О внесении изменений и дополнений в приказ Министра экологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 27 июня 2025 года № 175 «Об утверждении Правил осуществления платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) государственными учреждениями в сферах лесного хозяйства, особо охраняемых природных территорий, деньги от реализации которых остаются в их распоряжении, использования денег от реализации государственными учреждениями в сферах лесного хозяйства, особо охраняемых природ Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Өткізуден түскен ақша өз иелігінде қалатын орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түскен, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 175 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Өткізуден түскен ақша өз иелігінде қалатын орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түскен, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 175 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36373 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өткізуден түскен ақша өз иелігінде қалатын орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түскен, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану қағидаларында: 7-тармақта: 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «5) байланыс құралдарын, көлік және жабдықтар, ғимараттар мен үй-жайларды, өртке қарсы күрес, орман қорғау және орман дақылдары мақсатындағы механизмдер мен материалдар, орман дақылдары жұмыстары үшін тұқымдар мен отырғызу материалдарын, отынды, жанар-жағармай материалдарын, киім-кешек, дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы өзге де бұйымдарды, қару және арнайы қорғаныш құралдарын сатып алуға;»; 7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «7) орман саласындағы мемлекеттік мекемелерінің жұмыс істеуімен байланысты ғимараттарды, құрылысжайларды және өзге де объектілерді салуға, реконструкциялауға және күрделі жөндеуге;»; мынадай мазмұндағы 10), 11), 12), 13), 14), 15) және 16) тармақшалармен толықтырылсын: «10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген іссапар шығыстарын өтеу нормалары шегінде зерттеу, тағылымдамалар, курстар өткізуге, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жүргізуге, көрмелерге, семинарларға, ғылыми конференцияларға, оның ішінде халықаралық ғылыми конференцияларға қатысуға ел ішіндегі және одан тыс жерлерге іссапар шығыстары (оның ішінде техникалық персоналдың және келісімшарттық қызметшілердің); 11) жылу, электр энергиясы, сумен жабдықтау үшін ақы төлеуге арналған шығыстар және басқа да коммуналдық шығыстар, ағымдағы және шаруашылық мақсаттар үшін заттар мен материалдарды сатып алу, ғимаратқа қызмет көрсету бойынша қызметтер мен жұмыстарға (ағымдағы жөндеу) ақы төлеу, көлiктiк қызметтерге ақы төлеу және запастарды сатып алуға арналған өзге де шығыстар; 12) аумақтық қазынашылық бөлімшесіне инкассалық өкім ұсынылғанға дейін мемлекеттік мекеменің атқарушылық құжатты ерікті түрде орындау; 13) интернетті қоса алғанда байланыс қызметтеріне ақы төлеу, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, үй-жайды жалға алу, кеңсе және шаруашылық тауарларын сатып алу (қамтамасыз ету), ақпараттық жүйелерге қызмет көрсету; 14) көлік құралдарын техникалық қарап-тексеру, иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу; 15) жобалау құжаттамасын (техникалық-экономикалық негіздеме) әзірлеу және сараптау, жер учаскесінің топографиялық түсірілімін дайындау, жерге орналастыру жобасын әзірлеу, жергілікті жерде жер учаскесінің шекараларын белгілеу бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу; 16) ағымдағы шығындар (айыппұлдар, тұрақсыздық айыбы, орман және өсімдіктер ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы, мемлекеттік баж, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, олар бойынша өсімпұлдар мен айыппұлдар).»; 8-тармақта: 9) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «9) байланыс құралдарын, көлік және жабдықтар, ғимараттар мен үй-жайларды, өртке қарсы күрес, орман қорғау және орман дақылдары мақсатындағы механизмдер мен материалдар, орман дақылдары жұмысы үшін тұқым және отырғызу материалдарын, отынды, жанар-жағармай материалдарын, киім-кешек, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы өзге де бұйымдарды, қару және арнайы қорғаныш құралдарын сатып алуға; 10) табиғат қорғау қызметі мен байланысты ғимараттарды, құрылысжайларды және өзге де объектілерді салуға, реконструкциялауға және күрделі жөндеуге;»; мынадай мазмұндағы 19), 20), 21), 22), 23), 24) және 25) тармақшалармен толықтырылсын: «19) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген іссапар шығыстарын өтеу нормалары шегінде зерттеу, тағылымдамалар, курстар өткізуге, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жүргізуге, көрмелерге, семинарларға, ғылыми конференцияларға, оның ішінде халықаралық ғылыми конференцияларға қатысуға ел ішіндегі және одан тыс жерлерге іссапар шығыстары (оның ішінде техникалық персоналдың және келісімшарттық қызметшілердің); 20) жылу, электр энергиясы, сумен жабдықтау үшін ақы төлеуге арналған шығыстар және басқа да коммуналдық шығыстар, ағымдағы және шаруашылық мақсаттар үшiн заттар мен материалдарды сатып алу, ғимаратқа қызмет көрсету бойынша қызметтер мен жұмыстарға (ағымдағы жөндеу) ақы төлеу, көліктік қызметтерге ақы төлеу және запастарды сатып алуға арналған өзге де шығыстар; 21) аумақтық қазынашылық бөлімшесіне инкассалық өкім ұсынылғанға дейін мемлекеттік мекеменің атқарушылық құжатты ерікті түрде орындау; 22) интернетті қоса алғанда байланыс қызметтеріне ақы төлеу, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, үй-жайды жалға алу, кеңсе және шаруашылық тауарларын сатып алу (қамтамасыз ету), ақпараттық жүйелерге қызмет көрсету; 23) көлік құралдарын техникалық қарап-тексеру, иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу; 24) жобалау құжаттамасын (техникалық-экономикалық негіздеме) әзірлеу және сараптау, жер учаскесінің топографиялық түсірілімін дайындау, жерге орналастыру жобасын әзірлеу, жергілікті жерде жер учаскесінің шекараларын белгілеу бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу; 25) ағымдағы шығындар (айыппұлдар, тұрақсыздық айыбы, орман және өсімдіктер ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы, мемлекеттік баж, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, олар бойынша өсімпұлдар мен айыппұлдар).».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі