О реализации Указа Президента Республики Казахстан от 28 декабря 1999 года «Об объявлении 2000 года Годом поддержки культуры» Күшін жойған
Басқа 0
«2000 жылды мәдениетті қолдау жылы деп жариялау туралы»
Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 28-желтоқсандағы Жарлығын іске
асыру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды – қолдану мерзімінің өтіп
кеткендігіне байланысты – Ақтөбе облыстық әкімдігінің 21.12.2004 № 08-3/2691
хаты.
«2000 жылды мәдениетті қолдау жылы деп жариялау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 28-желтоқсандағы № 316 Жарлығына сәйкес облыс Әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Мәдениетті қолдау жылын өткізу жөніндегі облыстық комиссия құрылсын.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) мәдениетті қолдау жылын өткізу жөніндегі облыстық комиссия құрамы;
Тармақша 2
2) мәдениетті қолдау жылын өткізу жөніндегі шаралардың жоспары бекітілсін.
Тармақ 3
3. Ақтөбе қаласы мен аудандардың әкімдері, басқармалардың, комитеттердің және ведомстволардың басшылары мәдениетті қолдау жылын өткізу жөніндегі осындай комиссиялар құрсын.
Тармақ 4
4. Облыстық қаржы басқармасы (Б. Е. Жантеміров), Ақтөбе қаласы мен аудандардың әкімдері 2000 жылға арналған облыстық және аудандық бюджеттердің шығыстарында мәдениетті қолдау жылын өткізу жөніндегі шараларды қаржыландыруға қаржы қарастырсын.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары А. Қ. Есіркеповке міндеттелсін.
Басқа 8. Комиссия мүшелері:
Облыс Әкімінің 2000 жылғы
23 ақпандағы № 31 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН
Мәдениетті қолдау жылын өткізу жөніндегі облыстық комиссия ҚҰРАМЫ
Амангелді Қабашұлы Есіркепов
- облыс әкімінің орынбасары, төраға
Еркін Жолмырзаұлы Құрманбеков
- облыстық мәдениет, басқармасының бастығы, төраға орынбасары
Бердібек Өлмесекұлы Өлмесеков
- облыс Әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімі менгерушісінің орынбасары, хатшы
Комиссия мүшелері:
Идош Мұсақұлұлы Асқар
- облыстық «Ақтөбе» газетінің бас редакторы
Юрий Андрееевич Брязгалов
- облыстық «Актюбинский вестник» газетінің бас редакторы
Валерий Иванович Гриненко
- «Феррохром» ашық акционерлік қоғамының бас директоры
Бауыржан Ересұлы Жантемірұлы
- облыстық қаржы басқармасының бастығы
Жақсылық Ақмырзаұлы Досқалиев
- Ақтөбе медицина академиясының ректоры
Еркін Жүнісұлы Жүнісов
- Ақтөбе тасымал бөлімі бастығының орынбасары
Рысжан Ілиясқызы Ілиясов
- облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры
Серік Аяшұлы Ісімов
- облыстық ішкі істер басқармасының бастығы
Наиф Гатуфұлы Камалов
- «Ақтөбемұнайгаз» ашық акционерлік қоғамының бас директоры
Еркеш Әдиетұлы Қалиев
- облыстық телерадиокомпания төрағасы
Жәдігер Кенбайұлы Кенбаев
- Суретшілер одағы облыстық ұйымының төрағасы
Кенжеғали Кенжебайұлы Кенжебаев
- Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе университетінің ректоры
Жасарал Мінәжатдинұлы Қуанышәлин
- облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бастығы
Аманғали Алхатұлы Құдайбергенов
- облыстық білім басқармасының бастығы
Андрей Борисович Лябин
- Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары
Тұрар Сапарғалиұлы Нұрғалиев
- Ақтөбе жоғары әскери ұшқыштар училищесінің бастығы
Аманбай Рсалыұлы Рсалин
- облыстық діни ұйымдармен жұмыс жөніндегі бөлімінің бастығы
Хабиба Диярқызы Сарқұлова
- Қазақстан халықтары Кіші Ассамблеясы атқарушы хатшылығының меңгерушісі
Қажымұқан Асауұлы Сәтенов
- облыстық әскери комиссар
Амантай Шәмілұлы Өтегенов
- «Қазақстан жазушылар одағы» Ақтөбе облыстық бөлімшесінің директоры
Владимир Никифорович Фоменко
- Ақтөбе музыкалық колледжінің директоры
Алексей Андреевич Химич
- «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» ашық акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы
Асқар Тұрарұлы Шериязданов
- облыс Әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі
Валерий Анатольевич Щербаков
- православие шіркеуінің басшысы
Зияутдин Юсуп
- Ақтөбе қаласы мешітінің имамы
Басқа 9
Облыс Әкімінің 2000 жылғы
23 ақпандағы
№ 31 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН
Мәдениетті қолдау жылын өткізуге арналған шаралар жоспары
Шаралар
Орындау мерзімі
Орындауға жауаптылар
Ұйымдастыру шаралары
1
Қазақстан Республикасы Президентінің «2000 жылды мәдениетті қолдау жылы деп жариялау туралы» Жарлығын жүзеге асыруға арналған шаралар жоспарын жасау
Ақпан 2000 ж.
Ақтөбе қаласы мен аудандар әкімдері, облыстық басқармалар мен комитеттердің, ведомстволардың басшылары
2
Аудан әкімдерінің, облыстық басқармалар мен оқу орындары басшыларының есептерін облыстық комиссияның қарауына ұсыну
Тоқсан сайын
Облыстық комиссия
3
«Қазақстан мәдениетінің дамуы – жалпы халықтық келісім кепілі» атты ғылыми-практикалық конференция әзірлеу және өткізу
Қазан
Облыстық мәдениет басқармасы, Қазақстан халықтары Кіші Ассамблеясының хатшылығы
4
Облыс халқы арасында «Қазақстан мәдениеті: «Проблемалар және келешек» тақырыбында социологиялық сауалнама өткізу
Сәуір
Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы
5
Облыстық мәслихат сессиясына Мәдениет проблемалары бойынша мәселе қарау туралы ұсыныс енгізу
Наурыз
Облыстық мәдениет басқармасы
6
Мәдениет қызметкерлерінің съезін дайындау және өткізу
қыркүйек
Облыс Әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімі, облыстық мәдениет басқармасы
7
Көшелерге, оқу орындарына, мәдениет мекемелеріне мәдениет пен әдебиеттің көрнекті өкілдерінің аттарын беру туралы ономастикалық комиссияға ұсыныстар дайындау
Жыл бойы
Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдері, облыстық мәдениет және білім басқармалары
8
Мәдениет мекемелерінің онкүндіктері дайындау және өткізу
Жыл бойы
облыстық мәдениет басқармасы
9
Облыс аудандары бойынша мәдениет эстафетасын ұйымдастыру және өткізу
Жыл бойы
облыстық мәдениет басқармасы
10
Жайсаң-Сексеуіл, Никельтау-Ногайты бағыты бойынша «Мәдениетті насихаттау поезын» ұйымдастыру
Сәуір-мамыр
Ақтөбе теміржол жүк тасымалдау бөлімі, облыстық мәдениет басқармасы
Ақпараттық-насихаттық шаралар
11
«2000 жылды Мәдениетті қолдау жылы деп жариялау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын насихаттауды және оның идеялары мен міндеттерін түсіндіруді ұйымдастыру
Үнемі
Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы
12
Мәдениетті қолдау жылына арналған барлық шараларды облыстағы бүкіл БАҚ арқылы кең ақпараттық-насихаттық демеуді қамтамасыз ету.
