О внесении изменения в постановление акимата города Степногорска от 27 августа 2025 года № А-8/271 «Об определении перечня приоритетных направлений расходов бюджета города Степногорска» Қолданыста
Басқа 0
«Степногорск қаласы
бюджет шығыстарының
басым бағыттарының тізбесін
анықтау туралы»
Степногорск қаласы әкімдігінің
2025 жылғы 27 тамыздағы
№ А-8/271 қаулысына
өзгеріс енгізу туралы
«Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерін, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде № 211793 болып тіркелген) сәйкес, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Степногорск қаласы бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесін анықтау туралы» Степногорск қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 27 тамыздағы № А-8/271 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 213655 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
««Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерін, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде № 211793 болып тіркелген) сәйкес, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Степногорск қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.