кейін маңыздылық дәрежесі тәртібінде оңнан солға қарай тағылады.
Тармақ 141
141. Кеуденің оң жағына Қазақстан Республикасының ордендерін орналастыру бірінші қатардағы ордендер негіздерінің жоғарғы жағы немесе ордендер жұлдыздарының жоғарғы ұштары кеуденің сол жағына орналастырылатын ордендер мен медальдардың бірінші қатардағы негіздері (жалпы планкалары) үшін белгіленген деңгейде орналасатындай етіп жүргізіледі.
Тармақ 142
142. Бұрынғы КСРО, ТМД және өзге де шет мемлекеттердің ордендері мен медальдары Қазақстан Республикасының ордендері мен медальдарынан төмен тағылады. Ленталарға бекітілген ордендер мен медальдар кеуденің сол жағына, ал лентасыз және негізсіз кеуденің оң жағына орналастырылады. Бұрынғы КСРО-ның ордендері мен медальдарын кеуденің сол жағына орналастыру бірінші қатардағы негіздердің (жалпы планкалардың) жоғарғы жағы мундирлерде қайырма бұрышының деңгейінен 70 мм төмен орналасатындай етіп жүргізіледі.
Орден ленталары мен медаль ленталары кительде кеуденің сол жағында – қайырма бұрышының деңгейінен 70 мм төмен тағылады.
Орден ленталары мен медаль ленталары планкаларда оңнан солға қарай орналастырылады. Планканың көлемі 25 х 9,0 мм құрайды.
Бұрынғы КСРО-ның және өзге де шет мемлекеттердің ордендері мен медальдарының ленталары олардың мәртебесіне сәйкес келетін ретпен Қазақстан Республикасының орденді ленталары мен медальдарының планкаларынан төмен жекелеген планкаларда тағылады. Ордендер мен медальдардың ленталары бір қатарда 4-тен аспайды және 4 қатардан аспай тағылады.
Тармақ 143
143. «Генерал жұлдызы» белгі-рәмізін азаматтық костюмнің сол жақ лацканында киюге рұқсат етіледі. Белгі тағу құқығы жоғары басшы құрам атағы берілген сәттен бастап туындайды және оны Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі тапсырады (1-қосымша, 133-сурет).
Тармақ 144
144. Лауреаттардың құрмет белгілері, құрметті атақтарға арналған төсбелгілер кеуденің оң жағына тағылады және ордендер мен медальдардан жоғары орналастырылады.
Тармақ 145
145. «Ішкі істер органдарының құрметті қызметкері», «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгілері кеуденің оң жағында, ордендер мен медальдарды парадтық мундир және китель киген кезде олардан 10 мм төмен, ал ордендер мен медальдар болмаған жағдайда – олардың орнына тағылады.
Тармақ 146
146. «Ішкі істер органдарының құрметті қызметкері» төсбелгісі болған жағдайда «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісі тағылмайды.
«Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісі он жақтағы жоғары (орта) оқу орнын бітіргені туралы төсбелгінің бір қатарына бір деңгейде орналастырылады.
«Сыныптық біліктілік» төсбелгісі кеуденің оң жағына тағылады және:
ордендер мен медальдар мундирде және кительде тағылған кезде – олардан 10 мм төмен;
ордендер мен медальдар болмаған кезде – олардың орнына «Ішкі істер органдарының құрметті қызметкері», «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгілерінің оң жағында немесе олар болмаған жағдайда олардың орнына орналастырылады.
Тармақ 147
147. ІІМ жоғары (орта) оқу орнын немесе азаматтық жоғары (орта) оқу орнын бітіргені туралы төсбелгі парадтық мундирлерде, кительдерде көлденеңінен «Ішкі істер органдарының құрметті қызметкері», «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгілерімен бір қатарға оң жаққа орналастырылады немесе екінші қатарға ауыстырылады және біріншіден төмен орналастырылады.
Тармақ 148
148. Қызметкерде ІІМ жоғары және орта оқу орнын немесе азаматтық жоғары және орта оқу орнын бітіргені туралы төсбелгілер болған кезде жоғары деңгейдегі бір ғана төсбелгі тағылады.
