О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 28 октября 2001 года N 421 "Об утверждении Правил принудительной ликвидации банков в Республике Казахстан" Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасында банктердi ерiксiз тарату ережесiн бекiту туралы" 2001 жылғы 28 қазандағы N 421 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы
Банктердi мәжбүрлеп тарату тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасында банктердi ерiксiз тарату ережесiн бекiту туралы" 2001 жылғы 28 қазандағы N 421 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде N 1765 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 5 басылымдарында 2002 жылғы 25 ақпанда - 10 наурызда жарияланған, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде N 2712 тiркелген, Агенттiк Басқармасының 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 7 қаулысымен енгiзiлген өзгерiстермен және толықтырулармен) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында банктердi ерiксiз тарату ережесiнде:
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) уақытша әкiмшiлiк (уақытша әкiмшiлiк басқарушысы) - банк мүлкiнiң сақталуын қамтамасыз ету және банктi басқаруды қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру үшiн банк операцияларын жүргiзуге лицензияларды қайтарып алу туралы шешiм қабылданған күннен бастап және уәкiлеттi орган тарату комиссиясын тағайындағанға дейiн кезеңге уәкiлеттi орган тағайындайтын орган (тұлға);";
20-тармақтың екiншi абзацындағы "Ұлттық Банктiң" деген сөздер "уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
82-тармақта:
"Ұлттық Банк" деген сөздер "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
"тарату комиссиясын құрған сотқа" деген сөздер "банктi мәжбүрлеп тарату туралы шешiмдi қабылдаған сотқа" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енедi.
Тармақ 3
3. Қаржылық ұйымдарды тарату департаментi (Бадырленова Ж.Р.):
Тармақша 1
1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
Тармақша 2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне және мәжбүрлеп таратылатын банктердiң тарату комиссияларына жiберсiн.
Тармақ 4
4. Халықаралық қатынастар және жұртшылық байланыс бөлiмi (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттiк Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсiн.