О внесении изменений в решение Аральского районного маслихата Кызылординской области от 27 декабря 2024 года № 335 «О бюджете сельского округа Каракум на 2025-2027 годы» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №335 «2025-2027 жылдарға арналған Қарақұм ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Арал аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №335 «2025-2027 жылдарға арналған Қарақұм ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «1. 2025-2027 жылдарға арналған Қарақұм ауылдық округінің бюджеті 1,2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер – 104 899 мың теңге; салықтық түсімдер – 10 981 мың теңге; салықтық емес түсімдер – 849 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 350 мың теңге; трансферттер түсімі – 92 719 мың теңге; 2) шығындар – 106 555,2 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу – 0; бюджеттік кредиттер – 0; бюджеттік кредиттерді өтеу – 0; 4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0; қаржы активтерін сатып алу - 0; мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0; 5) бюджет тапшылығы (профициті) – -1656,2 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 1656,2 мың теңге.» қарыздар түсімі – 0; қарыздарды өтеу – 0; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтар – 1656,2 мың теңге. Аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Басқа 3
Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы «02» желтоқсандағы № 454 шешіміне қосымша Арал аудандық мәслихатының 2024 жылғы «27» желтоқсандағы № 335 шешіміне 1-қосымша Қарақұм ауылдық округінің 2025 жылға арналған бюджеті Санаты 2025 жыл сомасы (мың теңге) Сыныбы Ішкі сыныбы Атауы 1 2 3 4 5 1. Кірістер 104 899 1 Салықтық түсімдер 10 981 01 Табыс салығы 2 123 2 Жеке табыс салығы 2 123 04 Меншiкке салынатын салықтар 8 614 1 Мүлiкке салынатын салықтар 92 3 Жер салығы 37 4 Көлік құралдарына салынатын салық 7 994 5 Бірыңғай жер салығы 491 05 Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар 244 3 Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем 229 4 Кәсiпкерлiк және кәсiби қызметтi жүргiзгенi үшiн алынатын алымдар 15 2 Салықтық емес түсімдер 849 01 Мемлекеттік меншіктен түсетін түсімдер 849 5 Мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер 849 3 Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 350 03 Жердi және материалдық емес активтердi сату 350 1 Жерді сату 350 4 Трансферттердің түсімдері 92 719 02 Мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер 92 719 3 Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер 92 719 Функционалдық топ 2025 жыл сомасы Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі Бағдарлама Атауы 2. Шығындар 106 555,2 01 Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер 48 611,2 124 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты 48 611,2 001 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер 47 881,2 022 Мемлекеттік органның күрделі шығыстары 730 07 Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 9 845 124 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты 9 845 008 Елде мекендердегі көшелерді жарықтандыру 2 165 009 Елдi мекендердiң санитариясын қамтамасыз ету 400 014 Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру 7 280 08 Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк 44 908 124 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты 44 908 006 Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау 44 908 13 Басқалар 3 191 124 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты 3 191 040 Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыру 3 191 3. Таза бюджеттік кредит беру 0 Бюджеттік кредиттер 0 5 Бюджеттік кредиттерді өтеу 0 4. Қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо 0 Қаржы активтерін сатып алу 0 5. Бюджет тапшылығы (профициті) -1 656,2 6. бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 1 656,2 Қарыздар түсімі 0 Қарыздарды өтеу 0 8 Бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы 1656,2 1 Бюджет қаражаты қалдықтары 1 656,2 01 Бюджет қаражатының бос қалдықтары 1656,2 2 Есепті кезең соңындағы бюджет қаражатының қалдықтары 0 01 Есепті кезеңнің соңындағы бюджет қаражатының қалдықтары 0