Азаматтық жоғары (орта) оқу орнын бітіргені туралы төсбелгіні ІІМ жоғары (орта) оқу орнын бітіргені туралы белгі болған кезде оның оң жағында, онымен бір деңгейде тағуға рұқсат етіледі.
Тармақ 149
149. Қосымша білім беру бағдарламалары бойынша оқуды бітіргені туралы, оның ішінде біліктілікті арттыру курстарының төсбелгілерін тағуға жол берілмейді.
Басқа 1.1. 1 - cурет
Жоғары басшы құрамның қара-көк түсті шалбары бар мундир және фуражкадағы жазғы парадтық киім нысаны
Ішкі істер органдары
қызметкерлерінің нысанды
киімінің сипаттамасы, айырым
белгілері, сондай-ақ оны
киіп жүру қағидаларына
1 – Қосымша
1 - cурет
Жоғары басшы құрамның қара-көк түсті шалбары бар мундир және фуражкадағы жазғы парадтық киім нысаны
2 - cурет
Жоғары басшы құрамның қысқы парадтық киім нысаны (белдікпен)
3 - cурет
Жоғары басшы құрамның сарғыш түсті фуражка мен мундирдағы және
қара-көк түстегі шалбардағы жазғы парадтық киім нысаны
4 - cурет
Жоғары басшы құрамның жазғы парадтық киім нысаны
5 - cурет
Жоғары басшы құрамның қысқы парадтық киім нысаны (белдіксіз)
6 – cурет
Жоғары басшы құрамның жазғы күнделікті киім нысаны
7 – cурет
Жоғары басшы құрамның жазғы күнделікті киім нысаны
8 – cурет
Жоғары басшы құрамның жазғы күнделікті киім нысаны
9 – cурет
Жоғары басшы құрамның маусымдық киім нысаны
10 – cурет
Жоғары басшы құрамның қысқы күнделікті киім нысаны
11 – cурет
Жоғары басшы құрамның қысқы күнделікті киім нысаны
12 – cурет
Жоғары басшы құрамның қысқы күнделікті киім нысаны
13-сурет
Жоғары басшы құрамның жазғы арнайы киім нысаны
14-сурет
Жоғары басшы құрамның қысқы арнайы киім нысаны
15-сурет
Жоғары басшы құрамның қысқы арнайы киім нысаны
Басқа 1.2
16 – cурет
Жазғы парадтық киім нысаны
17 - cурет
Жазғы парадтық киім нысаны
18 - cурет
Жазғы парадтық киім нысаны (ПБА)
19 - cурет
Жазғы күнделікті киім нысаны (ПБА)
19 а - cурет
Полковниктер үшін жазғы күнделікті киім нысаны (ПБА)
20 - cурет
Жазғы күнделікті киім нысаны (ПБА)
21 - cурет
Жазғы күнделікті киім нысаны (ПБА)
22 - cурет
Курсанттар мен жүргізушілер үшін жазғы күнделікті киім нысаны
23 - cурет
Жазғы күнделікті киім нысаны (ПБА)
24 - cурет
Жазғы күнделікті киім нысаны (ПБА)
25 - cурет
Маусымдық киім нысаны (ПБА)
26 - cурет
Маусымдық киім нысаны (ПБА)
27 - cурет
Қысқы күнделікті киім нысаны (ПБА)
28 - cурет
Қысқы күнделікті киім нысаны (ПБА)
29 - cурет
Полковниктер үшін қысқы күнделікті киім нысаны (ПБА)
Басқа 1.3
30 - cурет
Жазғы күнделікті киім нысаны (ПП)
31 - cурет
Сигналдық кеудешемен бірге жазғы күнделікті киім нысаны (ПП)
32 - cурет
Сигналдық кеудешемен бірге маусымдық киім нысаны (ПП)
33 - cурет
Қысқы күнделікті киім нысаны (ПП)
33 а - cурет
Полковниктер үшін қысқы күнделікті киім нысаны (ПП)
34 - cурет
Сигналдық кеудешемен бірге қысқы күнделікті киім нысаны (ПП)
35-сурет
Арнайы желбей костюм
Басқа 1.4
36 - cурет
Жазғы күнделікті киім нысаны (УПИ)
37 - сурет
Жазғы күнделікті киім нысаны (УПИ)
38 - сурет
Маусымдық киім нысаны (УПИ)
39 - сурет
Қысқы күнделікті киім нысаны (УПИ)
39 а - сурет
Полковниктер үшін қысқы күнделікті киім нысаны (УПИ)
Басқа 1.5
