О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 февраля 2001 года N 290 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.07.2023 № 602 (қол қойылған
күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Кейбiр акционерлiк қоғамдар мен республикалық мемлекеттiк
кәсiпорындардың (ұлттық компаниялардың) қызметiн тиiмдi басқару мен
бақылауды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290 қаулысына (Қазақстан
Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 8, 85-құжат) мынадай өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзiлсiн:
1-тармақта:
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"9) қоғамның директорлар кеңесi төрағасының (уәкiлеттi органның - РМК
үшiн) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және
жекешелендiру комитетiне Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi
бекiткен нысандар бойынша ұйымның қаржы-шаруашылық қызметi туралы ұйым,
оның еншiлес және/немесе тәуелдi акционерлiк қоғамдары бөлiгiнде - жеке,
сондай-ақ өспелi қорытындысымен - бiрiктiрiлген ақпаратты мынадай
мерзiмдерде ұсынуын:
1-тоқсанның, жарты жылдықтың және 9 айдың қорытындылары бойынша -
есептi кезеңнен кейiнгi екiншi айдың 1-күнiнен кешiктiрмей;
жылдықты - есептi кезеңнен кейiнгi төртiншi айдың 1-күнiнен
кешiктiрмей;";
мынадай мазмұндағы 10), 11) тармақшалармен толықтырылсын:
"10) ұйымның бiрiншi басшысының қоғамның директорлар кеңесi
(уәкiлеттi орган алдында - РМК үшiн) алдында еншiлес және/немесе тәуелдi
акционерлiк қоғамдарды, сондай-ақ оған жарғылық капиталға мемлекеттің
салымы ретiнде берiлген активтердi басқару туралы, ұйымның өз қызметiнiң
көрсеткiштерiне еншiлес және/немесе тәуелдi акционерлiк қоғамдардың
қаржы-шаруашылық қызметi нәтижелерiнiң ықпалы туралы жарты жылдық есептер
берудi жүзеге асыруын;
11) ұйымның бiрiншi басшысының қоғамның директорлар кеңесi (уәкiлеттi
орган алдында - РМК үшiн) алдында ұйымның жыл сайынғы және орта мерзiмдiк
даму жоспарларының iске асырылуы туралы жыл сайын есеп берудi жүзеге
асыруын қамтамасыз ететiн көрсетiлген ұйымдардың жарғыларына
өзгерiстер мен/немесе толықтырулардың 2001 жылғы 31 наурызға дейiн
енгiзiлуiн қамтамасыз етсiн.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк
және жекешелендiру комитетi 1-тармақтың 9) тармақшасында көрсетiлген
ақпаратты Қазақстан Республикасының Yкiметiне берудi:
1-тоқсанның, жарты жылдықтың және 9 айдың қорытындылары бойынша -
есептi кезеңнен кейiнгi екiншi айдың 10-күнiнен кешiктiрмей;
жылдықты - есептi кезеңнен кейiнгi төртiншi айдың 15-күнiнен
кешiктiрмей қамтамасыз етсiн.";
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi
уәкiлеттi органдармен бiрлесiп, осы қаулыға 1-қосымшада көрсетiлген
ұйымдардың даму жоспарлары мен бизнес жоспарларының құрылымына және
мазмұнына бiрыңғай талаптарды әзiрлесiн әрi заңнамада белгiленген тәртiппен
бекiтсiн.".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.