О внесении изменений в решение Степногорского городского маслихата от 28 декабря 2001 года № С-16/5 «Об утверждении размеров стоимости разовых талонов и ставок фиксированного суммарного налога для отдельных видов предпринимательской деятельности в г.Степногорске и поселках» Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.05.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Степногорск қалалық мәслихатының 2001 жылғы 28 желтоқсандағы № С-16/5 «Степногорск қаласы мен кенттердегі шағын кәсіпкерлік қызметтің кейбір түрлеріне бір жолғы талон мен тіркелген жиынтық салық мөлшерлемесінің құн көлемін бекіту туралы» шешіміне өзгертулер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) кодексінің 369 бабының 2 тармағы, 372, 373, 391-397 баптарына сәйкес Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ақмола облысының Әділет басқармасында 2002 жылғы 15 наурызда № 1006 тіркелген Степногорск қалалық мәслихатының 2001 жылғы 28 желтоқсандағы № С-16/5 «Степногорск қаласы мен кенттердегі шағын кәсіпкерлік қызметтің кейбір түрлеріне бір жолғы талон мен тіркелген жиынтық салық мөлшерлемесінің құн көлемін бекіту туралы» шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы (қалалық мәслихаттың 2002 жылғы 09 шілдедегі № С-20/6 шешімімен, 2004 жылғы 08 сәуірдегі № 15 «Подшипник плюс» газетінде жарияланған 2004 жылғы 16 наурыздағы № С- 5/3 шешімімен, 2005 жылғы 05 мамырдағы № 18 «Престиж» газетінде жарияланған 2005 жылғы 05 сәуірдегі № ЗС-15/16 шешімдерімен өзгертулер мен толықтырулар енгізілген) шешіміне келесі өзгертулер енгізілсін: Степногорск қалалық мәслихатының 2001 жылғы 28 желтоқсандағы № С-16/5 шешімінің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім Степногорск қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.
Басқа 3
Степногорск қалалық мәслихатының 2006 жылғы 3 мамырдағы № ЗС-29/3 «Степногорск қалалық мәслихатының 2001 жылғы 28 желтоқсандағы № С-16/15 «Степногорск қаласы мен кенттердегі шағын кәсіпкерлік қызметтің кейбір түрлеріне бір жолғы талон мен тіркелген жиынтық салық мөлшерлемесінің құн көлемін бекіту туралы» шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» шешіміне қосымша Степногорск қалалық мәслихатының «2001 жылғы 28 желтоқсандағы № С-16/5 «Степногорск қаласы мен кенттердегі шағын кәсіпкерлік қызметтің кейбір түрлеріне бір жолғы талон мен тіркелген жиынтық салық мөлшерлемесінің құн көлемін бекіту туралы» Әділет министрлігінде 2001 жылғы 30 қарашада № 1685 тіркелген ҚР МКМ-нің 2001 жылғы 30 қарашадағы № 1469 бұйрығына сәйкес Базарда сауда-саттық жасаудың бір жолғы талонының құны (базар аумағындағы жалға алу келісім-шарты бойынша тұрақты жабық орындарда сауда жасаудан басқа) № Қызмет түріне байланысты жұмыстармен қызметтердің, тауардың, сауда-саттықтың атауы Бір сауда орны үшін бір күнге арналған бір жолғы талонның құны (теңгемен) Степногорск қаласы үшін 1 Азық-түлік тауарлары 100 2 Сүт және сүт өнімдері 50 3 Ет 200 4 Өнеркәсіп тауарлары 110 5 Көкөністер, жеміс-жидектер 150 6 Шекілдеуік (бөлшек сауда бойынша) 25 7 Бұрын тұтынылған тауарлар (өнеркәсіп 20 Бестөбе, Шаңтөбе, Заводской кенттері үшін 1 Азық-түлік тауарлары 68 2 Сүт және сүт өнімдері 40 3 Ет 72 4 Өнеркәсіп өнімдері 60 Ескерту: Бұрын тұтынылған тауарлармен бірге жаңа тауарлар сатылса, талонның құны өнеркәсіп тауары талонының құнымен бірдей-110 теңге болады.