О внесении изменений и дополнений в решение акима Иргизского сельского округа от 27 августа 2025 года № 74 Қолданыста
Басқа 0
Ырғыз ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 27 тамыздағы № 74 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Ырғыз ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Ырғыз ауданы Ырғыз ауылдық округінің Ырғыз ауылының атауы жоқ көшелеріне атау беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 214425 болып тіркелген) Ырғыз ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 27 тамыздағы № 74 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің орыс тілінде жазылған деректемелерінде көшелердің атауларындағы «Смагул Кенжеханов», «Садуакас Калтаев» сөздері тиісінше «Смағұл Кенжеханов», «Сәдуақас Қалтаев» сөздерімен ауыстырылсын.
Шешімнің қазақ тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.