О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 февраля 2001 года N 290 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.07.2023 № 602 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Кейбір акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік
кәсіпорындардың (ұлттық компаниялардың) қызметін тиімді басқару мен
бақылауды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290 қаулысына (Қазақстан
Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 8, 85-құжат) мынадай өзгерістер мен
толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
10-тармақта:
"Нәлібаев Әбдіхалық Зәкірұлы - Қазақстан Республикасының Көлік және
коммуникациялар бірінші вице-министрі, төраға;" деген жол мынадай
редакцияда жазылсын:
"Нәлібаев Әбдіхалық Зәкірұлы - Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары, төраға;";
"Оразалинов Дулат Сұлтанұлы - Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Кеңсесі Өндірістік сала және инфрақұрылым бөлімінің
консультанты;" деген жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Есенғараев Асқар Батылханұлы - Қазақстан Республикасының Көлік және
коммуникациялар министрлігі Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі
комитетінің төрағасы.".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.