О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 мая 1996 года № 654 Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.06.1997. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 28 мамырдағы № 654 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң ТМД Сыртқы экономикалық қызметiнiң бiрыңғай тауарлық номенклатурасы туралы үкiметаралық келiсiмдерiн жүзеге асыру және тауарлардың кодтары мен сипаттамаларын оның жаңа редакциясына сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. "Жүзеге асырылған экспорттық контрактiлердiң iшiнара тәуелсiз инспекциясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 28 мамырдағы N 654 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, N 25, 209-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: аталған қаулының 4-шi қосымшасында: "Қара және түстi металдарды өндiруге шикiзат" деген жолдағы "2603, 2604, "260300000, 260400000, 2606-2610 деген сандар 260600000-261000000" деген сандармен ауыстырылсын; "Тыңайтқыштар" деген жолдағы "3101-3105" деген сандар "310100000-3105" деген сандармен ауыстырылсын; "Түстi металдар" деген жолдағы: "7401-7405" деген сандар "7401-740500000", "7504" "7504000000", "7803" "780300000", "7903-7905" "7903-790500000", "8004" "800400000" деген сандармен ауыстырылсын; "Ұн" деген жолдағы: "1101" деген сан "110100" деген санмен ауыстырылсын; "Өңделмеген мұнай (газ конденсатын қоса алғанда) 2709" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "Өңделмеген мұнай 1270900".
Тармақ 2
2. Осы қаулы 1997 жылдың 15 маусымынан бастап күшiне енедi.