О внесении изменений и дополнений в решение акима Костанайской области от 28 февраля 2000 года № 43 а «Об установлении норматива текущих расходов на одного работника на 2000 год» Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.09.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"2000 жылға арналған бір қызметкерге ағымдағы шығыстардың нормативін белгілеу туралы" Қостанай облысы әкімінің 2000 жылғы 28 ақпандағы № 43 а шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Мемлекеттік қызметкерлердің еңбек ақысының 2000 жылғы 1 қаңтардан өзгеруіне байланысты ШЕШТІМ:
Тармақ 1
әкімнің 2000 жылғы 28 ақпандағы № 43 а шешіміне мынадай өзгертулер енгізілсін:
Тармақша а
а) 2 қосымшасында: - "Жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті жарналар" деген жол алынып тасталсын; - "Жұмыс берушілердің жарналары" деген жол қосылсын;
Тармақша б
б) 3 қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын (қосымша);
Тармақша в
в) мынадай тармақпен толықтырылсын: "Бюджеттің кіріс бөлімі орындалып және несиелік берешегі болмаған кезде қалалар мен аудандардың әкімдеріне бір қызметкерге арналған ағымдагы шығыстардың нормативін 10 пайызға арттыруға рұқсат берілсін".
Басқа 5. 2000 жылға арналған жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың бір қызметкеріне арналған ағымдағы шығыстардың нормативі
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 172 шешіміне қосымша 2000 жылға арналған жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың бір қызметкеріне арналған ағымдағы шығыстардың нормативі Жылында мемлекеттік органдардың бір қызметкеріне арналған шығыстардың нормативі (мың теңге) облыстық аудандық қалалық селолық, поселкелік І топ 1020 400 430 180 ІІ тобы 330 190 190 х