О внесении изменений в постановление акимата города Уральска от 28 мая 2001 года № 7 «Об определении мест продажи периодических печатных изданий, публикующих материалы эротического характера» (рег. № 918 от 27.06.2001 года) Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.08.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Эротикалық ақпараттарды жариялайтын баспасөз басылымдарын сатуға арналған орындарды белгілеу туралы «Орал қаласы әкімдігінің 2001 жылғы 28 мамырдағы № 7 қаулысына (2001 жылғы 27 маусымдағы тіркеу № 918) өзгертулер енгізу туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабын басшылыққа алып, "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабындағы 2-тармаққа сәйкес қала әкімдігі Қаулы Етеді:
Тармақ 1
1. "Эротикалық ақпараттарды жариялайтын баспасөз басылымдарын сатуға арналған орындарды белгілеу туралы" Орал қаласы әкімдігінің 2001 жылғы 28 мамырдағы N 7 қаулысына (2001 жылғы 27 маусымдағы тіркеу N 918) "Эротикалық ақпараттарды жариялайтын баспасөз басылымдарын сатуға арналған орындарды белгілеу туралы" "Орал қаласы әкімдігінің 2001 жылғы 28 мамырдағы 7 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Орал қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 3 шілдедегі N 548 қаулысымен (2003 жылғы 24 шілдедегі тіркеу N 2245; "Пульс города" газетінің 31 шілдедегі N 15 және "Жайық үні" газетінің 14 тамыздағы N 35 сандарына жарияланған) енгізілген өзгерістерді ескеріп, келесі өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) N 3 "Эротикалық ақпараттарды жариялайтын баспасөз басылымдарының бөлшек саудасы жөніндегі Ереженің" N 3 қосымшасындағы 2-тармақтың 5-тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын: "көрмеге қойылған эротикалық өнім мөлдір орамда болуға тиіс"
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасарлары С.Н. Церковников пен Е. И. Тарасенкоға жүктелсін.