- Осы мақсатта:
1) Облыстық «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған жылға арналған арнаулы айдарлар ашу;
2) Облыстық теледидар мен радиода мәдениет және өнер қызметкерлерінің ұлттық-мәдени орталықтардың өкілдерінің қатысуымен арнаулы хабарлар ұйымдастыру;
3) «Арна», «Факт», «Тәулік», «Армысың, Ақтөбе», ақпараттық-хабарларда мәдениетті қолдау жылына арналған телесюжеттердің үнемі шығуын ұйымдастыру;
4) Мәдениет пен өнер мекемелері өткізетін спектакльдер, концерттер және басқа да мәдени-көпшілік шаралардың БАҚ арқылы берілетін жарнамаларын ақысыз тегін жариялауды қамтамасыз ету;
5) Аудандардың «Халық шығармашылығы» телефестивалін өткізу
6) Мәдениет және рухани бағыттағы «Мәдениет» атты жаңа телерадио хабарын ұйымдастыру
Үнемі
Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, газет редакциялары, облыстық телерадиокомпания
Аудан әкімдері, облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, газет редакциялары, облыстық телерадиокомпания
13
Барлық деңгейдегі әкімдердің, басқармалар басшыларының, әдебиет пен өнер қайраткерлердің қатысуымен мәдениет қолдау жылына арналған облыстық телемарафон өткізу және жалпы республикалық теломарафонға қатысу
28 мамыр
Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, облыстық телерадиокомпания
14
Барлық мәдениет пен өнер мекемелерінде жылға арналған тақырыптық көрмелер ұйымдастыру
Үнемі
Облыстық мәдениет басқармасы
15
Облыс, аудандарда мәдениет қайраткерлерінің тұрғындармен кездесуін өткізу және оны БАҚ арқылы жан-жақты көрсету
Жыл бойы
Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдері, облыстық мәдениет басқармасы
РУХАНИ-ЭСТЕТИКАЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ШАРАЛАР
16
«Ақтөбе облысы халықтарының мәдениеті» кітабын шығаруды ұйымдастыру
ІV тоқсан 2000 ж.
Облыстық мәдениет басқармасы, Қазақстан халықтары Кіші Ассамблеясының хатшылығы
17
Облыстық кадрлардың біліктілігін жетілдіру және қайтар даярлау институтының негізінде қоғамдық халықтық мәдениет университетін құру
наурыз
Облыстық мәдениет және білім басқармалары
18
Ақтөбе облысында тұратын композиторлар мен орындаушылар әндерінің аудио кассеталарын шығаруды ұйымдастыру
Жыл бойы
облыстық мәдениет басқармасы, облыстық телерадиокомпания
19
Сәбит Мұқановтың 100 жылдығына арналған мерейтой шараларын өткізу
ІІІ тоқсан
облыстық мәдениет басқармасы
20
Иса Байзақовтың 100 жылдығына арналған мерейтой шараларын өткізу
ІІ тоқсан
облыстық мәдениет басқармасы
21
Қазақ халқының аса көрнекті қайраткерін мәңгілік есте қалдыру үшін «Әбілқайыр хан» қоғамдық қайырымдылық қорын құру
ІІ тоқсан
Ақтөбе қаласы әкімі, облыстық мәдениет басқармасы
22
Облыстың оқу орындарында «Мәдениет: мен және қоршаған орта» пікірталас сабақтарын өткізу
Сәуір
Облыстық білім басқармасы, жоғарғы оқу орындары
23
Мәдениетті қолдау жылы шараларына сәйкес шараларды ескере отырып, «Мәдениеттану» жөніндегі оқу бағдарламаларын қайта қарау
Жыл бойы
Облыстық білім басқармасы
24
Тілдер фестивалін өткізу
Тамыз-қыркүйек 2000 ж.
Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы
25
«Ақтөбе облысының жеті таңғажайыбы» атты кітабын дайындау және басып шығару
Жыл бойы
Облыстық мәдениет басқармасы, тарихи-өлкетану музейі
26
Жастар мен студенттер «Жас дәурен» фестивалін өткізу
Маусым
Облыстық мәдениет және білім басқармалары
27
Әскери бөлімдерде «Жас ұлан» әскери әндер фестивалін өткізу
Маусым
Облыстық әскери комиссариат
28
«Адам және қоғам» пәнінің оқу жоспарына «2000 жыл – мәдениетті қолдау жылы» атты тақырыпты енгізу
Жыл бойы
Облыстық білім басқармасы
Халықтық және кәсіби өнерді дамыту шаралары
29
Қазақстан облыстары халық шығармашылығының республикалық телефестиваліне қатысу және облыстық фестиваль өткізу
2-3 тоқсан
Ақтөбе қаласы мен аудандардың әкімдері, облыстық мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы
30
Мектеп жасына дейінгі балалар арасында «Әнші балапан» облыстық байқауын өткізу
маусым
Облыстық білім басқармасы
31
«Қазақстан халықтарының өнері мен мәдениетіндегі діни үрдістер» атты облыстық семинарды дайындау және өткізу
Қыркүйек
Облыстық діни ұйымдармен жұмыс жөніндегі бөлімі
32
Жас музыканттардың облыстық байқауын өткізу және ХХХІV республикалық байқауына қатысу
Наурыз
Облыстық білім басқармасы
33
Кәсіптік білім беру оқу орындары қызметкерлері мен оқушыларды көркемөнерпаздарының байқауын өткізу
Сәуір-маусым
Облыстық білім басқармасы
34
Облыстық ақындар айтысын өткізу және республикалық айтысқа қатысу
маусым
Облыстық мәдениет басқармасы
35
Үздік әдеби-көркем және публицистикалық шығармалардың облыстық байқауын өткізу
Сәуір-қазан
Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы
36
Театр өнерін насихаттау мақсатында облыстық драма театрының гастрольдік сапарларын көбейту
Жыл бойы
Облыстық мәдениет басқармасы
37
«Балауса» эстрадалық-фольклорлық ансамблін ұйымдастыру
Қыркүйек
Облыстық мәдениет басқармасы
38
Қазанғап атындағы жүлде үшін ұлттық музыкалық аспаптарда орындаушылардың халықаралық конкурсын өткізу
Маусым
Облыстық мәдениет басқармасы
39
Ресеймен мәдени қарым-қатынасты нығайту мақсатында Орынбор облысының шекаралас аудандарына концерттік, спектакль, көрме гастрольдік сапарларын кеңейту
Жыл бойы
Облыстық мәдениет басқармасы
40
Оқу орындарында көркемөнерпаздардың ұжымдарын, ансамблдерді, эстрадалық топтарды, би және хор ұжымдарын, ұлттық аспаптар оркестрін ұйымдастыру
Жыл бойы
Облыстық білім басқармасы, жоғарғы оқу орындары басшылары
41
Облыс Әкімінің қазақ ұлттық оркестрін, қазақ камералық хорын, эстрадалық-камералық ансамблін құру
Сәуір-қыркүйек
Облыстық қаржы және мәдениет басқармалары
42
Мәдениет және өнер саласындағы еңбектері үшін облыс Әкімінің сыйлығын тағайындау
ІІ тоқсан
Облыс Әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімі
5. Мәдениет және өнер мекемелерін ашу және оларды матеальды-техникалық қамтамасыз ету шаралары
43
Қалалық, аудандық мәдениет және өнер мекемелерін компьютерлендіру мен ақпараттық жабдықтауға кірісу
Жыл бойы
Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдері, облыстық қаржы және мәдениет басқармалары
44
Ақтөбе қаласында Абай атындағы кітапхана ашу
ІІ тоқсан
Ақтөбе қаласының әкімі
45
«Алақай» қуыршақ театрын қалалық бюджеттен қаржыландыруға көшіруді қолға алу
І тоқсан
Ақтөбе қаласының әкімі
46
«Феррохром» ЖАҚ-да жауынгерлік және еңбек даңқы мұражайын құру
ІІ тоқсан
Облыстық мәдениет басқармасы, «Феррохром» АҚ
47
Ә. Молдағұлова атындағы облыстық мемориальдық музейді жөндеу және экспозициясын жаңарту жұмыстарын аяқтау
Сәуір
Облыстық мәдениет басқармасы
48
Облыстық тарихи-өлкетану музейін жөндеу және экспозициясын жаңарту
Жыл бойы
Облыстық мәдениет басқармасы
49
Ақтөбе қаласындағы кинотеатрлардың бірін қалыпқа келтіру мәселесін қарастыру
ІІІ тоқсан
Ақтөбе қаласының әкімі
50
Қобда, Темір аудандарында музейлер ашу; Байғанин, Әйтеке би аудандарының музейлерін реэкспозициялауды іске асыру
ІІ тоқсан
Аудандар әкімдері
51
Мәдениет мекемелерін автокөлікпен қамтамасыз ету
Жыл бойы
Қала және аудандар әкімдері
52
Облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасын басқа ғимаратқа көшіру мәселесін шешу
Жыл бойы
Қала әкімі, облыстық коммуналдық меншік басқармасы
53
Облыстық драма театрын жөндеуден өткізу
Жыл бойы
Облыстық қаржы және мәдениет басқармалары
Ауыл мәдениетін қолдау шаралары
54
«Ауыл мәдениетіне демеушілік» үндеуімен ауылдардағы мәдениет ошақтарын қолдаудың аудандық бағдарламаларын жасау.
