О реализапии Указа Президента Республики Казахстан от 27.03.1997 г. № 3432 "О квоте иммиграции" на 1997 год. Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.05.1997. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1997 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылдың 27 наурызындағы № 3432 қаулысын іске асыру жөніндегі шаралар туралы 📌 Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақтөбе облысы әкімдігінің 21.12.2004 № 08-3/2691 хаты). «1997 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылдың 27 наурызындағы № 3432 қаулысын іске асыру мақсатында облыс Әкімі шешім қабылдады:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Президентіңің 1997 жылдың 27 наурызындағы № 3432 қаулысын басшылыққа ала отырып, Ақтөбе облысында бекітілген 1997 жылға арналған көшіп келу квотасын 150 жанұя шамасында орындау, оның ішінде Россия Федерациясынан-80 жанұя, Түркменстаннан 30 жанұя, Өзбекстан Республикасынан 40 жанұя.
Тармақ 2
2. Облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы /Ермұханов Ә./ облыс аудандары және Ақтөбе қаласы әкімдерімен бірігіп, босқын-репатрианттардың жанұяларын, туыстық және шаруашылық өндірістік байланыстарын есепке ала отырып, тығыз орналастыруға шаралар қолдансын. Көшіп келушілер отбасыларының еңбекке жарамды ересек мүшелерін олардың біліктілігі мен мамандығына, сондай-ақ даярлануы мен қайта даярлануына қарай жүмысын қамтамасыз етілуіне ықпал жасалсын.
Тармақ 3
3. Ақтөбе қаласы және аудан әкімдері тарихи отанына қайтып оралған босқындарға әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасалуын қамтамасыз етсін, белгіленген тәртіп бойынша шаруашылық қызметке және тұрғын үй салу үішін жер бөліп берілсін, отбасыларына халықтың тиісті санаттары үшін Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген тұрғын үй, отын, элейтр энергиясы, коммуналдық және басқа қызметтерге ақы төлеу жөнінде жеңілдіктер қолданылсын.
Тармақ 4
4. Облыстық білім басқармасы /Құдайбергенов А. А./, аудан әкімдері босқын-репатриантардың балаларын тиісті оқу орындарында оқыту мәселелерін жедел қолға алсын, олардың ана тілінде сауатын ашуды ұйымдастырсың, қажет болған жағдайда, қосымша сыныптар ашсын.
Тармақ 5
5. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы /Мантаев А./ босқын- репатрианттарға дәрігерлік тексеріс ұйымдастырып, оларға емдік- профилактикалық көмек көрсету тәртібін бекітсін.
Тармақ 6
6. Облыстық қаржы басқармасы /Жантеміров Б./ облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қоргау басқармасының сүратуы бойынша босқын-репатриантардың көшіп келу және орналастыру жүмыстарын ұйымдастыруға байланысты іс-шараларды жүзеге асыру үшін 1997 жылга көзделген жергілікті бюджеттен қаржы бөлінсін.
Тармақ 7
7. Бұл қаулының орындалуына бақылау жасау жүмысы Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Леммле В. Р. жүктелсін.