О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 июня 1996 г. № 819 Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.1996. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 28 маусымдағы N 819 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы 📌 Ескерту. Күшi жойылды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996.12.31. № 1748 қаулысымен. Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: "Импортқа шығарылатын акцизделетiн тауарларға арналған акциздердiң ставкалары және Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жеке тұлғалар алып өтетiн акциз салуға жатпайтын тауарлардың нормалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 28 маусымдағы N 819 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 262-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын: "4. 2 және 3 тармақтар осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енгiзiлсiн"; "Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнетiн акцизделетiн тауарларға арналған акциздердiң ставкалары" деген 1-қосымшадағы ескертпе мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Акциз ставкалары 1996 жылдың 15 шiлдесiне дейiн жасалған және толық ақы төленген контрактiлер бойынша әкелiнетiн аталған тауарларға қатысты қолданылмайды".