О внесении изменений и дополнения в приказ Заместителя Премьер-Министра –Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 мая 2025 года № 37 «Об утверждении Методики расчетов прогнозных сведений о состоянии государственных финансов и Методики определения лимитов правительственного долга, долга местных исполнительных органов, предоставления государственных гарантий, предоставления государственных гарантий по поддержке экспорта, государственных обязательств по проектам государственно-час Қолданыста
Басқа 0
«Мемлекеттік қаржының жай-күйі туралы болжамды мәліметтерді есептеу әдістемесін және Үкіметтік борыштың, жергілікті атқарушы органдар борышының, мемлекеттік кепілдіктер беру, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, мемлекет кепілгерлігін беру, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыртқы борышының лимиттерін айқындау, сыртқы қарыздарды тарту құқығы берілген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өлшемшарттарын айқындау және тізбесін қалыптастыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 27 мамырдағы № 37 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік қаржының жай-күйі туралы болжамды мәліметтерді есептеу әдістемесін және Үкіметтік борыштың, жергілікті атқарушы органдар борышының, мемлекеттік кепілдіктер беру, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, мемлекет кепілгерлігін беру, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыртқы борышының лимиттерін айқындау, сыртқы қарыздарды тарту құқығы берілген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өлшемшарттарын айқындау және тізбесін қалыптастыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 27 мамырдағы № 37 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік қаржының жай-күйі туралы болжамды мәліметтерді есептеу әдістемесін және Үкіметтік борыштың, жергілікті атқарушы органдар борышының, мемлекеттік кепілдіктер беру, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру, жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, мемлекет кепілгерлігін беру, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыртқы борышының лимиттерін айқындау, сыртқы қарыздарды тарту құқығы берілген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өлшемшарттарын айқындау және тізбесін қалыптастыру әдістемесін бекіту туралы»;
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Үкіметтік борыштың, жергілікті атқарушы органдар борышының, мемлекеттік кепілдіктер беру, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру, жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, мемлекет кепілгерліктерін беру, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыртқы борышының лимиттерін айқындау, сыртқы қарыздарды тарту құқығы берілген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өлшемшарттарын айқындау және тізбесін қалыптастыру әдістемесі.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Үкіметтік борыштың, жергілікті атқарушы органдар борышының, мемлекеттік кепілдіктер беру, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, мемлекет кепілгерлігін беру, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыртқы борышының лимиттерін айқындау, сыртқы қарыздарды тарту құқығы берілген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өлшемшарттарын айқындау және тізбесін қалыптастыру әдістемесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Үкіметтік борыштың, жергілікті атқарушы органдар борышының, мемлекеттік кепілдіктер беру, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру, жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, мемлекет кепілгерліктерін беру, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыртқы борышының лимиттерін айқындау, сыртқы қарыздарды тарту құқығы берілген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өлшемшарттарын айқындау және тізбесін қалыптастыру әдістемесі.»;
1,2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Үкіметтік борыштың, жергілікті атқарушы органдар борышының, мемлекеттік кепілдіктер беру, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру, жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, мемлекет кепілгерліктерін беру, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыртқы борышының лимиттерін айқындау, сыртқы қарыздарды тарту құқығы берілген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өлшемшарттарын айқындау және тізбесін қалыптастыру әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) топішілік қаржыландыру жөніндегі мәмілелерді және мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 10 қыркүйектегі № 1005 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында (бұдан әрі – Тұжырымдама) белгіленген шектеулер шеңберінде Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 137-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына және 146-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.»;
«2. Үкіметтік борыштың, жергілікті атқарушы органдар борышының, мемлекеттік кепілдіктер беру, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру, жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, мемлекет кепілгерліктерін беру, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыртқы борышының лимиттерін айқындау мерзімдері мен кезеңдері Бюджет кодексінің 50 және 51-баптарының 6-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді даму болжамын және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеуге тәуелді болады.»;
«3. Үкіметтік борыштың, жергілікті атқарушы органдар борышының, мемлекеттік кепілдіктер беру, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру, жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, мемлекет кепілгерліктерін беру, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыртқы борышының айқындалған лимиттерінің мөлшері мың теңгеге дейінгі дәлдікпен дөңгелектенеді.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-параграфпен толықтырылсын:
«4-1-параграф. Жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру лимитін айқындау
13-1. Тиісті жылға арналған жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру лимиті қалыптастырылған кепілдік беруге арналған резервтің көлемі және жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктердің қолданылу кезеңінде жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорының меншікті капиталының мөлшері негізге алына отырып есептеледі, ол:
LGG = (GR+OC) * 15%, мұндағы
LGG – тиісті қаржы жылына жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру лимиті;
GR – қаржыландыру сомасы 7 (жеті) миллиард теңгеден асатын жобаларға кепілдік беруге қалыптастырылған резервтің мөлшері;
OC – жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорының меншікті капиталы.
13-2. Жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру лимитінің сомасын нақтылау тиісті қаржы жылы ішінде ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде бюджеттік параметрлер өзгерген жағдайда жүргізіледі.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бюджет саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін жіберуді және алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап күшіне енеді және ресми жариялануға тиіс.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі