О внесении дополнения в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 28 апреля 1995 г. N 592 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 28 сәуiрдегi N 592 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы
📌 Ескерту. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1996.12.31. N 1749 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының аумағынан таңбалауға жататын акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiнiң экспортына бақылауды одан әрi жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
"Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетiн алым
маркаларын енгiзу және таңбалауға жататын ацизделетiн тауарларды
сату туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы
28 сәуiрдегi N 592
қаулысының 1-қосымшасына (Қазақстан
Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 16, 179-бап) мынадай толықтыру
енгiзiлсiн:
акциздiк алым маркаларымен мiндеттi түрде таңбалауға жататын
отандық акцизделетiн тауарлар тiзбесi толықтырылсын:
Экспортқа арақ
Экспортқа темекi
Ескертпе. Бұл жағдайда акциз маркiлерiнiң құны экспортталатын
тауарлар бойынша жұмсалатын шығынға қосылады.