О внесении изменений и дополнения в приказ Министра государственных доходов Республики Казахстан от 28 октября 2001 года N 1466 "Об утверждении форм уведомлений органов налоговой службы по исполнению налогового обязательства", зарегистрированный за N 1696 Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
N 1696 тіркелген, "Салықтық міндеттемелерді орындау жөніндегі салық қызмет органдары хабардар етулерінің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 28 қазандағы N 1466 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 31-бабына сәйкес бұйырамын:
Тармақ 1
1. "Салықтық міндеттемелерді орындау жөніндегі салық қызмет органдары хабардар етулерінің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 28 қазандағы N 1466 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2001 жылы 13 желтоқсанда N 1696 тіркелген, 2002 жылы наурызда N 11 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: аталған бұйрықтың 1-тармағының 3) тармақшасы алып тасталсын; аталған бұйрықтың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген салық органы есептеген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы туралы хабардар ету нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; аталған бұйрықтың 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген салық берешегін мәжбүрлі өндіріп алуға қабылданатын шаралар туралы хабардар ету нысанында: 5) тармақшада көрсетілген "қосымша эмиссиясын" деген сөздер "жарияланған" деген сөздермен ауыстырылсын; аталған бұйрықтың 1-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген дебиторлардың банктік шоттарындағы ақшаны өндіріп алудың айналымы туралы хабардар ету нысанында: "Хабардар етуді алды" жолында "аты-жөні" деген сөздердің алдында "дебитордың атауы," деген сөздермен толықтырылсын; "Хабардар ету салық төлеушіге жіберілді" жолындағы "салық төлеушіге" деген сөз "салық төлеушінің дебиторына" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Салық органы есептеген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы туралы ХАБАРДАР ЕТУ
"Салықтық міндеттемелерді орындау жөніндегі салық қызмет органдары хабардар етулерінің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 28 қазандағы N 1466 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2004 жылғы 16 маусымдағы N 300 бұйрығына қосымша "Салықтық міндеттемелерді орындау жөніндегі салық қызмет органдары хабардар етулерінің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 28 қазандағы N 1466 бұйрығымен бекітілген Салық органы есептеген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы туралы ХАБАРДАР ЕТУ 200__ жыл "____" __________ N ______ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 30, 31-баптарына сәйкес __________________________________________________________ бойынша (облыс, қала, аудан) Салық комитеті Сізді _____________________________________________ __________________________________________________________________ (салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты немесе толық атауы, СТН-і) ______________________________________________________________үшін (салық кезеңі) 200 __ жылдың "____" ____________ мерзімге дейін __________________________________________________________ бойынша (облыс, қала, аудан) Салық комитетіне ___________________________________________ СТН-і (салық органының) _____________________________________________ N_____________ шотқа (Қазынашылық басқармасы, БИК) бюджетке мынадай салық және басқа да міндетті төлемдерді төлеу қажеттілігі туралы хабардар етеді: теңге __________________________________________________________________ Салық және |Бюджеттік|Ағымдағы|Өткен жыл.|Өсімақылар|Төленуге бюджетке | жіктеме |жыл үшін|дардың бе.| | барлығы төленетін | коды | салық |ресі (-) | | басқа да | | сомасы |артық | | міндетті | | |төлеу (+) | | төлемдердің| | | | | түрлері | | | | | __________________________________________________________________ Көрсетілген сома мерзімінде төленбеген жағдайда, Салық кодексінің 46-бабында белгіленген мөлшерде өсімақы есептеледі. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген сомасы осы хабардар етуде көрсетілген мерзімде төленбеген жағдайда, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы мәселе қаралады. Салық кодексінің 566-бабына сәйкес салық төлеушінің салық қызметі органдарының лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған салық қызметі органына немесе сотқа шағымдануына құқығы бар. Салық комитетінің төрағасы _______________________________________ (аты-жөні, қолы, мөрі) Хабардар етуді алды ______________________________________________ (салық төлеушінің аты-жөні, қолы, күні) Хабардар ету салық төлеушіге тапсырылды __________________________ __________________________________________________________________ (салық органы лауазымды тұлғасының аты-жөні, қолы, күні) Хабардар ету салық төлеушіге жіберілді ___________________________ __________________________________________________________________ (жіберу және алу фактісі туралы растаушы құжат)