О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2000 года N 1624 и от 7 июня 2001 года N 767 Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.11.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 2000 жылғы 28 қазандағы N 1624 және 2001 жылғы 7 маусымдағы N 767 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 7 қарашадағы N 1057 Қаулысымен. Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 шілдедегі N 692 Қаулысымен;
Тармақша 2
2) "Медициналық және дәрiгерлiк қызметтi лицензиялау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 7 маусымдағы N 767 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 20, 258-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Медициналық және дәрiгерлiк қызметтi лицензиялау ережесiнде: 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "7. Лицензияға, осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес медициналық қызметтің және/немесе белгiлi бiр мамандық (мамандықтар) бойынша қызметтің түрi (түрлерi) көрсетiлген, осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес қосымша берiледi."; 11-тармақтың 1) тармақшасы "белгiленген" деген сөздің алдынан "медициналық, дәрiгерлiк қызметтi жүзеге асыратын объектiлерi көрсетiлген," деген сөздермен толықтырылсын; көрсетiлген Ережеге қосымшадағы "қосымша" деген сөздің алдынан "1-" деген санмен толықтырылсын; осы қаулыға қосымшаға сәйкес көрсетiлген Ережеге 2-қосымшамен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Басқа 5
Медициналық және дәрігерлік қызметті лицензиялау ережесіне 2-қосымша Сериясы_______ N _______                          медициналық және дәрігерлік                   қызметке арналған мемлекеттік  лицензияға                               N ____ ҚОСЫМША __________________________________________________________________           (лицензияттың толық атауы, заңдық мекен-жайы) ____________________________________ мекен-жайы бойынша орналасқан ______________________________________________________ объектiсiне медициналық және дәрігерлік қызметтің мынадай түрлерiне берiлдi: __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ Лицензиар-орган __________________________________________________                         (лицензиялау органының толық атауы) Басшы ________________________________________       _____________      (лицензияны берген орган басшысының Т.А.Ә.)         (қолы) Берiлген уақыты 200__ жылғы "___" ______________ ________________ қаласы Мөр орны