О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 28 сентября 2001 года № 691 "Вопросы Государственной премии мира и прогресса Первого Президента Республики Казахстан" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.08.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 28 қыркүйектегі № 691 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы» 2001 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 28 қыркүйектегі № 691 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 32, 421-құжат; 2002 ж., № 44, 436-құжат; 2003 ж., № 45, 487-құжат; 2004 ж., № 21, 266-құжат; № 51, 671-құжат; 2007 ж., № 24, 268-құжат; 2008 ж., № 42, 465-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) тақырыбы және мәтіні «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің» деген сөздерден кейін «- Елбасының» деген сөзбен толықтырылсын;
Тармақша 2
2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы ережеде: тақырыбы және мәтіні «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің» деген сөздерден кейін «- Елбасының» деген сөзбен толықтырылсын; 6-тармақ «Президенті» деген сөзден кейін «Тәуелсіздік күніне орай» деген сөздермен толықтырылсын; 20-тармақта «және ақпарат» деген сөздер алып тасталсын;
Тармақша 3
3) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру жөніндегі комиссияның дербес құрамында: тақырыбы «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің» деген сөздерден кейін «- Елбасының» деген сөзбен толықтырылсын; мыналар енгізілсін: Телебаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет Ғазиз Тұрысбекұлы вице-министрі, хатшы, Алтынбаев - Қазақстан Республикасы Парламенті Мұхтар Қапашұлы Сенатының депутаты (келісім бойынша), Жанқұлиев - Қазақстан Республикасы «Сырбар» Аманжол Қазбекұлы Сыртқы барлау қызметінің директоры (келісім бойынша), Жұмағұлов - Қазақстан Республикасының Білім және Бақытжан Тұрсынұлы ғылым министрі; мына жол: «Мұсақожаева - Қазақ ұлттық музыка академиясының Айман Қожабекқызы ректоры (келісім бойынша)» мынадай редакцияда жазылсын: «Мұсақожаева - Қазақ ұлттық өнер университетінің Айман Қожабекқызы ректоры (келісім бойынша)»; көрсетілген Комиссияның дербес құрамынан С.А.Дьяченко, Б.А.Майлыбаев, М.М.Тәжин, Ж.Қ.Түймебаев шығарылсын.
Тармақ 2
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.