О внесении изменения в постановление акимата Павлодарской области от 27 ноября 2024 года № 284/2 «Об утверждении государственного образовательного заказа на дополнительное образование детей в пределах объемов бюджетных средств по Павлодарской области на 2025 год» Қолданыста
Басқа 0
Павлодар облысы әкімдігінің 2024 жылғы 27 қарашадағы
«2025 жылға Павлодар облысы бойынша бюджет қаражаты көлемінің шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» № 284/2 қаулысына
өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 6-бабы 2-тармағының 8-4) тармақшасына және 62-бабының 6-2-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2024 жылғы 27 қарашадағы «2025 жылға Павлодар облысы бойынша бюджет қаражаты көлемінің шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» № 284/2 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулы қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. «Павлодар облысының білім беру басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. 2025 жылға Павлодар облысы бойынша бюджет қаражаты көлемінің шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы
Павлодар облысы әкімдігінің
2025 жылғы «___» ______
№ _______ қаулысына
қосымша
2025 жылға Павлодар облысы бойынша бюджет қаражаты көлемінің шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы
№
Қосымша білім беру бағыттарының түрлері
Білім алушылардың және (немесе) тәрбиеленушілер саны
Бір білім алушыға және (немесе) тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығыстардың орташа құны, теңге
1
Ғылыми-техникалық
478
13016
2
Туристік-өлкетану
350
13016
3
Экологиялық-биологиялық
409
13016
4
Көркемдік-эстетикалық
620
13016
5
Әлеуметтік-педагогикалық
545
13016
6
Гуманитарлық
625
13016
7
Жаратылыстану-математикалық
410
13016
Барлығы:
3437