О внесении изменения в решение 27 сессии Темиртауского городского маслихата от 26 июня 2018 года № 27/6 «О понижении или повышении ставок земельного налога и об утверждении схемы зонирования земель города Темиртау для целей налогообложения» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Теміртау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 26 маусымдағы 27 сессиясының № 27/6 «Жер салығының ставкаларын төмендету немесе жоғарылату туралы және салық салу мақсаты үшін Теміртау қаласы жерлерін аймақтарға бөлу схемасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Теміртау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Теміртау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 26 маусымдағы 27 сессиясының № 27/6 «Жер салығының ставкаларын төмендету немесе жоғарылату туралы және салық салу мақсаты үшін Теміртау қаласы жерлерін аймақтарға бөлу схемасын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4873 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылғы 24 шілдеде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін: жер салығының ставкалары төмендетілген немесе жоғарылатылған Теміртау қаласы жерлерін аймақтарға бөлу схемасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес мазмұндалсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Басқа 0. ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫ ЖЕРЛЕРІН АЙМАҚТАРҒА БӨЛУ СХЕМАСЫ
Теміртау қалалық мәслихатының 2019 жылғы «28» қарашадағы № 47/6 шешіміне қосымша Теміртау қалалық мәслихатының 2018 жылғы «26» маусымдағы № 27/6 шешіміне қосымша ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫ ЖЕРЛЕРІН АЙМАҚТАРҒА БӨЛУ СХЕМАСЫ