О внесении изменений в решение Степногорского городского маслихата от 28 декабря 2001 года № С-16/5 «Об утверждении размеров стоимости разовых талонов и ставок фиксированного суммарного налога для отдельных видов предпринимательской деятельности в г.Степногорске и поселках» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Степногорск қалалық мәслихатының 2001 жылғы 28 желтоқсандағы № С-16/5 «Степногорск қаласы мен кенттердегі шағын кәсіпкерлік қызметтің кейбір түрлеріне бір жолғы талон мен тіркелген жиынтық салық мөлшерлемесінің құн көлемін бекіту туралы» шешіміне өзгертулер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) кодексінің 369 бабының 2 тармағы, 372, 373, 391-397 баптарына сәйкес Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ақмола облысының Әділет басқармасында 2002 жылғы 15 наурызда № 1006 тіркелген Степногорск қалалық мәслихатының 2001 жылғы 28 желтоқсандағы № С-16/5 «Степногорск қаласы мен кенттердегі шағын кәсіпкерлік қызметтің кейбір түрлеріне бір жолғы талон мен тіркелген жиынтық салық мөлшерлемесінің құн көлемін бекіту туралы» шешіміне озгертулер мен толықтырулар енгізу туралы (қалалық мәслихаттың 2002 жылғы 09 шілдедегі № С-20/6 шешімімен, 2004 жылғы 08 сәуірдегі № 15 «Подшипник плюс» газетінде жарияланған 2004 жылғы 16 наурыздағы № С-5/3 шешімімен, 2005 жылғы 05 мамырдағы № 18 «Престиж» газетінде жарияланған 2005 жылғы 05 сәуірдегі № ЗС-15/16 шешімімен, 2006 жылғы 17 мамырдағы № 6 «Вечерний Степногорск» газетінде жарияланған 2006 жылғы 3 мамырдағы № 3С-29/3 шешімдерімен өзгертулер мен толықтырулар енгізілген) шешіміне келесі өзгертулер енгізілсін: Степногорск қалалық мәслихатының 2001 жылғы 28 желтоқсандағы № С-16/5 шешімінің 2 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім Степногорск қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.
Басқа 3
Степногорск қалалық мәслихатының 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № ЗС-34/4 «Степногорск қалалық мәслихатының 2001 жылғы 28 желтоқсандағы № С-16/15 «Степногорск қаласы мен кенттердегі шағын кәсіпкерлік қызметтің кейбір түрлеріне бір жолғы талон мен тіркелген жиынтық салық мөлшерлемесінің құн көлемін бекіту туралы» шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» шешіміне қосымша Степногорск қалалық мәслихатының «2001 жылғы 28 желтоқсандағы № С-16/5 «Степногорск қаласы мен кенттердегі шағын кәсіпкерлік қызметтің кейбір түрлеріне бір жолғы талон мен тіркелген жиынтық салық мөлшерлемесінің құн көлемін бекіту туралы» шешіміне 2 қосымша (1999 жылғы 21 мамырдағы 535 нұсқаудың 13 қосымша нысаны бойынша Әділет министрлігінде 2001 жылғы 30 қарашада № 1685 тіркелген Бір жолғы талондарды беру Ережесінің 2 тармағына сәйкес) эпизодты сипаттағы қызмет көрсететін заңды тұлғаларға арналған бір жолғы талондардың құны № Қызмет түрлерінің атауы Бір жолғы талонның бір күндегі құны (теңгемен) 1. Базарда сату іске асырылатын қызметтерді қоспағанда 1) жергілікті басылымдық газеттер 5 2) басқа да баспа басылымдары үшін 20 3) тұқымдар, сонымен қатар көшет материалдары 35 4) бақша дақылдары 80 5) Саяжайларда және үй жанындағы телімдерде өсірілген гүлдер 35 6) Қосалқы шаруашылық, бақша шаруашылығы, саяжай телімдері және бау-бақша өнімдері 20 2. Жер телімдерін өңдеу бойынша жеке трактор иелерінің қызметі 90 3. Тасымалдау бойынша жеке жеңіл және жүк автокөліктері иелерінің қызметі: 1) жолаушыларды 150 2) жүктерді 150