40 - сурет
Жазғы күнделікті киім нысаны (СҚ)
41 - сурет
Маусымдық киім нысаны (СҚ)
42 - сурет
Қысқы күнделікті киім нысаны (СҚ)
42 а - сурет
Полковниктер үшін қысқы күнделікті киім нысаны (СҚ)
Басқа 1.6
43 - cурет
Жазғы арнайы киім нысаны
44-сурет
Қысқы арнайы киім нысаны
Басқа 1.7
45 - сурет
Күнделікті жейдеге арналған қатты, алмалы-салмалы погондар
46 - cурет
Ақ түсті жейдеге арналған қатты, алмалы-салмалы погондар
47 - cурет
Күнделікті қатты, алмалы-салмалы погондар
48 - cурет
Күнделікті қатты, жапсырмалы погондар
49 - cурет
Қара-көк түсті мундирге, пальтоға арналған парадтық қатты,
жапсырмалы погондар
50 - сурет
Сарғыш түсті мундирге арналған парадтық қатты, жапсырмалы погондар
51 - сурет
Күнделікті, жұмсақ погон-муфталар
52 - cурет
Арнайы, жұмсақ погон-муфталар
53 – cурет
Парадтық қатты, жапсырмалы погондар
54 - cурет
Парадтық қатты, жапсырмалы
55 - cурет
Парадтық, жұмсақ погон-муфталар
56 - cурет
Парадтық, жұмсақ погон-муфталар
57 - сурет
Парадтық, жұмсақ погон-муфталар
58 - сурет
Күнделікті қатты, жапсырмалы погондар
59 - cурет
Күнделікті қатты, жапсырмалы погондар
60 - cурет
Күнделікті қатты, жапсырмалы погондар (курсанттарға)
61 - cурет
Күнделікті, жұмсақ погон-муфталар
62 - cурет
Күнделікті, жұмсақ погон-муфталар
63 - cурет
Күнделікті, жұмсақ погон-муфталар (курсанттарға)
64 - cурет
Арнайы, жұмсақ погон-муфталар
65 - cурет
Арнайы, жұмсақ погон-муфталар
66 - cурет
Арнайы, жұмсақ погон-муфталар (курсанттарға)
67 - cурет
Қатты, жапсырмалы погондардағы элементтердің өлшемдері
68 - cурет
Қатты, жапсырмалы погондардағы элементтердің өлшемдері
69 - cурет
Қатты, жапсырмалы погондардағы элементтердің өлшемдері
70 - cурет
Қатты, жапсырмалы погондардағы элементтердің өлшемдері
71 - cурет
Қатты, жапсырмалы погондардағы элементтердің өлшемдері
72 - cурет
Погон-муфталардағы элементтердің өлшемдері
73-сурет
Погон-муфталардағы элементтердің өлшемдері
74 - сурет
Погон-муфталардағы элементтердің өлшемдері
75 - сурет
Погон-муфталардағы элементтердің өлшемдері
76 - сурет
Погон-муфталардағы элементтердің өлшемдері
77 - cурет
Погон-муфталардағы элементтердің өлшемдері
78 - cурет
Погон-муфталардағы элементтердің өлшемдері
79 - cурет
Погон-муфталардағы элементтердің өлшемдері
80 - cурет
Погон-муфталардағы элементтердің өлшемдері
81 - cурет
Погон-муфталардағы элементтердің өлшемдері
82 - cурет
Погон-муфталардағы элементтердің өлшемдері
83 - cурет
Погон-муфталардағы элементтердің өлшемдері
84 - cурет
Погон-муфталардағы элементтердің өлшемдері
85 - cурет
Погон-муфталардағы элементтердің өлшемдері
86 - cурет
Погон-муфталардағы элементтердің өлшемдері
87 - cурет
Погон-муфталардағы элементтердің өлшемдері
Басқа 1.8
88 - cурет
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің
күнделікті киім нысанының жеңдік белгісі
89 - cурет
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің қара-көк түсті мундир,
сұр түсті қаракөл жағасы бар парадтық пальто үшін
парадтық киім нысанының жеңдік белгісі
90 - cурет
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің сарғыш түсті мундир үшін
