Об утверждении Перечня закрытых и обособленных военных городков, иных закрытых объектов, содержание служебных жилищ и централизованное отопление в которых обеспечиваются за счет бюджетных средств, а также в которых служебное жилище не подлежит приватизации и об отмене приказа Министра обороны Республики Казахстан от 27 августа 2025 года № 1165 «Об утверждении Перечня закрытых и обособленных военных городков, иных закрытых объектов, содержание служебных жилищ и централизованное отопление в котор Қолданыста
Басқа 0
Қызметтік тұрғынжайды ұстау және орталықтандырылған жылыту бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етілетін, сондай-ақ қызметтік тұрғынжайы жекешелендіруге жатпайтын жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, өзге де жабық объектілердің тізбесін бекіту және «Қызметтік тұрғынжайларды ұстау және орталықтандырылған жылыту жүйесі бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етілетін, сондай-ақ қызметтік тұрғынжайы жекешелендіруге жатпайтын жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, өзге де жабық объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 27 тамыздағы № 1165 бұйрығының күшін жою туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереже 15-тармағының 246) тармақшасына БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қызметтік тұрғынжайды ұстау жəне орталықтандырылған жылыту бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етілетін, сондай-ақ қызметтік тұрғынжайы жекешелендіруге жатпайтын жабық жəне оқшауланған əскери қалашықтардың, өзге де жабық объектілердің тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Қызметтік тұрғынжайларды ұстау және орталықтандырылған жылыту жүйесі бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етілетін, сондай-ақ қызметтік тұрғынжайы жекешелендіруге жатпайтын жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, өзге де жабық объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 27 тамыздағы № 1165 бұйрығының күші жойылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери инфрақұрылым бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күннен кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тыл және әскери инфрақұрылым жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
Тармақ 6
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қызметтік тұрғынжайды ұстау жəне орталықтандырылған жылыту бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етілетін, сондай-ақ қызметтік тұрғынжайы жекешелендіруге жатпайтын жабық жəне оқшауланған əскери қалашықтардың,
өзге де жабық объектілердің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2026 жылғы «____»________
№ ____ бұйрығымен
бекітілген
Қызметтік тұрғынжайды ұстау жəне орталықтандырылған жылыту бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етілетін, сондай-ақ қызметтік тұрғынжайы жекешелендіруге жатпайтын жабық жəне оқшауланған əскери қалашықтардың,
өзге де жабық объектілердің тізбесі
Р/с
№
Гарнизон (облыс,
республикалық маңызы бар қала, астана)
Әскери қалашықтың орналасқан жері
Санаты (жабық, оқшауланған)
Орналасқан әскери бөлiм (бөлімше)
1
2
3
4
5
1-бөлім. Астана қаласы
1.
Ақмола
Астана қаласы, Железнодорожный тұрғын алабы
Жабық
68665
2.
Ақмола
Астана қаласы
Жабық
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті
2-бөлім. Ақмола облысы
3.
Ақмола
Аршалы ауданы,
Арнасай ауылы
Жабық
68665, 44813
4.
Щучинск
Щучинск қаласы
Жабық
ҚР ҚМ
Ш. Уәлиханов атындағы әскери колледж
3-бөлім. Алматы облысы
5.
Алматы
Қарасай ауданы,
Шамалған ауылы
Оқшауланған
73652
6.
Қонаев
Қонаев қаласы
Жабық
32363
7.
Шеңгелді
Қонаев қаласы,
Шеңгелді ауылы
Оқшауланған
86621
4-бөлім. Жетісу облысы
8.
Жаркент
Жаркент қаласы
Оқшауланған
74261
9.
Сарыөзек
Кербұлақ ауданы,
Сарыөзек ауылы
Жабық
12740, 29108
10.
Үшарал
Алакөл ауданы,
Достық ауылы
Жабық
31767 «Д»
11.
Жетісу
Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылы
Оқшауланған
18386
12.
Жетісу
Талдықорған қаласы
Жабық
Талдықорған аудандық пайдалану бөлімі, 54380
5-бөлім. Шығыс Қазақстан облысы
13.
Өскемен
Өскемен қаласы,
Жаңа Ахмеров ауылы
Оқшауланған
27943, 64471
14.
Өскемен
Күршім ауданы,
Күршім ауылы
Жабық
31767 «В»
6-бөлім. Батыс Қазақстан облысы
15.
Орал
Жаңақала ауданы
Жаңажол ауылы
Оқшауланған
51809 «В»
7-бөлім. Абай облысы
16.
Өскемен
Жарма ауданы,
Жаңғызтөбе кенті
Оқшауланған
47007
17.
Аягөз
Аягөз қаласы
Оқшауланған
10810
18.
Аягөз
Аягөз қаласы,
Мамырсу ауылы
Оқшауланған
97616
8-бөлім. Жамбыл облысы
19.
Гвардейск
Қордай ауданы,
Гвардейск қала үлгісіндегі кенті
Жабық
30212, 21450
20.
Тараз
Жуалы ауданы, Қызыларық ауылы
Жабық
91678
21.
Луговой
Т. Рысқұлов ауданы,
Құлан ауылы,
Луговой станциясы
Жабық
42062
22.
Луговой
Меркі ауданы,
Меркі ауылы
Жабық
11971
23.
Тараз
Байзақ ауданы,
Қайнар разъезді, Сарыкемер ауылы
Оқшауланған
28349
24.
Тараз
Байзақ ауданы,
Ақжар ауылы
Жабық
40336
25.
Тараз
Жамбыл ауданы,
Айша бибі ауылы
Оқшауланған
10216 «Г»
9-бөлім. Қарағанды облысы
26.
Қарағанды
Абай ауданы,
Спасск ауылы
Оқшауланған
36352
27.
Қарағанды
Саран қаласы,
Ақтас кенті
Жабық
85510
28.
Балқаш
Ақтоғай ауданы,
Орта Дересін ауылы
Жабық
03876
10-бөлім. Маңғыстау облысы
29.
Ақтау
Ақтау қаласы
Оқшауланған
25744, 51809
30.
Ақтау
Форт-Шевченко қаласы
Жабық
51809
31.
Атырау
Бейнеу ауданы,
Бейнеу ауылы
Оқшауланған
99116
11-бөлім. Түркістан облысы
32.
Арыс
Арыс қаласы
Оқшауланған
44859
33.
Шымкент
Сарыағаш ауданы,
Жібек жолы ауылы
Оқшауланған
35748
12-бөлім. Шымкент қаласы
34.
Шымкент
Шымкент қаласы
Жабық
35748
13-бөлім. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің, байланыс торабының бөлімшелері мен әскери қоймалары
35.
Өз тұрғын үй қоры бар және елдi мекеннен тыс орналасқан Әуе қорғанысы күштерi бөлiмшелерiнiң әскери қалашықтары
Оқшауланған
36.
Өз тұрғын үй қоры бар және елдi мекеннен тыс орналасқан байланыс торабы әскери қалашықтары мен әскери қоймалар
Оқшауланған
📌 Ескертпе.
Әскери қалашық деп бір жер учаскесінде орналасқан және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін, азаматтық персоналын және қызметшілерін орналастыру үшін белгілі бір нысаналы мақсаты бар ғимарат пен құрылысжай кешені түсініледі.