- жұмыс істеп тұрған мәдениет үйлеріне, кітапханаларға, музейлерге күрделі жөндеу, жұмыстарын жүргізіп, қайта құрып, жаңасын ашу;
- мәдениет мекемелерін аудио-видео техникамен, компьютермен жабдықтау.
Жыл бойы
Аудан әкімдері
55
Ауылдарда өнер және мәдениет қайраткерлерімен кездесулер ұйымдастыру
Жыл бойы
Облыстық мәдениет басқармасы
56
2000-2003 жылдарға арналған ауылдарға мәдени-демалыс жұмыстарын тереңдету және дамыту бағдарламаларын жасап, жүзеге асыру
Сәуір
Аудан әкімдері, облыстық мәдениет басқармасы
57
Халықтық салт-дәстүрлерді сақтаушылар мен жалғастырушылардың және қолөнер мен тұрмыстық бұйымдар шеберлерінің форумын ұйымдастыру және өткізу
ІІІ тоқсан
Облыстық мәдениет басқармасы
58
Облыстық драма театры мен облыстық филармонияның концерттік бригадаларының ауылдарға гастрольдік сапарларын ұйымдастыру
Жыл бойы
Облыстық мәдениет басқармасы
59
Ауыл мәдениетін қолдау, қайырымдылық акцияларын ұйымдастыру, өткізу
Жыл бойы
Облыс Әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімі
60
Ауыл кітапханаларының қорын толықтыру мақсатында тұрғындардан кітап жинауды ұйымдастыру
Жыл бойы
Облыстық білім және мәдениет басқармалары
61
Қазақстан халықтары достығының Бірінші фестиваліне дайындық жұмыстарын жүргізу және өткізу
1-9 мамыр
Облыстық мәдениет басқармасы, Қазақстан халықтары Кіші Ассамблеясыны» хатшылығы
62
Аудандар көркемөнерпаздар ұжымдарының фестивальдарын өткізу
Маусым, қараша
Қала, аудан әкімдері
63
Ауылдарда металлургтер мәдениет үйі жанындағы қазақтың халық аспаптар оркестрінің «Менің ән әуеніне бөлінген туған далам» атты лекция-концертін өткізу
тамыз
Облыстық мәдениет басқармасы
Мәдени мұраларды сақтау шаралары
64
Облыс аудандарында халықтың ауыз әдебиетін, музыкасын, әндерін жинау мақсатында фольклорлық экспедиция ұйымдастыру
Шілде-тамыз
Облыстық білім және мәдениет басқармалары
65
Қобда ауданындағы «Абат Байтақ» кесенесіне қайта жөндеу жұмыстарын жүргізу
Жыл бойы
Аудан әкімі, облыстық мәдениет басқармасы
66
Әйтеке би ауданындағы қорым мен Әбілқайыр хан жерленген жерді зерттеу үшін экспедиция ұйымдастыру
Мамыр-маусым
Облыстық мәдениет басқармасы
67
Өзбекстанда Әйтеке бидің кесенесін салу құрылысын ұйымдастыру
Жыл бойы
Аудан әкімі, «Әйтеке би» қоры