О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 марта 2001 года N 394 и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 марта 2001 года N 394 и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 наурыздағы N 394 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 781
- Қабылданған күні
- 28.08.2008
- Көрсетілген редакция
- 31.12.2015 AI41339_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P080000781_
- ЭКБ идентификаторы
- 41339
- Редакция идентификаторы
- AI41339_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:55
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 наурыздағы N 394 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. "Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау, жаңарту, орнын ауыстыру және пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 наурыздағы N 394 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 12, 129-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау, жаңарту, орнын ауыстыру және пайдалану ережесінде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Мемлекеттік астық ресурстарына астықты мемлекеттік сатып алу, сондай-ақ мемлекеттік астық ресурстарын сақтау және орнын ауыстыру жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды агент Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына, "Астық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңына, осы Ережеге, уәкілетті органмен жасалған шартқа сәйкес жүзеге асырады.
Агент ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге ақша қаражатын астықты жеткізгеннен кейін немесе олар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ресімделген міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді бергеннен кейін аударады.";
10-тармақта:
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"мемлекеттік жемдік астық ресурстарын сатудан түскен, берілген міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі талап ету құқықтарын іске асырудан, сондай-ақ мемлекеттік жемдік астық ресурстарын пайдаланудан түскен уақытша бос ақшаны депозиттерге және мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастырудан алынған қаражатқа астық сатып алу.";
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Мемлекеттік жемдік астық ресурстары техникалық регламенттер мен стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына жауап беретін жемдік астықтан құралуы тиіс.";
12-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жемдік несие Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ресімделген міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуі тапсырылған кезде беріледі.";
13-тармақта:
бірінші абзацтағы "комиссияға" деген сөз "агентке" деген сөзбен ауыстырылсын;
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуін беру дайындығын растайтын құжат";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Мемлекеттік жемдік астық ресурстарын сату уәкілетті органмен келісім бойынша алдын ала төлеу шартымен не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ресімделген міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуі тапсырылған кезде жүзеге асырылады.";
17-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"мемлекеттік тұқым ресурстарын сатудан түскен және мемлекеттік тұқым ресурстарын пайдаланудан түскен уақытша бос ақшаны депозиттерге және мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастырудан алынған қаражатқа аттестаттаудан өткен өндірушілерден тұқым сатып алу;";
20-тармақта:
бірінші абзацтағы "агентпен келісілген нысан бойынша Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рәсімделген кепілдігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ресімделген міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуі" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы:
"комиссияға" деген сөз "агентке" деген сөзбен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінің кепілдік беруге дайындығы туралы ниет-хатын" деген сөздер "міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді беру дайындығын растайтын құжатты" деген сөздермен ауыстырылсын;
22-тармақтағы "агентпен келісілген нысан бойынша Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінің кепілдігі болған кезде" деген сөздер "Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ресімделген міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуін беру кезінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік сатылатын астық ресурстарын қалыптастыруды және жаңартуды уәкілетті орган агент арқылы мемлекеттік астық ресурстарының басқа түрлерінен астық ауыстыру не республикалық бюджет қаражаты есебінен астық сатып алу жолымен жүзеге асырады. Бұл ретте көрсетілген қаражат мемлекеттік сатылатын астық ресурстарын пайдаланудан түскен ақша есебінен республикалық бюджетке қайтарылуы тиіс.
Мемлекеттік сатылатын астық ресурстары техникалық регламенттер мен стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына жауап беретін азық-түліктік астықтан құралады";
35-тармақтың екінші, үшінші және төртінші абзацтары алынып тасталсын.
2 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 28 тамыздағы
N 781 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі