О внесении изменений в Приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 28 июля 1998 года N 539 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 28 шілдедегі N 539 Бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Жылжымайтын мүлікпен мәміле жасауды жеңілдету мақсатында Бұйырамын:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 1998 жылғы 28 шілдедегі N 539 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нотариустарының нотариалды әрекеттер жасау тәртібі туралы Нұсқауға мынадай өзгерістер енгізілсін:
91 тармақтың 3 тармақшасы алынып тасталсын.
92 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Жылжымайтын мүлікпен жасалған мәмілені куәландыру кезінде нотариус жылжымайтын мүлік құқықтарын иемденушіге, құқығын растайтын құжатта көрсетілген техникалық мәліметтерінің, иесіздендіретін жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық мәліметтеріне сәйкес келуін, сондай-ақ жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық сипаттама өзгерістері белгіленген тәртіпте, Құқықтық кадастрде тіркелуге тиіс екендігін түсіндіру қажет".
Тармақ 2
2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.