О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 28 сентября 2001 года N 691 Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 28 қыркүйектегі N 691 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
"Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 5 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қаулы етемін:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының мәселелері" атты Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 28 қыркүйектегі N 691 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 32, 421-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Тоқаев - Қазақстан Республикасының
Қасымжомарт Кемелұлы Мемлекеттік хатшысы -
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі, төраға,
Мұхаметжанов - Қазақстан Республикасы
Бауыржан Әлімұлы Премьер-Министрінің орынбасары,
төрағаның орынбасары,
Беркімбаева - Қазақстан Республикасының
Шәмша Көпбайқызы Білім және ғылым министрі,
Бурлаков - Қазақстан Республикасы
Леонид Николаевич Парламенті Сенатының
Аймақтық даму және жергілікті
өзін-өзі басқару мәселелері
жөніндегі комитетінің
төрағасы (келісім бойынша),
Қанешев - Қазақстан Республикасы
Біржан Бисекенұлы Президентінің Әкімшілігі Ішкі
саясат бөлімінің меңгерушісі;
Терещенко - Қазақстан халықтары Ассамблеясы
Сергей Александрович төрағасының орынбасары;
"Кекілбаев - Қазақстан Республикасының
Әбіш Кекілбайұлы Мемлекеттік хатшысы, төраға"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Кекілбаев - Қазақстан Республикасы
Әбіш Парламенті Сенатының депутаты
(келісім бойынша)";
аталған Комиссия құрамынан Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов, Павел Александрович Атрушкевич, Нұралы Сұлтанұлы Бектұрғанов, Ермұхамет Қабиденұлы Ертісбаева, Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов, Иван Павлович Щеголихин шығарылсын.
Тармақ 2
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.