О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 августа 1998 года N 812 Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 28 тамыздағы N 812 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасында орта бiлiм жүйесiн одан әрi реформалау жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 28 тамыздағы N 812 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж.; N 29, 258-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 2
"2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi 2001 жылдың 1 қаңтарына дейiн Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiмен және Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Үкiметiне педагогикалық қызметкерлерге еңбекақы төлеу жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн";
Тармақша 2
2) 3-тармақтағы:
Тармақша 1
1) тармақшасындағы "Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiмен" деген сөздер "Бiлiм және ғылым министрлiгiмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 3
3) тармақшасындағы "кәсiптiк-техникалық оқу орындарын" деген сөздер "бастауыш кәсiптiк бiлiм беретiн оқу орындарын" деген сөздермен, "жұмыспен қамту қызметтерi" деген сөздер "жергiлiктi бюджет" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 3
3) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008.01.25. N 64 Қаулысымен.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.