О внесении изменений в решение маслихата Айтекебийского района от 27 марта 2024 года № 181 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Айтекебийском районе» Қолданыста
Басқа 0
Әйтеке би аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 181 «Әйтеке би ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Әйтеке би аудандық мәслихатының «Әйтеке би ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2024 жылғы 27 наурыздағы № 181 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8553-04 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Әйтеке би ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы»;
көрсетілген шешімнің 1 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әйтеке би ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген шешіммен бекітілген Әйтеке би ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі бойынша:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Әйтеке би ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасы»;
көрсетілген шешімінің 1 қосымшасында:
2 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
Тұрғын үй көмегінің мөлшері көрсетілетін қызметті берушімен Қағидалардың 4-1-тармағына сәйкес есептеледі.»;
4 - тармағының 1 абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Аз қамтылған отбасы (азамат) (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тоқсанына бір рет Қағидаларға сәйкес, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүгінеді.»;
9 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«9. Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау не бас тарту туралы дәлелді жауап не «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беру мерзімі 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.».
Тармақ 2
2. «Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Әйтеке би аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.