О внесении изменения и дополнения в решение Петропавловского городского маслихата Северо-Казахстанской области от 27 марта 2024 года № 3 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Петропавловске» Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Петропавл қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 3 шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Петропавл қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7733-15 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: көрсетілген шешімге 1-қосымшада: 3-тармақтың екінші абзацы алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 4-1. тармақпен толықтырылсын: «4-1. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен бекітілген нормалар шегінде есептейді.».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.