О выполнении Постановления Правительства Республики Казахстан от 28 ноября 1995 года № 1600 "О мерах по улучшению сборов средств в Пенсионный фонд республики Казахстан и обеспечению выплат пенсий и пособий" Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.03.1996. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 28 қарашадағы "Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына қаражат жинауды жақсарту және зейнетақы мен жәрдемақыны төлеудi қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы" № 1600 Қаулысын орындау туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 28.11.2001 № 225 шешімімен. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 28 қарашадағы "Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына қаражат жинауды жақсарту және зейнетақы мен жәрдемақыны төлеудi қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы" № 1600 Қаулысына сәйкес:
Тармақ 1
1. Облыс әкiмшiлiгiнiң халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы: /Қосмамбетов/: - Зейнетақы қоры органдарында есеп жүргiзу мен тiркеудi толық қамту мақсатында заңды және жеке тұлғалар екi апталық мерзiм iшiнде облыстық салық инспекциясымен /Крипулевич/ бiрге Зейнетақы қорына жарна төлеушiлердiң барлығын салыстырып көрудi жүзеге асырсын; - Зейнетақы қорына сақтандыру жарнасын төлеуден жалтарған кәсiпорындар мен ұйымдарды анықтауды жалғастырсын, содан кейiн оларды сот органдары арқылы қарыздарын өтеуге мәжбүр етсiн; - 1996 жылғы 1 наурызға дейiн Зейнетақы қорына мiндеттi төлем жөнiндегi қарыздарының сомасын аударған төлеушiлер 1995 жылғы 1 қазанға дейiнгi жағдай бойынша сақтандыру жарнасын өз мерзiмiнде төлемегенi үшiн салынған айып өсiмiн төлеуден құтқарылсын.
Тармақ 2
2. Облыстың аудан және қала әкiмдерi: - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 28 қарашадағы N 1600 Қаулысымен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 5 қазанда қабылданған "Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорымен есептесу бойынша елеулi кемшiлiктер мен қосымша шаралар туралы" N 1306 Қаулысының зейнетақы қорына қаражат аудару тәртiбiне өзгерiс енгiзiлгенi ескерiлсiн, соған байланысты облыс Әкiмiнiң 1995 жылғы 19 қазандағы N 44 шешiмiнiң екiншi тармағы мынадай редакцияда берiлсiн: - Қазақстан Республикасы Үкiметi бекiткен тәртiппен мыналар мағлұматқа алынсын: - төлеушiлер қызмет көрсететiн банкiге Зейнетақы қорына жарна аудару үшiн еңбекақы төлейтiн чехпен қоса екi төлем тапсырма қағазын әкелiп өткiзедi, оның бiреуi - Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының орталықтанған шотесебiне тиiстi соманың 30 процентiн және екiншiсi облыс әкiмшiлiгiнiң халықты әлеуметтiк қорғау басқармасының шотесебiне 70 процентiн аудару үшiн берiледi. Қызмет көрсетушi банкi төлеушiлердiң төлем тапсырма қағазына сәйкес жарнаның тиiстi сомасының 30 процентiн сақтандырушылардан түсетiн қаражаттарды жинау бойынша Ұлттық банктiң облыстық банкiсiнде арнайы ашылған iшкi шотесептерге аударады. Ұлттық банктiң облыстық басқармасы iшкi шотесептегi қаражаттың қалғанын әрбiр бескүндiк сайын /әр айдың 5, 10, 15,20, 25, 30 күндерiнде/ Алматы қаласындағы Ұлттық банктiң Алматы бас аумақтық басқармасының жанындағы бас есеп-айырысу-қазыналық орталығындағы Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының N 829708 орталықтанған шотесебiне аударады, МФО 190501109, ал шотесеп пен оған қосымшалардың көшiрмесi Қазақстан Республикасы Зейнетақы қоры қаражатының есебi үшiн облыс әкiмшiлiгiнiң халықты әлеуметтiк қорғау басқармасына берiледi. Басқа тапсырма қағазының тиiстi сома жарнасының 70 процентiн аударуды қызмет көрсетушi банкi белгiленген тәртiпке сәйкес орындайды. Сақтандыру жарнасын аударудың төлем тапсырмасын банк мекемелерi бюджет төлемдерiмен қатар алғашқы кезек тәртiбiмен төлейдi; - халықты әлеуметтiк қорғау органдары кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелер басшыларына Зейнетақы қорына тiркеуден жалтарғаны, сақтандыру жарнасын қысқартқаны және соманы төмендеткенi, есеп берудi өз мерзiмiнде орындамағаны үшiн үш қызмет жалақысының мөлшерiнде айып салу түрiнде қаржылық санкция қолдану құқығы берiледi.
Тармақ 3
3. Қала және аудан әкiмдерi Зейнетақы қорына сақтандыру жарнасының өз мерзiмiнде түсуi мен бақылауын қамтамасыз ету үшiн Зейнетақы қоры қызметкерлерiнiң санын ұлғайтудың мүмкiндiктерiн қарастырсын.
Тармақ 4
4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс Әкiмiнiң бiрiншi орынбасары В. Колесниченкоға жүктелсiн.