О внесении изменений и дополнений в решение Акима области от 28 марта 2001 г. № 1015 Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.05.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс Әкімінің 2001 жылғы 28 наурыздағы № 1015 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ШҚО әкімиятының 23.04.2002 № 139 қаулысымен. "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Z933300_ Қазақстан Республикасының Заңына, "Балық шаруашылығы су айдындарында балық аулаудың және теңіз аңын (итбалықты) аулаудың 2001 жылға арналған лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 ақпандағы N 243 P010243_ қаулысына, "Қазақстан Республикасында балық және басқа су жануарларын аулау Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 04 желтоқсандағы N 1480 P961480_ қаулысына сәйкес және облыстың балықшаруашылық су айдындарында қажетті тәртіп орнату, балық шаруашылығының тиімділігін арттыру, балық ресурстарын кешенді де ұтымды пайдалану және балықкәсіпшілік учаскелерін нақтылау мақсатында шешім қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Бұқтырма су қоймасының көл бөлігіндегі балықшаруашылық су айдындары мен балықкәсіпшілік учаскелерін облыстың табиғатпайдаланушыларына бекіту, балық аулау лимиттерін (квоталарын) бөлу жөніндегі тендерді (конкурсті) өткізудің облыс Әкімінің 2001 жылғы 28 наурыздағы N 1015 шешімімен бекітілген Ережелерінің күші жойылсын және қосымшаға (қоса берілуде) сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
Басқа 2. Шығыс Қазақстан облысының балықшаруашылық су айдындары мен кәсіпшілік учаскелерін табиғатпайдаланушыларға бекітіп беру, балықшаруашылық су айдындарында балық және басқа су жануарларын аулаудың лимиттерін (квоталарын) бөлу жөніндегі тендер (конкурс) өткізу ЕРЕЖЕЛЕРІ
Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің 2001 жылғы 3 мамырдағы № 1040 шешіміне қосымша Шығыс Қазақстан облысының балықшаруашылық су айдындары мен кәсіпшілік учаскелерін табиғатпайдаланушыларға бекітіп беру, балықшаруашылық су айдындарында балық және басқа су жануарларын аулаудың лимиттерін (квоталарын) бөлу жөніндегі тендер (конкурс) өткізу ЕРЕЖЕЛЕРІ I. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Тендер (конкурс) өткізудің мақсаты Шығыс Қазақстан облысының балық шаруашылық су айдындарындағы балық ресурстарын игеруге тілек білдіруші табиғатпайдаланушыларға (заңды және жеке тұлғаларға) балықты кәсіпшілік аулау үшін рұқсат алуға тең мүмкіндіктер беру болып табылады.
Тармақ 2. II. Тендер өткізу тәртібі
2. Тендер мына міндеттерді шешу үшін өткізіледі: - табиғат қорғау заңнамасы мен басқа да нормативтік-құқықтық кесімдердің талаптары негізінде балық ресурстарын барынша тиімді игеруге, балық қорларын үдемелі өсіру және балықшаруашылық-мелиоративтік шаралар жөніндегі талаптарды тиімдірек орындауға қабылетті ұйымдар мен жеке тұлғаларды конкурстық іріктеу; - облыстың әкімшілік шекаралары шегіндегі меншік түріне қарамастан барлық табиғатпайдаланушылардың балықшаруашылық айдындарда кәсіпшілік балық аулауға Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен лимиттері мен квоталарын барынша толық игеруі. II. Тендер өткізу тәртібі
Тармақ 1
1. Тендер комиссиясы өз жұмысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы су айдындарында су жануарларын кәсіпшілік пайдалану үшін төлемдердің ставкалары мен спорттық- әуесқойлық (рекреациялық) балық аулау жүргізуге арналған рұқсаттың құнын бекіту туралы " 1998 жылғы 28 шілдедегі N 711 P980711_ қаулысын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында балық және басқа су жануарларын аулау ережесiн бекiту туралы" 1996 жылғы 04 желтоқсандағы N 1480 P961480_ қаулысын, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен балық аулау лимиттері мен квоталарын, өзге де нормативтік-құқықтық актілерді, Комитеттің бұйрықтары мен өкімдерін және тендер (конкурс) өткізудің осы Ережелерін басшылыққа алады.
Тармақ 2
2. Балықкәсіпшілік учаскелерін бекіту және балық аулау лимиттерін (квоталарын) бөлу жөніндегі тендерді өткізу құқығы облыс Әкімінің шешімімен құрылатын тендерлік комиссияға жүктеледі.
Тармақ 3
3. Тендерді (конкурсты) Қазақстан Республикасы Үкіметінің балық және басқа су жануарларын аулауға арналып бекіткен лимиттері мен квоталары бойынша, табиғатпайдаланушылардан тапсырыстар болған жағдайда тендер комиссиясы өткізеді. Шығыс Қазақстан облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармасы тендерді (конкурсты) ұйымдастырушы болып табылады.
