Об отмене приказа Министра транспорта Республики Казахстан от 27 июня 2024 года № 224 «Об утверждении Концепции развития железнодорожного транспорта Республики Казахстан до 2029 года» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының теміржол көлігін дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2024 жылғы 27 маусымдағы № 224 бұйрығының күшін жою туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының теміржол көлігін дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің 2024 жылғы 27 маусымдағы № 224 бұйрығының күші жойылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкiне енгізу үшін жолдауды;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.