О внесении изменения в совместный приказ Министра финансов Республики Казахстан от 27 июня 2025 года № 329 и исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 30 июня 2025 года № 64 «Об утверждении Правил вынесения на рассмотрение Республиканской бюджетной комиссии вопросов уменьшения размера выплат или освобождения от уплаты поступлений в республиканский бюджет дивидендов или части чистого дохода по перечню государственных предприятий, акционерных обществ, товарищ Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакеттері республикалық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің тізбесі бойынша республикалық бюджетке дивидендтердің немесе таза кіріс бөлігінің түсімдері төлемдерінің мөлшерін азайту немесе оларды төлеуден босату мәселелерін республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 329 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 30 маусымдағы № 64 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. «Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакеттері республикалық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің тізбесі бойынша республикалық бюджетке дивидендтердің немесе таза кіріс бөлігінің түсімдері төлемдерінің мөлшерін азайту немесе оларды төлеуден босату мәселелерін республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 329 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 30 маусымдағы № 64 бірлескен бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакеттері республикалық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің тізбесі бойынша республикалық бюджетке дивидендтердің немесе таза кіріс бөлігінің түсімдері төлемдерінің мөлшерін азайту немесе оларды төлеуден босату мәселелерін республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару қағидаларында: Қағидаларға қосымша осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бірлескен бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Акцияларының мемлекеттік пакеттері (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) республикалық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің тізбесі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 135 мен Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 812 бірлескен бұйрығына қосымша Акцияларының мемлекеттік пакеттері (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) республикалық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың жауапкершілігі шектеулі, серіктестіктердің тізбесі бойынша республикалық бюджетке дивидендтердің немесе таза кіріс бөлігінің түсімдері төлемдерінің мөлшерін азайту немесе оларды төлеуден босату мәселелерін республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару қағидаларына қосымша Акцияларының мемлекеттік пакеттері (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) республикалық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің тізбесі № Ұйымдардың атауы Төлемдердің мөлшерін азайту немесе түсімдерді төлеуден босату кезеңі Таза кірістен аударымдар нормативі/дивидендтер/таза кірістің бөлігі (%) 1. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны 2022-2027 жылдардың қорытындысы бойынша 1% 2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитетінің «Қазарнаулыэкспорт (Қазспецэкспорт)» республикалық мемлекеттік кәсіпорны 2023-2025 жылдардың қорытындысы бойынша 0,5% 3. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Қазаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорыны 2025-2027 жылдардың қорытындысы бойынша 1% 4. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы 2023-2027 жылдардың қорытындысы бойынша 0% 5. «Электрондық қаржы орталығы» акционерлік қоғамы 2024-2026 жылдардың қорытындысы бойынша 0% 6. «Қазақстан инжиниринг (Kazakhstan Engineering)» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы 2021-2024 жылдардың қорытындысы бойынша 0% 7. «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы 2024 жылдың қорытындысы бойынша 35,6% 8. «Digital Silk Road Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2024-2026 жылдардың қорытындысы бойынша 0% 9 «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы 2024-2028 жылдардың қорытындысы бойынша 0% 10 «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы 2024 жылдың қорытындысы бойынша 0% 11 «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2024-2028 жылдардың қорытындысы бойынша 0% 12 «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2024 жылдың қорытындысы бойынша 0% 13 «Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы» акционерлік қоғамы 2024 жылдың қорытындысы бойынша 0% 14 «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы 2024 жылдың қорытындысы бойынша 0%