нысанының жеңдік белгісі
91 - cурет
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің
арнайы киім нысанының жеңдік белгісі
92 - cурет
Күнделікті киім нысанына арналған шеврон
93 - cурет
Қара-көк түсті мундир, сұр түсті қаракөл жағасы бар парадтық пальто
үшін парадтық киім нысанына арналған шеврон
94 - cурет
Сарғыш түсті мундир үшін парадтық киім нысанына арналған шеврон
95 - сурет
Арнайы киім нысанына арналған шеврон
96 - cурет
Күнделікті киім нысанына арналған шеврон
97 – cурет
Парадтық киім нысанына арналған шеврон
98 - cурет
Ақ түсті жейдеге/блузкаға, (поло) футболкаға арналған шеврон
99 - cурет
Арнайы киім нысанына арналған шеврон
100 - cурет
Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің жеңдік белгісі
101 - cуреттер
Учаскелік полиция инспекторларына, патрулдік полиция, сыртқы
қызмет қызметерлеріне арналған өңірлік жеңдік белгілер
Сыртқы қызмет (СҚ)
102 - cурет
ІІО қызметтерінің төсбелгілері
1 курс
2 курс
3 курс
4 курс
103 - сурет
Оқу курстары бойынша курсанттарға арналған жапсырмалар
104 - cурет
Парадтық фуражкалар жапсырмасы
105 - сурет
Парадтық кестемен фуражка жиегіне кокарда
106 - cурет
Кестесі бар күнделікті фуражканың тұсына жапсыру
106 а- cурет
Күнделікті фуражканың күнқағар шеттері
107 - cурет
Фуражкалардың жиегіне арналған ойынды таспа
108 - cурет
Парадтық фуражкалардың күнқағарларына кесте
109 - cурет
Кепилердің алдыңғы қабырғасына арналған жапсырма
110 - cурет
Кепилердің алдыңғы қабырғасына таспа
111 - cурет
Кепиге (бейсболка) және бүркеніш түсті кепидің күнқағарларына кесте
112 - cурет
Фуражканың құрсамасына, папахаға және қаракөлден тігілген
құлақшынға арналған кокарда
113 - cурет
Парадтық мундирдің жағасына және жеңдерінің қайырмасына
арналған кесте
114 - сурет
Парадтық мундирдің жағасына және жеңдерінің қайырмасына
арналған кесте
115 - сурет
Күнделікті кительдің жағасына және жеңдерінің қайырмасына
арналған кесте
116 - сурет
Бас киімге арналған кокарда
117 – сурет
Кительдердің
мундирлердің
жағасына арналған ілмектер
ІІО генералдары үшін
ІІО қызметкерлері үшін
118 - cурет
Тоғасы және эмблемасы бар парадтық белдік
118 а – cурет
Галстукке арналған қысқыш
119 - cурет
Екі ұштығы бар аксельбант
120 - cурет
Бір ұштығы бар аксельбант
121 - cурет
Погондарға кестелік және баспалық жұлдыздар
122 - cурет
ІІО генералдарының нысанды киіміне түймелер
123 - cурет
ІІО қызметкерлерінің нысанды киіміне түймелер
Басқа 1.9
124 - cурет
Құрмет қарауыл ротасының жазғы нысанды киімі
125 - cурет
Құрмет қарауыл ротасының қысқы нысандық киімі
126 - cурет
Экскорт взводының нысанды киімі
127 - cурет
Экскорт взводының нысанды киімі
128 - cурет
Желбей күрте
129 - cурет
ІІО генералдарының парадтық мундиріне ордендер мен медальдарды орналастыру
130 - cурет
ІІО генералдарының мундиріне
парадтық ордендер мен медальдарды орналастыру
131 - cурет
ІІО генералдарының күнделікті кителіне ордендер мен медальдарды орналастыру
132 - cурет
Парадтық және күнделікті кительде ордендер мен медальдарды орналастыру
133 - cурет
«Генерал жұлдызы» нышандық белгiсi
134 - cурет
«POLISIA» жазуы бар кеудеше