О внесении изменений в решение Павлодарского городского маслихата от 27 марта 2024 года № 135/15 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи по городу Павлодар» Қолданыста
Басқа 0
Павлодар қалалық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы «Павлодар қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» № 135/15 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Павлодар қалалық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы «Павлодар қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» № 135/15 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7528-14 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Павлодар қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидаларын бекіту туралы»;
көрсетілген шешімнің 1 - тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Павлодар қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.»;
көрсетілген шешіммен анықталған, Павлодар қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:
көрсетілген шешімнің қосымшасындағы тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
«Павлодар қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидалары»;
көрсетілген шешімнің 4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Тұрғын үй көмегінің мөлшері қызмет берушімен Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен бекітілген, тұрғын үй көмегін беру қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) 4-1-тармағына сәйкес есептеледі.»;
көрсетілген шешімнің 6-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«6. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысы тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанына есептеледі.»;
шешімнің 7 - тармағы алып тасталсын;
шешімнің 11 - тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«11. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкімет» веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.».
Тармақ 2
2. «Павлодар қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы шешім оның ресми жарияланғаннан кейін «Павлодар қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.