О внесении изменения в постановление акимата Жаркаинского района от 27 ноября 2024 года № А-11/388 «Об утверждении коэффициентов зонирования, учитывающих месторасположение объекта налогообложения в населенных пунктах Жаркаинского района» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жарқайың ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» Жарқайың ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 27 қарашадағы № А-11/388 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Жарқайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Жарқайың ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» Жарқайың ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 27 қарашадағы № А-11/388 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8859-03 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда баяндалсын: «Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 600-бабының 6-тармағына сәйкес Жарқайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жарқайың ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.