Тармақ 4
4. Бұқтырма су қоймасының таулы, таулы-жазықты, көлді-өзенді бөлігі бойынша балықкәсіпшілік учаскелерін бекіту және лимиттерді бөлу табиғатпайдаланушының рейтингтік есебіне сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 5. III. Тендер шарттары
5. Тендер өткізу мерзімдері туралы хабар мүдделі тұлғаларға ол өткізілетінге дейін бір айдан кем емес уақыт бұрын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жеткізіледі. III. Тендер шарттары
Тармақ 1
1. Бұқтырма су қоймасы (көл бөлігі) бойынша балықкәсіпшілік учаскелерін бекіту және лимиттерді бөлу жөніндегі тендер (конкурс) алты лот бойынша жүргізіледі (N 1 қосымша).
Тармақ 2
2. Табиғатпайдаланушының қажетті құжаттарды қосып белгіленген нысан бойынша берген тапсырысы балықшаруашылық учаскелерін бекіту және балық аулауға лимиттер бөлу жөніндегі тендерге қатысу үшін негіздеме болып табылады. Тендерге қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
Тармақша 1
1) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, немесе патент;
Тармақша 2
2) бюджет алдында берешегінің жоқтығы туралы салық инспекциясының анықтамасы;
Тармақша 3
3) қаржылық жағдайы туралы банк анықтамасы (заңды тұлғалар үшін);
Тармақша 4
4) аулау құралдарының, балықкәсіпшілік қостарының, өндірістік орынжайларының санитарлық жағдайы туралы санэпидемстанция анықтамасы;
Тармақша 5
5) тоңазытқыш қондырғыларының, аулау құралдарының (ау, тор), жүзу құралдарының, кәсіпшілік механизмдерінің іс жүзіндегі қолда бары, балықшылар саны туралы анықтама (балыққорғау органдарының өкілдері қол қойған);
Тармақша 6
6) үдемелі өсіру және мелиорация жөніндегі жұмыстарды жүргізуге жұмсалған іс жүзіндегі шығындар туралы балыққорғау органдарының өкілдері қол қойған актілері, анықтама;
Тармақша 7
7) тапсырыс берілген учаскенің ҚазБШЭЗИ Алтай филиалымен келісілген карта-сызбасы;
Тармақша 8
8) табиғатпайдалану жобасы: бизнес-жоспар, табиғатқорғау іс-шаралары, соның ішінде: су айдынының экологиялық жағдайын жақсарту жөніндегі балықшаруашылық-мелиоративтік жұмыстар, гидробионттардың тіршілік жағдайлары және балық қорларын үдемелі өсіру;
Тармақша 9
9) табиғат пайдаланушының рейтингтік коэффициенті;
Тармақша 10
10) бұрынғы жылдың келісім шарттарының орындалуы туралы орман және биоресурстар жөніндегі басқарманың қорытындысы;
Тармақша 11. IV. Тендерлік комиссияның шешімі
11) тең рейтингтік коэффициент кезінде учаскені бекіту мен лимитті бөлудегі артықшылық жергілікті тұрғындар - кәсіби балықшыларға беріледі. IV. Тендерлік комиссияның шешімі
Тармақ 1
1. Тендер комиссиясының шешімі комиссияның мүшелерінің үштен екісінен кем емесі қатысқан жағдайда жай ғана көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең түскен жағдайда тендер комиссиясының төрағасына шешуші дауыс құқығы беріледі. қабылданған шешім хаттамамен ресімделеді.
Тармақ 2
2. Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің шешімі негізінде тендер комиссиясының ұсынымдық шешіміне сәйкес арнайы уәкілетті орган балық аулауға бөлінген лимит (квота) үшін ақы төлеу шартымен бөлінген лимитті, ол үшін ақы төленгенін көрсете отырып 1 жылдан (маусымнан) артық емес мерзімге табиғатпайдаланушыға кәсіпшілік балық аулауға рұқсат береді. Бұл ретте рұқсат лимиттің төлем төленген бөлігіне ғана беріледі. Кейін төлемдердің енгізілуіне қарай қалған лимитті (квотаны) игеруге рұқсат беріледі.
Тармақ 3
3. Табиғат пайдаланушылардың Шығыс Қазақстан облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармамен келісім-шарты, оларға берілген рұқсат пен ақы төленгені туралы түбіртек кәсіпшілік жүргізуге негіздеме болып табылады. Шығыс Қазақстан облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқарма бастығы
Басқа 26. Бұқтырма су қоймасы көл бөлігінің айдынындағы 2001 жылға арналған балықтандыру көлемдерін, балықшаруашылық-мелиоративтік жұмыстарды бөлу
Тендер (конкурс) өткізу Ережелеріне қосымша Бұқтырма су қоймасы көл бөлігінің айдынындағы 2001 жылға арналған балықтандыру көлемдерін, балықшаруашылық-мелиоративтік жұмыстарды бөлу Шығыс Қазақстан облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқарма бастығы