О внесении изменений в решение маслихата города Арыс от 27 декабря 2024 года № 28/160-VIII «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Күшін жойған
Басқа 0
Арыс қалалық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 28/160-VIII «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Арыс қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Арыс қалалық мәслихаттың 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №28/160-VIII «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6647-13 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақтағы «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56 бабының 1-тармағының 4) тармақшасына,» деген сөз «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 33 бабының 1-тармағының 5) тармақшасына,» сөзіне ауыстырылсын.
7 тармақ, 4) тармақшаның 5 және 6 бөліктері алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.